Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Еңбек қорғау және тірішілік қауіпсіздігі бөлімі

Автор:   •  Март 18, 2019  •  Реферат  •  2,473 Слов (10 Страниц)  •  1,127 Просмотры

Страница 1 из 10

5. Еңбек қорғау және тірішілік қауіпсіздігі бөлімі

Құрылыстағы еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі.

Құрылыс нормалары мен ережелері Қазақстан Республикасы Заңдары мен нормативтік актілерін, сонымен қатар республика аумағында күші бар нормативті-техникалық құжаттарды, еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасы ережелері мен нұсқауларын ескере отырып, Одақтық ҚР ҚНжЕ 1.03-05-2001-нің негізінде жасалған. Соңғы редакциясында ҚР Еңбек мәселелері мен денсаулық сақтау істері жөніндегі Уәкілетті органының, Мемқалатехқадағалау, Транспорт және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы ІІМ және құрылыс материалдары өнеркәсібі жұмыскерлері кәсіподағы Орталық органының барлық ескертпелері мен ұсыныстары ескерілген.

        Осы нормалар мен ережелерді жаңа құрылысты салғанда, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды, ғимараттарды және имaраттарды  қайта құрылымдағанда, кеңейткенде және техникалық жағынан қайта жарақтандырғанда құрылыстық-жинақтау жұмыстарды жүргізу процесінде сақтау, сондай-ақ, жұмыстарды жобалау кезеңінде ескеру керек.

        Жұмысты жүргізудің қауіпсіздік талаптары осы нормалар мен ережелер бойынша қарастырылмаған жағдайларда,сәйкесті мемлекеттік стандарттар талаптарын, сондай-ақ, белгілі тәртіппен бекітілген және енгізілген басқа күші бар нормативті құжаттарды сақтау керек.

Объектілер құрылысын жүзеге асырып жатқан ұйымдар немесе кәсіпорындар басшылары, жекеменшік және шаруашылық түрлеріне қарамай, осы нормалар мен ережелер талаптарын, үлгілік жағдайлар негізінде анықталған, кәсіподақ органы келісімі бойынша өздері бекіткен олардың қызметтік міндеттерін осы ұйымдар қызметкерлерінің және жұмысқа тартылған басқа адамдардың орындауын қамтамасыз етуге міндетті.

        Машиналарды, электр және пневмоқұрал-сайманын технологиялық жабдықтандыруды іске пайдаланғанда қауіпсіздік талаптарын сақтауға жауапкершілік:

        машиналар, құрал-сайман, технологиялық жабдықтандырудың техникалық күйі үшін қорғау жабдықтарын қосқанда-ұйымға (тұлғаға) оның балансында (меншігінде) олар тұрса, ал оларды уақытша пайдалануға (жалға) беріп жіберсе-шартпен анықталған ұйымға (тұлғаға);

        жұмысты қауіпсіз жүргізудің талаптарын орындау үшін штатында жұмысшылар тұратын немесе олармен жұмысқа тартылғандары бар жұмысты орындаушы ұйымға;

        осы нормаларда баяндалған еңбекті қорғау талаптарын орындауды бақылау-ұйым және кәсіпорын әкімшілігіне жүктеледі.

        Жұмыс істеп тұрған кәсіпорын (ұйым) және тұрғын ықшамаудан аумағында құрылыс-жинақтау жұмыстарын бастау алдында, тапсырыс беруші, бас мердігер жәрдемші мердігерлердің қатысуымен және осы объектілерді пайдаланатын ұйым өкілі, 2-қосымшадағы пішін бойынша акт-рұқсат жасауға міндетті. Акт-рұқсатпен қарастырылған шараларды сақтауға жауапкершілікті құрылыс-жинақтау ұйымдары мен жұмыс істеп тұрған кәсіпорын басшылары алады.

        Құрылыс салынып жатқан алаңшалар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау істері жөніндегі Уәкілетті органының санэпид-қадағалауы аумақтық органдарымен келісілуге тиіс.

        Өндірістік қауіп бар немесе оның пайда болуы мүмкін жерлерде жұмыс бастау алдында  (орындалатын жұмыс сипатынан тысқары), жұмыстардың жауапты орындаушысына аса қауіпті жұмыстарды жүргізуге наряд-рұқсат берілуі қажет.

        Тиісті көлемдегі жұмысты орындауға белгілі бір мерзімге наряд-рұқсат қағазы беріледі. Жұмысты жүргізу шарттары өзгерген жағдайда наряд-рұқсат жойылады да, жұмысты қайта бастау тек қана жаңа наряд-рұқсат берілгеннен кейін рұқсат етіледі.

        Жұмыс жүргізуге наряд-рұқсат берген адам, жауапты жетекшісінің қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етуге арналған шаралар жұмысын орындауын бақылап отыруы тиіс.

...

Скачать:   txt (27.9 Kb)   pdf (504.5 Kb)   docx (213.1 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club