Бөлу логистикасы жүйесіндегі қорларды басқару
Автор: Nazerke • Ноябрь 21, 2021 • Курсовая работа • 6,289 Слов (26 Страниц) • 553 Просмотры
Қaзaқcтaн Pecпyбликacының Бiлiм жәнe ғылым миниcтpлiгi
Д. Cepiкбaeв aтындaғы Шығыc Қaзaқcтaн тeхникaлық yнивepcитeтi
Мaшинaжacaу мeктeбi
КУРCТЫҚ ЖҰМЫC
Тaқырыбы: Бөлу логистикасы жүйесіндегі қорларды басқару
Oрындaғaн: 18-ТЛК-1 тoбының cтyденті Зиядабек Н. Д
Текcерген: машинажасау мектебінің aғa oқытyшыcы Aбeджaнoвa A.C
Өcкемен, 2021 жыл
Aннoтaция
Кypстық жұмыс тарату логистикасы жүйесіндегі қорларды басқару тypaлы жaзылғaн. Тaқыpып «Бөлу логистикасы жүйесіндегі қорларды басқару». Жұмыстa тарату логистикасының ұғымы, міндеттері және қорларды жоспарлау мен басқару туралы қарастырып, жаздым. Бұл курстық жұмыс 32 беттен, 2 кестеден, 3 сyреттен, (1 есеп график?) және 3 негізгі бөлімнен тұрады.
Мaзмұны
Кipiспe_______________________________________________________________4
1. Тарату логистикасының теориялық негіздері_____________________________5
1.1 Тарату логистикасы ұғымы___________________________________________5
1.2 Тарату логистикасының функциялары мен міндеттері____________________7
2. Қорларды жоспарлау және басқару_____________________________________8
2.1 Тауар-материалдық қорлар ұғымы мен түрлері__________________________8
2.2 Логистикалық жүйелердегі материалдық қорлардың орны________________12
2.3 Қорларды басқару жүйелері__________________________________________14
3. Көлік-қойма жүйесінің жай күйін есептеу кестесі20
Қopытынды__________________________________________________________30
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмi________________________________________31
Қoсымшaлap_________________________________________________________32
Кipiспe
Қазіргі нарықтық жағдайлар кезінде, қорларды басқаруда логистикалық тұжырымдамаларды пайдалану фирмалар үшін, ол тұрақты бәсекеге қабілетті табысқа қол жеткізу көзі ретінде қарастырады. Бұл өндірушілер арасындағы, сондай-ақ делдалдар арасындағы бәсекелестік күрестің күшеюіне байланысты болып келеді. Бұл жағдай дайын өнімнің ғана емес, оны дайындау үшін талап етілетін материалдық ресурстардың да ұлғаюына әкеледі.
Бірде-бір заманауи өндірістік үдеріс өндіріс саласында да, айналыс саласында да шаруашылық жүргізудің тиісті құрылымдары және өндірістік құралдардың жиынтығы болып табылатын әртүрлі қорларсыз жүзеге асырыла алмайтындығы белгілі-ақ.
Процесінің үздіксіздігінің негізгі шарты - бұл өз кезегінде көрсетілген процеске қызмет көрсететін қорлардың болуы.
Бұдан басқа, қорлар кез келген компанияның айналым қаражатының едәуір бөлігі болып табылады, демек капитал салымдарының үлкен үлесін талап етеді, сондықтан қорларды басқарудың тиімді жүйесін құру өте маңызды, бұл таңдалған тақырыптың өзектілігін айқын көрсетеді.
1. Тарату логистикасының теориялық негіздері
1.1. Тарату логистикасы ұғымы
Тарату логистикасының басты мәні қордағы материалдарды физикалық бөлу процестерін оңтайландырудан тұрады. Тарату логистикасының басты мәні қордағы материалдарды физикалық бөлу процестерін оңтайландырудан тұрады. Тарату логистикасы міндеттерінің тізіміне өнімнің қаптамасын, бағыт бағдарын, қоймалар мен делдалдар желісінің бөлу қажеттілігін анықтау кіреді.
Тарату логистикасының негізгі мақсаты қажетті тауарларды қажетті жерге, қажетті уақытта және ең аз шығындармен жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Тарату логистикасы логистиканың функционалдық саласын білдіреді, ол объектінің басқа түрлерінен мақсаттарымен және ерекше функцияларымен ерекшеленеді (кесте №1).
Кесте №1. Тарату логистикасының және логистиканың басқа да функционалдық салаларының салыстырмалы сипаттамасы.
Белгісі | Сатып алу логистикасы | Өндірістік логистика | Тарату логистикасы |
Мақсаттары | Ағындарды оңтайландыру | Ағындарды оңтайландыру | Ағындарды оңтайландыру |
Ағын түрлері | Кіріс ағындары | Ішкі ағындар | Шығыс ағындары |
Басқарудың негізгі субъектілері | Сатып алу бөлімі, жинақтау бөлімі және логистика бөлімі | Өндірістік бөлімдер | Өткізу бөлімі, логистика бөлімі, маркетинг бөлімі |
Қажеттіліктерді қанағаттандыру объектісі | Өндіріс | Өндіріс, тұтынушылар және клиенттер | Тұтынушылар мен клиенттер |
Кесте №1 жалғасы
Белгісі | Сатып алу логистикасы | Өндірістік логистика | Тарату логистикасы |
Болжамды нәтижелер | Өндірісті барынша аз шығындармен толық және уақтылы қамтамасыз ету | Өндірісті барынша аз шығындармен толық және уақтылы қамтамасыз ету | Ең төменгі жалпы шығындар кезінде тұтынушылар мен клиенттерге қызмет көрсетудің жоспарланған деңгейін қолдау |
Белгісіздік дәрежесі | Орташа | Төмен | Жоғары (өзгермелі нарықтық сұранысқа тікелей тәуелді) |
...