Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын жобалаудың жалпы ережелері
Автор: Сулухан Айдархан • Сентябрь 22, 2021 • Реферат • 744 Слов (3 Страниц) • 794 Просмотры
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Агротехнологиялық» институт
«Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары»
жоғары мектебі
5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының 4 курс білім алушыларына арналған
«Тағам өндірісі кәсіпорындарын АЖЖ негіздерімен жобалау» пәнінен
БАӨЖ №1
Тақырыбы:Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын жобалаудың жалпы ережелері.
Орындаған:ТПП-43 топ студенті Айдархан С.Д
Тексерген: Т.Ғ.К. оқытушы Оразов А.Ж
Орал 2021ж
Сұрақтар:
- Жоба терминінің анықтамасы
- Жоба обьекті тапсырмасы
- Жобалық-смета құжаттаманың құрамы
1. Жоба деп - құрылысқа дайындалған ғимарат, құрылым және олардың кешенге толық сипаттайтын техникалық құжаттардың жинағы. Ғимарат құрылысында типтік және жеке жоба коп қолданылады. Оны жобалау кезінде барлық экономикалық және пайдалану талаптары қаралуы керек.
Жоба түрлері:
1.Типтік
2.Жеке жоба
- Типтік жобамен жаппай құрылыс ғимараттары тұрғызылады(тұрғын үйлер,мектептер,бала бақша,емхана).
- Жеке жобаларды күрделі және бірегей ғимараттарды және кешендерді,ерекше маңызы бар ғимараттарды тұрғызғанда пайдаланылады.
Жобаларды ұжымдармен иниституттардың мамандары жасайды (архитектор, инженер - конструктор, инженер - технолог,инженерлік құрылғылар мамандары, құрылыс технологиясымен ұйымдастыру мамандары, экономистер).
2. Жобалау үшін ең алдымен құжат жобалау тапсырмасы болып табылады,оны тапсырыс беруші жобалау ұжымымен бірге құрастырады.Жобалау тапсырмасының ішінде жобаланатын ғимараттың қызметі мен қуаты,құрылыс орны баяндалады,учаскенің геодезиялық жоспары, обьекті құрылысының басталу және аяқталу мерзімдері, пайдаланылатын конструкциямен материалдар,мәліметтер болады..
Осы тапсырма және құрылыс мөлшері мен ережелері негізінде жобалау жоспарын жасайды,ол жерде ғимаарат бөлмелері, олардың ауданы және оларға қойылатын талаптар көлемдік - жобалау, конструктивті және архитектуралық - әсемдік шешімдерінің талаптары болады.
Көлемдік - жобалау шешімдері ғимарат ішінде болатын технологиялық процеске байланысты. Жобаның технологиялық бөлігін технологтар жасайды.
Өндірістік тағайындау кәсіпорындардың, ғимараттардың және биналардың құрылысына жоба келесі бөлімдерден түзеледі :
- жоба төлқұжаты;
- жалпы түсіндірме жазу;
- объектінің бас жоспары және көлік;
- технологиялық шешімдер;
- өндірісті және кәсіпорынды басқару, ұйымдастыру және қызметкерлердің еңбек шарттары;
- сәулеттік-құрылыс шешімдер;
- инженерлік жабдықтау, торлар және жүйелер;
- құрылысты ұйымдастыру (жобалауға тапсырмаға айқын көлемде);
- қоршаған ортаны қорғау;
- азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық шаралары, төтенше жағдайларды ескерту шаралары;
- сметалық құжаттар;
- инвестициялар нәтижелілігі (қажетті жағдайларда) және техника - экономикалық көрсеткіштер (В қосымша);
- негізгі құрылыс материалдардың, бұйымдардың және контрукция-лардың қажеттілік құрама ақпар тізімі.
3. Жобалық-сметалық құжаттама —жобаның мәнін ашатын және оның мақсаттылығы мен жүзеге асырылушылығының негіздемесін қамтитын құжаттар кешені. Мәтіндік және графикалық материалдарға ие және инженерлік коммуникациялар мен күрделі құрылыс объектілерінің техникамен қайта қарулануы және/немесе құрылысты, қайта құруды қамтамасыз ету үшін сәулет, функционалдық-технологиялық, конструктивтік және инженерлік-техникалық шешімдерді анықтайтын құжаттама.
Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу күрделі құрылыстың тапсырыс берушісіне жұмыс өндірісінің мерзімін болжауға және нәтижелерді беруге, сондай-ақ оларды орындауға дейін қажет түзетулерді енгізуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде ол жұмыс өндірісінің процесін оңтайландыруға және олардың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
...