Тамақ энергия көзі ретінде
Автор: gulnur100 • Октябрь 9, 2020 • Лекция • 1,070 Слов (5 Страниц) • 974 Просмотры
«Астана медицина университеті» КеАҚ
Профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасы
Модуль «Нутрициология негіздері»
Тамақтану негіздері Тақырып «Тамақ энергия көзі ретінде».
2.3 Ағзаның энергетикалық шығыны
Тәулік бойы жұмсалатын энергия көлемі үш негізгі қажеттілікке бөлінеді:
- негізгі зат алмасуға шығындалатын энергия көлемі;
- тағамның спецификалық-динамикалық әсері;
- физикалық және ой еңбегіне жұмсалатын энергия көлемі.
Ағзадағы барлық биохимиялық, физиологиялық процестер энергияның шығынымен жүреді. Негізгі зат алмасу көлемі (НЗК) – адамның өмір сүру барысында қажет калорияның минималды көлемі, ол адамның жынысына, бойына, салмағына және дене құрамына, климаттық-географиялық жағдайына байланысты. Негізгі зат алмасу энергиясының көлемі бұлшықет және нерв жүйесінің тынығу кезінде анықталады және тұрақты көлем болғандықтан дене салмағының 1 кг шаққанда еркектерде 1700 ккал, әйелдерде 1500 ккал құрайды. Балаларда 10-15%-ға жоғары, қарт адамдарда керісінше 10%-ға төмен (бұлшықет көлемінің төмендеуіне сәйкес).
Негізгі зат алмасу көлемін анықтау тәсілдерінің бірнеше түрлері бар: арнайы колориметриялық камераларда жүргізілетін тікелей колориметрия, жанама колориметрия, арнайы бақыланатын аппаратура және есептеу арқылы. Есептеу тәсілін Харрис-Бенедикт теңдеуі арқылы жүргізеді:
НЗКерлер =66 + 13,7С + 5Б-6,8Ж
НЗКәйелдер =655 + 9,6С + 1,8Б- 4,5Ж
С-салмағы, Б-бойы, Ж-жасы
НЗК жасына, салмағына байланысты болатындықтан, үш жас диапазоны көрсетілген: 18-30 жас, 30-60 жас және 60 жастан жоғары. Әрбір жас диапазоны шегінде салмағына байланысты НЗК мөлшері есептеліп, 3-кестеде көрсетілген.
3-кесте. Дене салмағын ескере отырып, жасына байланысты үш диапазон шегіндегі ерлер мен әйелдердің негізгі зат алмасу көлемі
НЗК, ккал/тәулігіне | |||||||
Дене салмағы, кг | Ерлер | Дене салмағы, кг | Әйелдер | ||||
18-30 | 30-60 | > 60 | 18-30 | 30-60 | > 60 | ||
- | - | - | - | 40 | 1080 | 1180 | 1020 |
- | - | - | - | 45 | 1160 | 1220 | 1070 |
50 | 1440 | 1460 | 1160 | 50 | 1230 | 1260 | 1120 |
55 | 1520 | 1520 | 1230 | 55 | 1310 | 1310 | 1170 |
60 | 1600 | 1580 | 1300 | 60 | 1380 | 1350 | 1230 |
65 | 1670 | 1630 | 1370 | 65 | 1450 | 1400 | 1280 |
70 | 1750 | 1690 | 1430 | 70 | 1530 | 1440 | 1330 |
75 | 1830 | 1750 | 1500 | 75 | 1600 | 1480 | 1380 |
80 | 1900 | 1810 | 1570 | 80 | 1670 | 1530 | 1440 |
85 | 1980 | 1870 | 1640 | - | - | - | - |
90 | 2060 | 1920 | 1700 | - | - | - | - |
...