Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Мереке» мейрамханасымен жалпы танысу

Автор:   •  Апрель 14, 2018  •  Реферат  •  4,646 Слов (19 Страниц)  •  1,487 Просмотры

Страница 1 из 19

Мазмұны

КІРІСПЕ

1

ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1.«Мереке» мейрамханасымен жалпы танысу

4

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1«Мереке» мейрамханасының инфрақұрылымын талдау

8

2.2 «Мереке» мейрамханасының ас мәзірі

9

2.3 Тағамның технологиялық картасы , схемасы

11

2.4 «Мереке» мейрамханасының негізгі экономикалық көрсеткіштері

13

2.4.1 Жалпы баға саясатының қалыптасу реті

14

2.4.2 «Мереке» мейрамханасындағы жалақы қорын есептеу

15

2.4.3 «Мереке» мейрамханасындағы  1 айлық көрсеткіштер

16

2.5 «Мереке» мейрамханасының менеджменті

17

ҚОРЫТЫНДЫ

21

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

22

ҚОСЫМША

23

                                             Кіріспе

        Халықаралық деңгейде мейрамхана бизнесі - табыстың көзі. Өйткені қызмет көрсету саласы, оның ішінде мейрамхана бизнесі саласы өте жоғары қарқынмен дамып келеді. Ал бұл өз кезегінде қоғамдық тамақтану саласына сұраныстың барлығын дәлелдейді.

Мейрамхана бизнесі экономиканың динамикалық түрде дамып келе жатқан саласы болып табылады. Жергілікті және сырттан келуші халықтың қызығушылықтарын ескергенде, тамақтану – нарық қажеттіліктеріне әсерін тигізуші қонақжайлық индустриясының белгілі бір бөлігі. Сонымен қатар, мейрамхана бизнесі әлеуметтік сфераның да саласы, яғни ол мемлекеттің әлеуметтік саясатының көптеген мәселелерінің шешімі. Мейрамхана – бұл, мейрамхананың сауда залдарындағы келермендерге қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейін ұйымдастырумен, күрделі дайындалатын аспаздық тамақтардың кең ассортиментінің өндірісін ұйымдастыруды ұштастыратын кәсіпорынның ерекше типі.

        Мейрамханалар, әдетте, қалалардың орталық, тіршілікті көшелерінің бойында, қонақ үйлер жанында, темір жолдар мен автовокзалдарда, аэропорттарда, айлақтарда, көпшілік демалатын орындарда және т.б. Орналастырылады.

        Мейрамхана – бұл жеке тапсырыс бойынша тағамдар мен жеңіл тамақтар дайындауды кеңінен қолданатын, сонымен қатар мезіретте қарастырылған фирмалық және ұлттық тағамдарды дайындайтын кәсіпорын. Мейрамханалардағы қызмет көрсету сапасының жоғарғы деңгейде болуы маманданған аспаздар мен даяшылардың қызметіне байланысты. Мейрамхана өз тұтынушыларының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында тағамды өндіреді және ұсынады.

Қоғамдық тамақтандыру мекемелерінің арасында мейрамханалар, кафелер, барлар басты орын алады. Олар сондай-ақ халықтың демалысын ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады. Келушілер барға немесе мейрамханаға бірегей коктейль ішу немесе дәмді тамақтану үшін ғана емес, сонымен қатар іскерлік кездесулер өткізуге, достарымен қызықты кеш өткізуге, жеке өміріне арналған іс-шараны атап өтуге және жұмыс күніаяқталғанда демалып, сергіп қайту үшін қажетті мекеме болып табылады.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны - халық шаруашылығының саласы, ол қызмет көрсетудің ең тартымды саласы болып табылады.

Алға қойылған мақсаттарға жету үшін кәсіпорын өз қызметін, өнімнің сапасына және оның қауіпсіздігіне әсер ететін барлық техникалық, әкімшілік және адам факторларын бақылауда ұстап отыру керек.

Қоғамдық тамақтанудың тиімділігін арттыру бүкіл ұлттық экономикаға ортақ өнім өндіруді күшейту қағидаттарына негізделген - материалдық және еңбек ресурстары аз шығындармен жоғары нәтижеге жету.

Қызмет көрсету мәдениеті - қоғамдық тамақтану қызметкерлерінің қызметін бағалаудың негізгі критерийлерінің бірі болып табылады. Бұл қызметкерлердің жұмысының әртүрлі формалары мен әдістерін, қызмет көрсетудің прогрессивті нысандарын қолдануды («швед» әдісі негізінде қызмет көрсету және т.б.), асхана жұмыскерінен директорға дейін барлық қызметкерлерді оқытудың жоғары деңгейін, қызмет түрлерін жаңартуды қолдай отырып, ескілерінен соңына дейін бас тартпау.

...

Скачать:   txt (67.8 Kb)   pdf (1.1 Mb)   docx (739.5 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club