Бидай
Автор: rahimzhanova13 • Март 4, 2019 • Контрольная работа • 270 Слов (2 Страниц) • 688 Просмотры
Астық тұқымдас масақты дәнді дақылдар- бидай, қарабидай, күріш, қарақұмық, тары, сұлы, арпа, жүгері. Дәнді дақылдар өздерінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне қарай екі түрге бөлінеді, бірінші топтағы және екінші топтағы дәнді дақылдар.Бірінші топқа бидай, қарабидай, арпа және сұлы жатады. Олардың негізгі ерекшеліктері - дәндерінің бауыр жағында тілігі болады, дән тамыршалары 3-8 дана, масақшаның төменгі гүлдері жақсы дамыған. Өсіп-дамуы үшін жылуды аз мөлшерде, ал ылғалды көбірек талап етеді, сабақтарының іші қуыс болып келеді. Олар ұзақ күннің өсімдіктері, сондықтан вегетациясының алғашқы кезеңінде тезірек дамып, арамшөптермен шамалы ластанады. Астықты дәнді-дақылдарды тағамға, мал азығына және тамақ өнеркәсібіне шикізат қоры ретінде пайдаланады.
Бидай мен қара бидайдың ұндық қасиеттерін анықтау бізге сапалы өнімдер алуға кепілдік береді. Ұн мен жарманың жоғары сортын алу үшін ұнның сапасын анықтау үшін пайдаланылатын барлық көрсеткіштерді (табиғи, ылғалдылық, шыны тәрізді және т.б.) біз үнемі пайдаланамыз. Қайта өңдеу өндірісінің технологиясында бұл көрсеткіштер негіз болып табылады деп айтуға болады. Ашыту технологиясында астық технологиясындағыдай сияқты өнімді алу үшін негізгі шикізат астық өнімдері болып табылады. Солардың ішінде бидай мен қара бидай кеңінен қолданысқа ие (бидай спирт технологиясында, ал қара бидайды квас қайнатуда негізгі шикізат болып есептеледі).
Бидай мен қара бидайдың ұндық қасиеттерін анықтау өндірісте кететін экономикалық шығындарды есептеуге мүмкіндік береді
Бұл астықтың технологиялық қасиеттерінің маңызды көрсеткіші.
...