Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Терроризм кылмыстарын криминализациялау және онын кылмыстык заннамадаfы орны

Автор:   •  Июнь 22, 2023  •  Реферат  •  946 Слов (4 Страниц)  •  204 Просмотры

Страница 1 из 4

    ТЕРРОРИЗМ ҚЫЛМЫСТАРЫН КРИМИНАЛИЗАЦИЯЛАУ   ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАДАҒЫ ОРНЫ

Айтпағамбетов Н.С.,Қонысов А.Ж.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті,

Қазақстан,Ақтөбе қаласы

Кіріспе

  Терроризм әлем тарихында алғаш рет б.з.д 340 жыл бұрын көрініс тауып,өзінің алғашқы көрінісінде ақ қоғамның өмірі мен денсаулығына қауіпті қылмыстық құқықтық сипатқа ие болды.Қазіргі біздің қоғамдағы терроризм өзінің әр алуандылығымен және әр түрлілігімен қалыптасып,тек қана мемлекеттің емес сонымен қатар қоғамның және ұлттық қауіпсіздікке,мемлекеттің экономикалық,саяси дамуына қауіп төндіретін қауіпті құбылыс ретінде қалыптасты.«Терроризм» сөзі латынның  terror деген сөзінен шыққан қорқыныш,үрей деген мағынаға ие.

  Еліміз тәуелсіздік алған жылдардың алғашқы кезеңдерінде терроризмге қарсы іс-қимылдың өзіндік  жүйесін қалыптастырып,террористтік қатерлерді азайту жөніндегі тиімді шаралар,Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы шеңберінде жүзеге асырылды.Қылмыстық заңнамада «Терроризм – күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы»[1]  деген анықтамаға ие болып,қылмыстық заңнамаға сәйкес қандай қоғамдық немесе жеке әрекеттер террористтік деп танылатындығы,олардың басқа қылмыс түрлерінен айырмашылығы,аталмыш қылмысты жасағаны үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершілік пен жаза түрлері белгіленді.Көрсетілген критерийлер негізінде қылмыстық-құқықтық нормалар терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесіне тартылған арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары үшін міндеттерді айқындайды.

     Негізгі бөлім

   Қазақстандық заңнамаға алғаш рет «терроризм» ұғымы 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін [2]. қабылдануына байланысты енгізілді.Қылмыстық заңда  «терроризм»  үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген оларға мысал ретінде Терроризм актісі (233-бап), терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама (242-бап)

және мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне қол сұғу (167-бап) жатқызуға болады.Қылмыстық заңда  «терроризм» терминінің пайда болуы қылмыстық саясаттың маңызды нәтижесі ретінде қарастырылуы қажет.

  Сол кезеңдегі Қазақстан Республикасының аумағында террористік қылмыстар тіркелмегенімен, мемлекет көршілес шет елдерде болған терроризм актілерінен өзіндік нәтижелер шығарып отырды.Бұл қылмыстық-құқықтық норма біздің елімізде терроризм актілері жасалған жағдайда қорғаныс механизмінің белгілі бір құралы болды. 2014 жылы 3 Шілдеде Мемлекет басшысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жаңа нұсқасы қабылданып,бұрынғы заңнамалық актіде көзделген терроризмге қарсы қылмыстық-құқықтық іс-қимыл концепциясын сақтап қалды. Жаңа Қылмыстық кодекстің ішінде терроризмге қарсы іс-қимыл жүйесіндегі атап өту қажет мәселелер:

-Террористік қылмыстардың тізімі кеңейтілді (3-бап)

- жалдамалыларды даярлау базаларын (лагерьлерін) құру құрамы криминализацияланды (171-бап)

- бір немесе бірнеше террористік қылмыс жасау мақсатын көздейтін террористік топ ұғымының ұйымдасқан топ ретіндегі заңнамалық анықтамасы енгізілді (3-бап)

- 255-бабы «Терроризм актіс» сипаттамалық мәнге ие болды;

- терроризм актісін жасау мақсаттары кеңейтілді-соғысқа арандату немесе халықаралық қарым-қатынастарды шиеленістіру (255-баптың 4-бөлігі);

- Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу мазмұны мен атауы өзгертілді(269-бап);

...

Скачать:   txt (16.3 Kb)   pdf (115.5 Kb)   docx (11.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club