Қазақ тіліндегі есімше және көсемше категориялары. Көмекші етістік‚ оның аналитикалық форма жасаудағы қызметі туралы
Автор: Alon_ • Декабрь 13, 2023 • Контрольная работа • 5,595 Слов (23 Страниц) • 196 Просмотры
13-дәріс. Қазақ тіліндегі есімше және көсемше категориялары. Көмекші етістік‚ оның аналитикалық форма жасаудағы қызметі туралы
Есімше — түркологияда, оның ішінде қазақ тіл білімінде де ұзақ жылдар сөз болып, талас тудырып жүрген тақырыптардың бірі. Оны Қ.Кемеңгерұлы да оқу қүралдарында арнайы сөз етеді. Қ.Кемеңгерұлы мен ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі зерттеушілер арасында есімшенің өткен шағын (-ған/-ген), ауыспалы осы шағын (осы -келер шақ-Қ.К.) (-атын/-етін), келер шағын (-ар/-ер) тануда алшақтық жоқ:
Н.Ильминский “Материалы к изучению киргизского наречия”, 1860 | М.Терентьев “Грам. турецкая, персидская, киргизская, узбекская”. 1875 | П.Мелиоранский “Краткая грамматика казак-киргизского языка”,1894, 1897 | И.Лаптев “Краткий грамматический очерк казак-киргизского языков” 1900 | Н.Созонтов “Записки грамматике киргизского языка”, 1912 |
жазған | -ған пр.прош.вр. | -ған пр.наст.пр.вр. | -ған пр.наст.пр.вр. | -ған пр.прош.вр. |
жазатұғын | -атұғын пр.наст.вр. | -атұғын долженст. | -атұғын долженст. | -атұғын пр.наст.вр. |
жазар | -ар пр.буд.вр. | -ар пр.буд.вр. | -ар пр.буд.вр. | -ар пр.буд.вр. |
– | – | – | -ушы пр.наст.вр. | – |
– | – | – | -ғаншы пр.наст.вр. | – |
жазбақ | – | – | -мақшы пр.буд.вр. | – |
жазғы | – | – | – | – |
Ал есімшенің осы шақ түрі (-ушы/-уші) И.Лаптев құрастырған грамматика мен Қ.Кемеңгерұлы оқулығында ғана кездеседі, басқа зерттеушілерде бұл көрсеткіш жоқ. Сонымен қатар -атын/-етін көрсеткішін М.Терентьев, Н.Созонтов осы шақ есімше деп, П.Мелиоранский, И.Лаптев долженствовательное причастие деп атаса, бұл қосымшаны Қ.Кемеңгерұлы осы-келер шақ есімше тұлғалары ретінде берген. Ғалым есімшенің бұл түрі көсемшенің -а/-е/-й жұрнақтарының үстіне -тын/-тін, -тұғын қосымшаларының жалғануы арқылы жасалғанымен, үнемі осы шақ мәнінде ғана жүмсала бермей, кейде келер шақ мағынасында да қолданылатынын, шақ мәні контекске байланысты ауысып отыратынын байқаған. Қ.Кемеңгерұлынан кейінгі зерттеушілерде есімшенің бұл түрінің ауыспалы шақтық мәні ескеріліп отырған. М.Терентьев, П.Мелиоранский еңбектерінде -ған/-ген көрсеткіштері «причастие настояще-прошедшего времени» деп аталса, Қ.Кемеңгерұлы бұл есімшенің өткен шақ мәнінде жиі қолданылатынын ескеріп, оны өткен шақ есімше ретінде берген. Кейінгі зерттеу еңбектері мен оқулықтарда есімшенің бұл түрі - өткен шақ есімше ретінде танылып жүр.
А.Байтұрсынұлы мен Қ.Кемеңгерұлының есімшелерді топтастыруында біршама ұқсастық, айырмашылықтар бар:
А.Байтұрсынұлы «Тіл-құрал», 1915 | Қ.Кемеңгерұлы «Оқу құралы», 1928, 1929 |
-ушы осы шақтық есімше | -ушы осы шақтық есімше |
-ған өткен шақтық есімші | -ған өткен шақтық есімше |
-атын ұйғарынды есімше | -атын осы-келер шақ есімше |
– | -ар/-ер келер шақ есімше |
Екі ғалымда да өткен шақ (-ған/-ген)‚ осы шақ (-ушы/-уші) есімшелерді тануда алшақтық жоқ. Есімшенің -атын/-етін, -йтын/-йтін жұрнақты түрін А.Байтұрсынұлы «ұйғарынды есімше» деп атаса, Қ.Кемеңгерұлы есімшені танытуда бірізділік сақтауға тырысқан, яғни есімшенің барлық көрсеткіштерін де шақтық мәнін түсіндіре отырып көрсетпек болған деп ойлаймыз.
...