Қасым Қайсеновтың ерліктері арқылы болашақ әскери педагогтарды елжандылыққа тәрбиелеу
Автор: Toto Kutunyo • Октябрь 29, 2018 • Дипломная работа • 20,153 Слов (81 Страниц) • 1,015 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті
Әкім Қапуролла
Қасым Қайсеновтың ерліктері арқылы болашақ әскери педагогтарды елжандылыққа тәрбиелеу
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010400 – «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы
Түркістан 2017
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті
«Қорғауға жіберілді»
кафедра меңгерушісі
Б. Абусейтов____________
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Қасым Қайсеновтың ерліктері арқылы болашақ әскери педагогтарды елжандылыққа тәрбиелеу
5В010400 – «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша
Орындаған: Ә. Қапуролла
Ғылыми жетекші:
Педагогика және психология
ғылымдарының
PhD докторы А.И. Алтынбеков
Түркістан 2017
ЖОСПАР
КІРІСПЕ..............................................................................................4-7
1 ТАРАУ. ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВТЫҢ ЕРЛІКТЕРІ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ӘСКЕРИ ПЕДАГОГТАРДЫ ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.
- Болашақ әскери педагогтарға елжандылық тәрбие жайында жалпы түсінік беру...............................................................................................8-20
- Қасым Қайсеновтың ерліктері арқылы әскери педагогтарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мәні мен маңызы......................................21-30
- Моральдік құндылықтарға толы Қайсенов шығармаларының әскери педагогтардың елжанды болып қалыптасуындағы рөлі............................31-43
2 ТАРАУ. БОЛАШАҚ ӘСКЕРИ ПЕДАГОГТАРДЫ ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Қасым Қайсенов еңбектеріндегі партизандардың өмірі және жасаған ерен ерліктері.....................................................................................................44-50
2.2 Қайсенов шығармаларында елжандылық асқақ рух пен Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің суреттелуі…………….......................................51-54
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................55-57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................58-60
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақтың елжандылық тәрбиесі тереңнен тамыр тартқан, халқымыздың сан ғасырлық болмысының, дүниетанымдық көзқарасының, ақыл ойы мен салт-санасының көрінісі. Осы құндылықтарды бойға дарытпайынша, өскелең ұрпақты елжандылық тәрбиеге жетелеп, өзінің туған елін, кіндік қаны жамған жерін қорғай білетін және осы мақсат жолында бар күш-жігері мен қайратын жұмсайтын Отаншыл азаматтарды, яғни, нағыз патриоттарды тәрбиелеп шығару мүмкін емес.
Зерттеу жұмысым Ұлы Отан соғысының батыры, Халық қаһарманы, партизан-жазушы, Қасым Қайсеновтің өнегеге толы мол мұрасына жайында болмақ. Қасым Қайсенов - қазақ халқы жастарының тәрбиесіне, олардың өр мінезді, асқақ рухты болып өсіп өркендеуіне өзіндік өшпес өнегесін қалдыра білген дарабоз тұлға. Сондай ақ, қазақ әдебиет саласына да еңбегі сіңген талғамы биік суреткер, көркем туындыларының өзіндік келбетімен танылған бірегей қаламгер. Болмысынан дара туған Қасым Қайсенов 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының басты қаһарманы ғана емес, сол өзі көрген, жадына түйген соғыс шындығын жеткізуші. Осы тұрғыдан алғанда, Қ.Қайсеновтің өмірлік өнегесі өскелең әскери педагогтардың елжандылық рухы мен қайсар мінезін қалыптастыруда патриоттық тәрбиенің басты рухани көзі болып саналады. Аталмыш тұлғаның шығармаларын зерттеудің өзектілігі де осында.
...