Тәулігіне 2 тонна үгілмелі печенье шығаратын кондитерлік цехті жобалау
Автор: Dilnura00 • Март 17, 2022 • Курсовая работа • 4,566 Слов (19 Страниц) • 296 Просмотры
Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылығының Министрлігі[pic 1]
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті
«Агротехнологиялық» институты
«Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебі
5В072800- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы мамандығына арналған
«Нан, кондитер және макарон өнімдерін өңдіру кәсіпорындарын АЖЖ негіздерімен жобалау» пәнінен
«Тәулігіне 2 тонна үгілмелі печенье шығаратын кондитерлік цехті жобалау» тақырыбы бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Орындаған: ТПР-43топ студенті Бекбулатова Д.Т
Тексерген: Оқытушы,магистр Жумагалиева А.С
Орал – 2021
Мазмұны
Кіріспе................................................................................................................. | 3 |
1.Өндірістің технологиялық сызбасын таңдау және оның негізі................. | 4 |
Технологиялық бөлім | |
2.1.Өнім өндірісінің және жартылай фабрикат технологиясы..................... | 5 |
2.2.Шикізатты өндіріске дайындау.................................................................. | 5 |
2.3.Шикізат шығынын есептеу......................................................................... | 7 |
2.4.Қосымша қаптау материалдары мен ыдыстар.......................................... | 15 |
Қоймалық орындар | |
3.1.Қоймалық орындарды орналастыруға қойылатын талаптар................... | 16 |
3.2.Дайын өнім сақтау үшін құрылғыларды есептеу..................................... | 17 |
Қорытынды......................................................................................................... | 19 |
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................... | 20 |
Кіріспе
Тамақ өнеркәсібінде кондитерлік өндірісі маңызды саласы болып табылады. Бұл салада жоғары каллориялы және сіңімділі өнімдер шығарылады. Бұл қасиеттерге жету үшін кондитер өндірісінде қант, жеміс-жидектер, жаңғақтар, какао бұршақтар және т.б. жоғары сапалы шикізаттарды қолдана отырып қол жеткізіледі.
Кондитер өнімдері алуан түрлі болып келеді, нарықта оған деген сұраныс та жоғары. Соның ішінде ұннан жасалған кондитер өнімдері кеңінен таралған. Оларға печенье, зімбір, вафли, крекер өнімдері, және диеталық кондитер өнімдері, яғни, құрамында глютені жоқ күріш, жүгері, арпа бидайынан алынған ұннан дайындалған кондитер өнімдері қазіргі кезде де кең таралып келуде.
Кондитерлік өнімдерге қант мөлшері жоғары тағамдар кіреді. Ұннан жасалған кондитерлік өнімдер жоғары калориялы және сіңімді, жағымды дәмі мен тартымды келбеті бар. Бұл өнімдердің жоғары тағамдық құндылығы көмірсулардың, майлардың және ақуыздардың көп болуына байланысты. Ылғалдылықтың төмен болуына байланысты көптеген өнімдер ұзақ сақтау мерзімі бар құнды тағамдық концентрат болып табылады.
Осы курстық жұмыста ұнды кондитер өнімдерінің бірі үгілмелі печенье өнімінің технологиясы мен 2 тонна өнім шығару цехінің құрылымы, рецептурасы қарастырылады.
Үгілмелі печенье, мысалы, қантты печеньеге қарағанда қамыр құрамында май немесе маргарин майының мөлшері және ұнтақталған қант көп. Май мен қанттан бөлек балауызданған ұнды қосу арқылы қамыр үгілмелі консистенцияны көрсетеді. Осы себептен дайын болған печенье үгілмелі болып шығады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Үгілмелі печеньеөндірісімен танысып, дайындалу технологиясын зерттеп, қолданылатын техникалық аппараттармен танысу. Жоспар бойынша кондитерлік өнімдердің өңдеу бағытын есептеу.
...