Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Түйежапырақ майы негізінде бальзамның құрамы мен технологиясын әзірлеу

Автор:   •  Февраль 8, 2022  •  Курсовая работа  •  8,856 Слов (36 Страниц)  •  345 Просмотры

Страница 1 из 36

Диплом                Аскар Балжан

                                        Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Мындаған жылдар бойы адамзат адамның әртүрлі ауруларымен күресуге дәрілік өсімдіктерді пайдаланды. Өркениетті елдерде дәрілік өсімдіктерді пайдаланудың өте бай тәжірибесі жинақталды. ХХ ғасырда ғылым мен техниканың дамуы нәтижесінде фармакологияда синтетикалық химияның дамуы көптеген ауруларды емдеуге пайдаланылатын жасанды препараттарды өмірге әкелді. Соның нәтижесінде көптеген елдерде сол препараттарды пайдаланудың нәтижесінде дәрілік өсімдіктерге қызығушылық төмендеді. Бірақ та соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерге деген көзқарас өзгеріп,сұранысқа ие болып, оларды кеңінен пайдалана бастады. Олардың әрекетінің кең спектрі биологиялық белсенді компоненттердің құрамымен, сондай-ақ әртүрлі биологиялық белсенді заттардың бір мезгілде болуымен түсіндіріледі. Жұмсақ емдік әсер, төмен уыттылық, жанама әсерлердің ең аз мөлшері және экономикалық қолжетімділік дәрілік өсімдіктердің негізгі артықшылықтары болып табылады.

Дәрілік өсімдіктердің құрамында алколоидтар, гликозидтер, витаминдер,органикалық қышқылдар, ферменттердің болуымен сипатталады. Синтетикалық дәрілік қалыптармен салыстырғанда өсімдік негізінде жасалған дәрілердің адам ағзасына жанама әсері төмен. Қазақстанның өсімдік флорасына бай екенін ескере отырып, дәрілік өсімдіктерді фармацияда пайдалану мемлекет экономикасы мен халық үшін тиімді. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының келтірген болжамдары бойынша алдағы онжылдықта дәрілік қалыптың 60%-дан астам бөлігі ДӨШ-нан алынатын дәрілерге тиесілі болады деп болжануда. Сондықтан еліміздің өсімдіктерінің ерекшеліктерін зерттей отырып, өсімдік шикізатынан жасалынатын дәрілік заттарды шығаратын өнеркәсіптерді қолдау қажет.

      Біздің зерттеуге алып отырған өсімдігім-түйежапырақ өсімдігі. Бұл өсімік Қазақстанда кең таралып, Қызыл кітапқа енбеген. Түйежапырақ өсімдігінің химиялық құрамы өте бай. Түйежапырақ өсімдігінің тамырынан алынатын түйежапырақ майы негізінде балаларда пайда болатын экзема ауруына бальзам жасап шығару. Балалардың 20% -на дейін өмірінің алғашқы жылдарында экзема болады, және бұл балалардың көпшілігінде нәресте кезінде көрінеді.  Мұндай балалар экземасын синтетикалық дәрілік препараттармен емдеген тиімсіз әрі бала ағзасы үшін қауіпті болуы мүмкін. Оның құрамында дәрумендер, ақуыздар, минералды тұздар бар. Бұл микроэлементтер қабынуды азайтады, теріні тыныштандырады және қалпына келтіреді.Сол себепті осындай өсімдік шикізатынан алынатын дәрілік препаратты жасап шығару, халықты осындай препараттармен қамтамасыз ету басты мәселелердің бірі. ҚР фармацевтикалық нарығын отандық  өсімдік шикізатынан алынатын дәрілік препараттармен қамтамасыз ету өзекті мәселе.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Зерттеу жұмысының мақсаты түйежапырақ майы негізінде бальзамның құрамы мен технологиясын әзірлеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Түйежапырақ майы негізінде бальзамның құрамын жасау;

2. Түйежапырақ майы негізінде бальзамның технологиясын құрастыру;

3. Бальзамның сапа көрсеткіштерін стандартизациялау;

Зерттеу нысаны: Түйежапырақ майы негізінде бальзам

Зерттеу әдістері: стандартты фармакопеялық, физика-химилық, аналитикалық, биологиялық.

1 ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ

1.1 Дәрілік түйежапырақ өсімдігінің сипаттамасы, химиялық құрамы, қолдануы

 Түйежапырақ (Arctium lappa) – Asteraceae тұқымдасына жататын екі жылдық шөптесін өсімдік. Ол дала және орманды-дала аймақтарында, Кавказда, Украинада, Орта Азияда, Сібірде және Қиыр Шығыста өседі. Бұл өсімдік біздің елімізде барлық жерде өседі, оны бақта, ағындар бойында, егістіктерде және орман жиектерінде, тұрғын үйдің жанында кездестіруге болады.

Бірінші жылы бұл өсімдік тек тамырға жақын орналасқан жапырақтарды дамытады, ал екінші жылы ол жоғары тармақталған сабақты шығарады (120 см және одан жоғары). Тамырға жақын жапырақтары үлкен, ұзындығы 60-70 см және ені 30-50 см, жапырақтың пішіні сопақша және дөңгелек тәрізді.

...

Скачать:   txt (82 Kb)   pdf (1.2 Mb)   docx (1.7 Mb)  
Продолжить читать еще 35 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club