Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Үш фазалық токтың желісіне жүктемені қосу

Автор:   •  Апрель 8, 2019  •  Реферат  •  1,280 Слов (6 Страниц)  •  1,290 Просмотры

Страница 1 из 6

4.2 Үш фазалық токтың желісіне жүктемені қосу

Үш фазалы ток төрт және үш сымды жүйе арқылы таратылады және энергияны тұтынушылар желіге «жұлдыз» және «үшбұрыш» сұлбалары бойынша қосылуы мүмкін.

Төрт сымды жүйеге жұлдызшалап қосылған энергия тұтынушы-лары (44-сурет) бір сымымен желілік сымға, ол екіншісімен нольдік сымға жалғанған. Бірқалыпты жүктеме жағдайында орамаларды жұлдызшалап қоссақ, онда желілік және фазалық кернеулер мен токтар арасындағы қатынастар мынандай болатынын:

Uл = = √3және Iл = Iф

біз жоғарыда анықтадық.

[pic 1]

44 Сурет – Төрт өткізгішті жүйенің сұлбасы

Үш фазаның токтарының геометриялық қосындысына тең нольдік сымның тогы бірқалыпты жүктемеде нольге тең. Демек, нольдік сымда ток жүрмейді және оныңкерегі жоқ болып қалады. Мысалы, айнымалы токтыңүш фазалы қозғалтқыштары жүйеге жұл-дызшалап нольдік сымсыз қосылады.

Бірқалыптыемес жүктемеде нольдік сымдағы ток нольге тең емес, сондықтанда төртсымды жүйе керек, бірақта оның көлденең қимасын желілік сымдарға карағанда кіші жасайды.Бірқалыпты емес жүктемеде нольдік сым болмаған жағдайда немесе ол үзілгенде кернеудің шұғыл өзгеруі туады (45-сурет). Сөйтіп егер А фазасында жүктеме жоқ болса, ал В жәнеС фазаларында жүктемелер бірдей болса, онда  нольдік сым  болмаған  жағдайда ВжәнеС фазаларының жүктемелері олардыңарасына бірқалыптытең бөлінген (жүктеменің теңдігі шарты бойынша) желілік кернеуге тізбектеле қосылған болып шығады.

[pic 2]

45 Сурет – Бір қалыпты емес жүктеме және нольдік сым болмаған кездегі кернеудің векторлық диаграммасы

[pic 3]

46 Сурет – Үш бұрышқа генератор мен қабылдағыштыр орамаларын қосу сұлбасы

Демек, В жәнеС фазаларының жүктемелерінің кедергілері желілік кернеудің жартысына тең кернеудің жерінде қалады, яғни

Uв= Uс= Uл/2= (Uф√3)/2 = 0,86UФ                       (4.7)

Нейтральдық нүкте сонда О нүктесіне орын ауыстырып, А фазасының кернеуі Uа= 1,5Uф болып шығады.

Сонымен бірқалыпты емес жүктемеде нольдік сымды алып тас-тауға болмайды. Сондықтан нольдік сымды әрқашан үздіксіз бүтін етіп жасайды, яғни онда сақтандырғыштар, ажыратқыштар т. с. с. орналастырылмайды.

Қызмет етудің қауіпсіздігі үшін нольдік сымды, егерде оқшау-ламасының кедергісін әрдайым тексермейтін болсақ, жермен қо-сады.

Үш фазалы токтыңжелісіне жүктемелерді үшбұрышсұлбасы бойынша қосқанда, онда жүктеменің әрбір тобы екі желілік сымның арасына  қосылады (46-сурет).  Жоғарыда  анықталғандай, энергия тұтынушыларды үшбұрыштап қосқанда желілік жәнефазалық кернеулер мен токтар арасындағы қатынастар мынандай:

Uл = UфжәнеIл= √3Iф

бірқалыптыжүктемеде. Төртсымды жүйенің өте бағалы қасиеті ретінде екі энергия тұтынушысын әртүрлі кернеулерге қосу мүмкіндігін айту керек. Бұл үшін оларды желілік сымдар мен нольдік сымныңарасына жалғап, жұлдызша қосады. Осы тұтынушылар фазалық кернеулерге қосылған болып шығады. Тұтынушылардың басқа тобын үшбұрыштап қосады. Сонда олар тек қана желілік сымдардың арасына қосылған болып шығады да фазалық кернеуден √3 есе артықжелілік кернеудің жерінде болып шығады.

Төртсымды жүйе жарықтандыру — күштік аралас жүктемелер-ді электрмен қамтамасыз ету үшін кеңінен қолданылады. Жарық-тандыру жүктемелері фазалық кернеуге қосылып, ал күштік жүк-темелер (қозғалтқыштар)—желілік кернеуге қосылады.

Үш фазалық жүйе үшін бір фазалы айнымалы токқа қарап ар-нап шығарылған қатынастар тура дұрыс келеді:

Iф = Uф/Zф                                        (4.8)

cos φ = Rф/Zф                                      (4.9)

мұнда Uф,Zф,Rф- қаралып отырған фазаныңсәйкес кернеуі, толық және активтік кедергілері.

...

Скачать:   txt (13.5 Kb)   pdf (152.7 Kb)   docx (241.2 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club