Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экологиялық сараптама және қоршаған ортаға әсерді бағалаудың құқықтық ұйымдастырушы негіздері

Автор:   •  Ноябрь 9, 2021  •  Лекция  •  18,659 Слов (75 Страниц)  •  652 Просмотры

Страница 1 из 75

Лекция. Экологиялық сараптама және қоршаған ортаға әсерді бағалаудың құқықтық ұйымдастырушы негіздері

  • Қазақстан Республикасындағы экологиялық сараптама мен қоршаған ортаға әсерді бағалаудың құқықтық және нормативті- әдістемелік негізі
  • Экологиялық сараптама заңы. Экологиялық сараптаманың негізгі принціптері
  • Жергілікті жердегі атқару орындарының және өкілдікетердің экологиялық сараптау саласындағы қызмет аясы:

Экологиялық сараптаманың құқықтық реттелуі – экологиялық менджменттің бір түрі болып табылатын, табиғи қорларды рационалды қолдану және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болашақ сараптамашыларың білімінің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Бұл  білім Қазақстан Республикасының Экологиялық сараптама және қоршаған ортаға әсердібағалау (ҚОӘБ) саласындағы үкіметпен басқару органдарының заңдары мен заң  күшіндегі актілер негізінде қалыптасады.

Сонымен  бірге Экологиялық сараптама және (ҚОӘБ)- ның нормативті-техникалық негізгі стандарттар, нормалар, ережелер сияқты техникалық-нормативтік құжаттарға және әдістемелік материалдарға ( әдістемелік құралдарға , нұсқауларға және т.б. ) сүйенеді. Бұл құжаттар мен нұсқаулар ғылыми зерттеу институттары мен осы саладағы маманданған ведомоствалар тарапынан дайындалып бекітіледі.

Эколог- сарапамашының немесе осы саладағы зерттеушінің бастапқы адымы ретінде ҚР және шет елдердегі қазіргі уақытта қолданылып жүрген экологиылқ сараптама(ЭС) және ҚОӘБ жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттары оқып , танысып талдау қажет.

Экологиялық сраптама саласындағы ҚР заңдары, құрылымы.

Қазір қазақстандағы Экологиялық сраптама  мен ҚОӘБ саласындағы заңдар жүйесі ҚР конституцисының экологиялық сараптама заңына сүйене отырып Қазақстан Республикасы халқының денсаулығына , қоршаған ортаға, олардың шаруашылық және басқа қызметтеріне әсердіреттеу үшін 18.03.97 №85 -1 қабылданған.

Қазақстан Республикасының қоршаған табиғи ортаны қорғау заңының 15.07.97 № 160 -1 он бірінші тарауы мемлекеттік экологиялық сраптаманың жалпы қағидаларына (ЭС) арналып, оның түрлері, мақсаты, мен принциптері (63-бап), экологиялық сараптаманың обьектілер мен субьектілер(64-бап) қарастырылған.

Осы он бірінші тарауың 65-бабында ҚР экологиялық сараптамалық заңы  Қазақстан Республикасының  конституциясына негізделіп , заңнан және заң күшіндегі нормативті-құқықтық актілерден тұратыны, ҚР-дағы экологиялық сараптамалау мәселелерін реттеудің негізі болатыны көрсетілген .

Он бірінші тараудың 65-бабы қоғамдық экологиялық сараптамаға арналған, оның тек ақпараттық және ұсыныстық сипатта болатыны айтылған.

2. Экологиялық сараптама заңы.

Бұл заң эколгиялық сараптама саласындағы түрлі қатынастарды терең әрі қоршаған орта сапасының нормаларын нақты бекітіп белгілі бағытта реттеу мәселелерін дамытуға негізделген. Бұл заңда алғаш рет экологиялық сараптаманың  әрі мемлекеттік (3- тарау, бап 13-28) әрі қоғамдық (4-тарау, бап 29-32)  түрлеріне анықтама беріліп, олардың принциптері  мен түрлерінің толық мән-мазмұндарына айқындалған.

Бірінші тарау экологиялық сараптаманың анықтамалары мен терминдеріне арналған. Онда шаруашылық және басқа қызметтердің қоршаған орта саласы мен экологиялық талаптарға нормативтік сәйкестігін, обьектіні ісінің теріс әсер етпейтіні және оның зияныңның басқа зардаптарға болмайтынын сараптау арқылы алдын ала анықтауға бағытталған.

Экологиялық сараптаманың мақсат-міндеттері (4-бап) обьектілердегі жүргізілген сараптаманың толықтырып, жоспарланған басқару, шаруашылық, инвестациялық және оның басқа қызметінде қоршаған орта мен адам денсаулығына,сонымен қатар әлеуметтік , экономикалық және экологиялық әсерін талдау арқылы бағалауды қамтиды. ҚР стандарттары мен нормаларына сәйкес экологиялық талаптардың орындалып, ғылыми негізде талданып, қортыныдыланып, тиісті органдарға ақпарат беріп, ол обьектінің іске қосылуы жөніндегі қаулы шығару шешімдері алынады.

...

Скачать:   txt (250.2 Kb)   pdf (553.5 Kb)   docx (86.8 Kb)  
Продолжить читать еще 74 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club