Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сөз мағынасының ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылу тәсілдері

Автор:   •  Май 1, 2023  •  Доклад  •  386 Слов (2 Страниц)  •  241 Просмотры

Страница 1 из 2

Сөз мағынасының ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылу тәсілдері



              Сөздің ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылуы бірде метафора мен метономия тәсілі арқылы болса, бірде қызмет бірлігі мен синекдоха тәсілдері арқылы болады. Енді осы тәсілдердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталуды жөн көріп отырмын...
              Сөздің зат, құбылыс, ұғым, түсінік, болмыс, амал, әрекеттерге тағылған атау түріндегі бастапқы мағынасын сөздің тура мағынасы дейді де, бастапқы мағынасынан ауыстырылып, өзге мағынада қолданылуын ауыспалы мағынасы дейді. Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. Этимологиялық тұрғыда ол негізгі мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады. Сөз мағынасының ауыспалы әрі келтірінді мағынада қолданылуының ең көп қолданыс тапқан әрі әдеби шығармаларда өзіндік маңызға ие болып табылатыны – метафора. Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір заттың не құбылыстың атауы мен аталуының негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады. Метафора тәсілі арқылы атаудың ауысуы белгіленетін заттардың тұлға, түс, қимыл ерекшелігінің ұқсастығына негізделеді. Ол мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, қанатты сөздерде жиі кездеседі. Метафораның кейбір түрлері теңеуге жақындайды. Мысалы, "Ақын – жел, есер, гулер жүйрік желдей, Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей" деген Мағжан Жұмабаевтың отты, рухты жырларында көрініс тапқан. Метонимия – бір заттың немесе құбылыстың атауының екінші затқа не құбылысқа олардың өзара іргелестігі, шектестігі негізінде атау болып ауысуы және, осыған орай, сөздің ауыспалы мағынада жұмсалуы. Мысалы, Абай Құнанбаевтың өлең жолдарындағы мына үзіндіден анық аңғарамыз: "Үйі мәз боп қой сойды, сүйіншіге шапанға". Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы синекдоха деп аталады. Мәселен, "мал-жаның аман ба?", "үй-ішің қалай?" деген тіркестер малға немесе үй ішіне қатысты ғана емес, отбасындағы жандардың амандығы түгелдей сұралу мақсататында қолданылады. 
              Ойымды қорытындылай келе айтарым, адамдар бір-бірін тіл арқылы түсінісетін болса, сол тілдің басты құралы — сөз. Сөз дегеніміз — заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы. Әрбір сөздің білдіретін жеке ұғымы болады. Сөз білдіретін мағына бірдей, біркелкі бола бермейді. Сөз мағынасы ұдайы тура мағынада қолданылмайды. Ауыспалы, келтірінді мағынада келіп, қолданыс аясы кеңіп отырады. Мұның айқын дәлелі – әдеби шығармалар. Сөз мағыналарының ауысуы, келтірінді мағынада жұмсалуы әр түрлі тәсілдер арқылы іске асады.

...

Скачать:   txt (4.9 Kb)   pdf (55 Kb)   docx (7.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club