Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қылмыстық қудалау. Жекеше, жекеше-жариялы және жариялы қудалау және айыптау iстерi

Автор:   •  Октябрь 23, 2021  •  Реферат  •  1,085 Слов (5 Страниц)  •  635 Просмотры

Страница 1 из 5

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

                       [pic 1]

                         [pic 2]

        

Тақырыбы:  «Қылмыстық қудалау. Жекеше, жекеше-жариялы және жариялы қудалау және айыптау iстерi. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар» тақырыбына есеп құрастыру.

        

                                                             Орындаған:

Тексерген:

                                           

                                       

                                                           2021-2022    

ЕСЕПТЕР

1). Аманғали.Н 14 жасар қызының әкесі қызын кешке уйіне қайтар жолда ұрлап кетіп, зорлағаны туралы өтінішпен жүгінді. Онда оған зорлау туралы іс бойынша өтінішті жәбірленушінің өзінен ғана қабылдауға болатындығы түсіндірілді. Ол одан мәлімдеме қабылдауды талап етті, өйткені оның қызы ауыр моральдық жағдайда және ешкіммен сөйлескісі келмейді, ал ол әкесі  ретінде оның заңды өкілі болып табылады және оның атынан әрекет ете алады. Әкесінің өтініші бойынша  қылмыстық қудалаудың қай түріне жатқызамыз? Жалпы, қызының құқығын қорғау үшін бір жерге жүгінуге бола ма және қайда?

Жауабы:  ҚПК 32 бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық қудалаудың жекеше- жариялы айыптау істері болып есептелінеді.Осы іс бойынша прокуратураға шағымдануға болады.

Жекеше-жариялы айыптаудың қылмыстық істері жәбірленушінің немесе оның заңды өкілінің арызы бойынша ғана қозғалады. бірақ жәбірленушінің айыпталушымен татуласуына байланысты тоқтатылуға жатпайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110 (бірінші бөлігінде), 115, 120 (бірінші бөлігінде), 121 (бірінші бөлігінде), 126 (бірінші бөлігінде), 138, 139, 145, 148 (бірінші бөлігінде), 152 (үшінші бөлігінде), 153 (бірінші бөлігінде), 154, 155 (бірінші бөлігінде), 157 (бірінші бөлігінде), 158 (бірінші бөлігінде), 159, 187, 189 (бірінші және екінші бөліктерінде), 190 (бірінші бөлігінде), 195 (бірінші бөлігінде), 198(екінші бөлігінде), 199 (екінші бөлігінде), 201 (бірінші бөлігінде), 202 (бірінші бөлігінде), 204, 205 (бірінші бөлігінде), 206 (бірінші бөлігінде), 207 (бірінші бөлігінде), 208 (бірінші бөлігінде), 209(бірінші бөлігінде), 211 (бірінші бөлігінде), 219 (бірінші бөлігінде), 223, (бірінші және екінші бөліктерінде), 248 (бірінші бөлігінде), 250, 251 (бірінші бөлігінде), 319 (бірінші және екінші бөліктерінде),321 (екінші бөлігінде), 345 (бірінші бөлігінде), 389(бірінші бөлігінде)-баптарында, сондай-ақ, егер бұл соттың жұмысқа қайта орналастыру туралы шешімін орындамаумен байланысты болса, 152 (бірінші бөлігінде)-бапта көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер жекеше-жариялы айыптау iстері болып есептеледі. Тергеу органының басшысы, тергеуші, сондай-ақ прокурордың келісімімен анықтаушы осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген кез келген қылмыс туралы және жәбірленушінің немесе оның заңды өкілінің арызы болмаған кезде, егер бұл қылмыс тәуелді немесе дәрменсіз жағдайға байланысты не өзге де себептер бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғай алмайтын адамға қатысты жасалса, қылмыстық іс қозғайды. Басқа себептерге деректері белгісіз адамның қылмыс жасаған жағдайы да жатады.

2) Біраз уақыт бұрын бірнеше азамат,айта кетсек ,Нұрым.Е,Ғалымжан.К,Шамшы.Н  Зарина дүкенін ұрлап ,сатушы Пернебек.Р-ге денсаулыққа ауырлығы орташа дәрежеде зиян келтіреді.ҚР ҚК 107- баптың 2-тармағы бойынша іс қозғалды.Айыптаушыларды сотқа береді.Ғалымжан.К-айыпталушылардың бірі - біраз уақыт бұрын қайтыс болады . Бірақ, іс сотқа берілді, тыңдау жүріп жатыр, үкім шығарылмады.

Күдіктіні (айыпталушы) қайтыс болған жағдайда ақтауға болама?Істі болғызбайтын мән-жайлар ретінде қарастыра аламыз ба?

Жауабы: ҚР  ҚПК 35 -бабының 1-бөлігінің 11-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалмайды, ал қылмыстық іс күдікті немесе айыпталушы қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған адамды ақтау үшін қылмыстық іс жүргізу қажет болған жағдайларды қоспағанда, тоқтатылады. Заңда күдікті немесе айыпталушы қайтыс болған жағдайда "қылмыстық істі тергеуді жалғастыру қажеттілігі" қалай анықталуға болатындығы түсіндірілмейді. Заңның мәні бойынша осы кодекстің 4-баптың 1-тармағына сәйкес. ҚР  ҚПК-інде 35 –бабында қайтыс болған адамға қатысты қылмыстық іс процестің кез-келген сатысында, оның ішінде шешімге шағымданған кезде тоқтатылуы мүмкін. Бұдан басқа, күдікті (айыпталушы) қайтыс болған жағдайда оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жалғастырудың міндетті шарты ретінде қорғаушының, сондай-ақ күдіктінің (айыпталушының) өкіліне (оның жақын туыстарының біріне) қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысып, оған сезікті (айыпталушы) ие болған процестік құқықтар, оның ішінде іс бойынша қабылданған шешімге шағым жасау құқығы берілуге тиіс.

...

Скачать:   txt (12.1 Kb)   pdf (130.4 Kb)   docx (29.4 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club