Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағының түсінігі және маңызы

Автор:   •  Апрель 12, 2020  •  Реферат  •  930 Слов (4 Страниц)  •  829 Просмотры

Страница 1 из 4

ТАҚЫРЫП: Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағының түсінігі және маңызы.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ  СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ   СИПАТТАМАСЫ

  1.  Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы.
  2.  Кінәнің нысандары бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау мәселелері.

2  ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША КІНӘНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-  

ҚҰҚЫҚТЫҚ  СИПАТТАМАСЫ.

2.1  Кінәнің түсінігі, мазмұны, дәрежесі

2.2  Қасақаналық және оның түрлері

2.3  Абайсыздық және оның түрлері

3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ ҚОСЫМША БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ КІНӘНІҢ ЕКІ НЫСАНЫМЕН  ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

3.1 Қылмыстық ниет және мақсат.

3.2 Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстық құқық бұзушылық және кінәсіз зиян келтіру.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ

Доклад

        Қылмыстық заңда көрініс тапқан әрбір қылмыстық құқық бұзушылық, яғни қылмыстық құқық бұзушылық құрамы өзінің ерекше белгілерімен сипатталады. Жалпы қылмыстық құқық бұзушылық құрамы қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі, объективтік жағы, қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі және субъективтік жағы негізгі төрт элементтен тұратындығы бәрімізге айқын.  Бұл элементтердің кемінде біреуінің толық болмауы, әрекеті қылмыстық құқық бұзушылық  деп тануға мүмкіндік бермейтіндігі белгілі. Заң негізінде де, ғылыми тұрғыдан алып қарасақ, қылмыстық құқық бұзушылықтың ғылыми анықтамасын беруге мүмкіндік беру үшін, алдымен қылмыстық жауапкершілік негізінен қылмыстық құқық бұзушылық  құрамын ажырату керек.

            Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының негізгі элементтерінің бірі – бұл қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы. Оны дұрыс анықтап ажырата білу де, өз кезегінде маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Өйткені, сот-тергеу практикасында қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағын нақты, дәл анықтамаудың салдарынан, көптеген дау туып, шешімін таппай келе жатқан елеулі мәселелердің бірі болып саналатыны сөзсіз.

Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының басты элементтерінің бірі және қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалу процесінің бастапқы кезеңінде орын алатын субъективтік жаққа қатысты белгілер болып табылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағының белгілерін құрайтын кінә, ниет және мақсат нақты өмір сүріп отырған құбылыстың объективтік шындығын, өмір сүру негіздерін білдіреді. Олардың мағынасын, мазмұнын жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың объективтік белгілеріне талдау, бағалау жасай отырып анықтауға болады, сонымен қатар бұл белгілер бойынша ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтарды ажыратып саралау жүргізуге болады.

Қылмыстық құқық бұзушылық құрамында субъективтік жақтың алатын орнын, ол қылмыстық құқық бұзушылықтың iшкi жағына қатысты сипаттаманы, яғни жасалған қылмыстық құқық бұзушылықты iс-әрекетке және тағы басқа белгiлеріне байланысты адамның ми жұмысында болған сезімдердi ашу және осы негiзде iс-әрекетке құқықтық баға беру ретiнде түсiну керек. Бұл тақырыптың тәжірибелік тұрғыдан күрделiлiгi, ол кiнәлінің әрекеттерiне және оның зардабына деген психикалық қатынасын, яғни әр түрлi психикалық қатынастарын көру, ашу барлық кездерде мүмкiн бола бермеуiне байланысты. Бұл мәселенi анықтау үшiн құқық қорғау органдары қызметкерлері адамның жасаған әрекетiнің сипатына, түрiне және өзге де объективтiк жағдайларына көңіл аударып, ол адамның қылмыс жасау кезiндегi ойын ашуға тырысады. Тәжірибелік тұрғыдан бұл мәселенің келесі күрделілігі және өзектігі, адамның кінә түрін дәл анықтаудың қылмысты саралауда және жауаптылық белгілеуде маңызды, шешуші роль атқаруына байланысты болып табылады.

...

Скачать:   txt (14.2 Kb)   pdf (90 Kb)   docx (10.8 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club