Қорғауға ұсынылатын негізгі ережелер
Автор: zhan_nassip • Июнь 1, 2022 • Контрольная работа • 2,047 Слов (9 Страниц) • 236 Просмотры
Қорғауға ұсынылатын негізгі ережелер:
- Қазақстан Республикасының орташа айлық көрсеткішін ескере отырып, айыппұлдардың еселенген мөлшері, оларды төлеу мүмкін еместігіне байланысты жиі тағайындалмайды. Сондықтан шетелдік тəжірибені талдау көрсеткеніндей, айыппұлды тағайындау барысында мемлекет аталған жаза түрінен белгілі бір материалды пайда табу арқылы өзінің мүдделерін де ескеруі қажет. Ақшалай жазаларды кеңінен қолдану мынамен түсіндіріледі, оны атқару үшін үлкен күш– жігерді жəне қосымша қаржы шығындарын талап етпейді, бұл сөзсіз мемлекеттің экономикасы үшін маңызды фактор, айыппұлдар арқылы мемлекет өзінің бюджетін едəуір толтырады. Мысалы, Ұлыбритания, Швейцария, Германия, Франция, АҚШ және т.б. дамыған елдерде айыппұлды тағайындау барысында сотталушының материалдық жағдайынан басқа, оның табысы, мүлкінің болуы, отбасылық жағдайы, отбасылық міндеттері (мысалы, алименттік міндеттемелер, қарт ата-аналарын немесе мүгедек–нəрестені асырай алу қажеттілігі), кəсібі, жасы, денсаулық жағдайы жəне т.б. мəн-жайлар ескеріледі. Тіпті Швейцария, Германия, Франция елдерінде айыппұлды өтей алмау жағдайында, айыппұлды бөліп-бөліп төлеу (кейінгі қалдырып төлеу) немесе айыппұл мөлшерімен теңестірілген тегін жұмыс жасау арқылы өтеу, Ұлыбританияда айыппұл өтелмеген жағдайда мәжбүрлі жұмыстар түріндегі жазаға ауыстырылады, ал Қытай, Германия тәрізді елдер айыппұл өтмелмеген жағдайында мүлікті тәркілеу тәжірибесі қолданылады. Қазақстан заңшығарушысы зерттеліп жатқан жазаның осы түрін кеңінен қолданудағы шет мемелекеттердің тəжірибесін ескеруі қажет. Айыппұл Қазақстанның сот–тəжірибесінде кеңінен тараған жаза болуы тиіс. Бұл қылмыстық репрессияны үнемдеу есебінен жазаның мақсаттарына неғұрлым тиімді жетуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттің қаржы ресурстарын сақтап қана қоймайды, сонымен қатар толықтыра түседі.
- Егер Батыс-Еуропалық мемлекеттер пробация жүйесін қодануда жеткілікті түрде мол тәжірибеге ие болса, Орта Азия елдері қолданысқа енді ғана енгізіп жатыр. Орта Азия аумағында 2016 жылдың 30 желтоқсанында «Пробация» туралы ҚР Заңына сәйкес Қазақстан пробация қызметін қалыптастырған алғашқы елдірдің бірі болып есептеледі. Батыс үлгісіндегі пробация қызметі қылмыстық қудалау институты емес, қылмыс жасағандарға көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік институт болып табылады. Мұндай қызметтің негізгі миссиясы - құқық бұзушының қалыпты өмірге оралуына көмектесу. Пробация жүйесі Ұлыбритания, АҚШ және Еуропаның бірқатар елдерінде кең тараған. Ұлыбританияда, қазіргі күні Англия мен Уэльсте Әділеттілік Министрлігіне қарайтын, қылмыскерлермен қарым-қатынасының Ұлттық қызметі қалыптастырылып, 42 пробация қызметі жұмыс жасауда. Негізгі және көмекші бөлімдерінде қызметкерлердің жалпы саны 15 мыңдай адам, сол себепті әр қызметкерге 13-14 құқықбұзушы адамнан артық емес жүктеледі.
Қазіргі таңда пробация жүйесінің іс-әрекеті бірнеше қызметтерді атқаруға бағытталған: 1-шісі – бұл қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды орындау. Пробация режимі тағайындалған жағдайда құқықбұзушы пробация қызметінің бақылауына алынып, 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзіммен шекетеледі; 2-ші – пробация қызметі, қылмыстан жәбір көрген жәбірленуші тұлғаларға көмек көрсету болып табылады. Егер жәбірленуші өзінің тұрғылықты мекен-жайының орналасуына, құқықбқзушы адамның жұмыс орнына, оның аймақ бойынша жүріп-тұруына және т.б. факторларға байланысты мазасыздық пен қорқыныш танытқан жағдайда, пробация қызметі ескертілген жағдайға белгілі шектеулер қою қажет; 3-ші қызметі, пробация қызметкерлерін медицация үрдістеріне қатысуға шақыру және құқықбұзушы адамның жүріс-тұрысын психологиялық түзету бағдарламаларын қолдану болып табылады.
- Шет мемлекеттердің заңнамасының сараптамасы бойынша, үйқамақ жаза ретінде өте тиімді жаза түрі түрмеге қамаудың бірден-бір жақсы баламасы болып табылады. Мысалы, АҚШ-да үйқамақ 1984 жылдан бастап жаза түрінде қолданылып, құқықбұзушы адамның үнемі үй аумағында болуын қамтамасыз етіп, алкогольдік ішімдік, нашақорлық заттарды қолдануға тыйым салады. Сондай-ақ белгілі адамдармен қарым-қатынасқа түсуге, белгілі орындарға баруға шектеулер қояды. Егерде құқық бұзған адам әлемуеттік желілерді қолданатын болса, оның виртуалды өмірі қатаң полиция қызметкерлерімен бақылауға алынады. Құқық бұзған адамның орын ауыстыруын бақылау түрлі электронды құрылғылар (білезік және т.б.) көмегімен жүзеге асады. Сондай-ақ бақылау полиция қызметкерлерінің кез-келген уақытта құықбұзушының тұрғылықты жерін қарауменде жүзеге асады. АҚШ-да үйқамақ жазасын қолдану қылмыстық-атқару жүйесінің шығынын азайтудің тиімді тәсілі болып табылады. Статиска көрсеткіштері бойынша, электрондық мониторинг шығыны түрме қамауындағы шығыннан 7 есе аз екенін көрсетеді. Сараптау бойынша, құқықбұзушылардың тек 10% электрондық мониторинг жүйесіне ауыстырғанның арқасында, пенитенциарлы жүйенің 4 миллиард доллар көлемінде шығымын азайтты. Және де АҚШ-да құқық бұзушы тұлға тәулігіне 24 доллар құрайтын, «электрондық мониторинг қызметін» өзі төлеуге мәжбүрлі, ал Австрияда электрондық мониторинг қызметінің төлемі тәлігіне 22 евроны құрайды. Үйқамақ жаза ретінде Швейцарияда да қолданылады. Полиция қызметкерлеріне құқықбұзушылардың орналасқан жері ттуарлы ақпарат беріп отыратын арнайы сезбек (датчик) бекітіледі. Құықбұзушы тұлғаларға үйден шығуға рұқсат етілген, бірақ алдын-ала келісілген бағыт (жұмыс, оқу орын және т.б.) бойынша жүруі керек. Егер келсілген бағыттың шарты бұзылған жағдайда, сол сәтте полиция қызметкерлеріне дереу хабарлама келеді. Швецияда үйқамақты жаза ретінде белсенді түрде қолданатын елдердің бірі болып табылады. Бұл алдымен, 3 айға дейін бас бостандығына сотталған адамдарға қатысты. Талдау бойынша, түзету мекемелерінде құқықбұзушылар саны 20 % азайған. Францияда түрме қамауының жарты мерзімін өтеп, қалған жарты мерзімін өз үйінде, аяғына электрондық білезік бекітілген құқықбұзушыларға үйқамақ қолданылады. Германияда, бұл жаза түрі тек құқықбұзушы тұлғаның өз келсімімен ғана қолданылады. Алайда құқық бұзған тұлғаға толық үйқамақ мерзімінің ішінде аптасына кем дегенде 20 сағаттық қоғамдық жұмыстармен айналысу керек міндеті жүктелген. Ұлыбританияда бұл жаза түрі әсіресе кәмелеттік жасқа толмаған құқық бұзушылардың арасында кеңінен тараған.
Шет елдік құқықтанушылардың ғылыми зерттеуінің жəне сот тəжірибесінің негізінде 80–жылдардың ортасында бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның тиімділігінің төмендігі туралы қорытынды жасалған болатын. Мысалы, ағылшын құқыққолданушылары «аз зұлымдық келтіру» қағидасын басшылыққа алып, айыппұл қолдану тəжірибесін зерттеу көрсеткеніндей, қылмыскердің жасын жəне бұрынғы қылмыстық іс-əрекеттерінің санын ескере отырып сотпен жүктелетін репрессияның басқа түрлеріне қарағанда, қайталап сотты болудың неғұрлым төменгі дəрежесіндегі көрсеткішті берген. Құқықбұзушы (қылмыстық жауаптылық жасына жеткен адам) кез келген қылмыс үшін айыппұл төлеуге сотталуы мүмкін. Егер де неғұрлым ауыр қылмыс үшін заңмен баламасыз жаза көзделінсе, айыппұл қолданылуы мүмкін, мысалы: өлім жазасы, өмір бойы немесе ұзақ уақыт түрмеге қамау [2, 42 б.]. Ағылшын заңнамасында бірқатар жағдайларда, төлемеушіге мəжбүрлеу жұмыстар түріндегі жазаны тағайындау мүмкіндігі қарастырылған. Айыппұлдың бір бөлігі төленсе атқарылуы тиіс сағаттардың жалпы саны пропорционалды түрде азайады. Қалған барлық жағдайларда айыппұлды жылдам төлеу үшін 9 дан 90 күнге дейін мерзімді ұсыну міндеті сотқа жүктеледі.
...