Азаптау: түсінігі, қылмыс құрамын саралау
Автор: Акжан Абдуллаева • Февраль 27, 2022 • Реферат • 987 Слов (4 Страниц) • 573 Просмотры
Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті
«Тарих, экономика және құқық» факультеті
Құқықтық пәндер кафедрасы
Р Е Ф Е Р А Т
Тақырыбы: Азаптау: түсінігі, қылмыс құрамын саралау
Орындаған: Абдуллаева Ақжан
Тобы: ЮП-20-3
Тексерген: Самуратова Айгул
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................
АЗАПТАУ: ТҮСІНІГІ, ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫН САРАЛАУ
- Азаптаудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы............................................
- Азаптаудың объективтік, субъективтік белгілерінің қылмыстық құқықтық сипаттамасы
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................
КІРІСПЕ
Азаптау түсінігін мен Ескі 1997 жылғы қабылданған кодекс бойынша зерттеп, сол заңға сүйене отырып рефератты жаздым.
Денсаулық - адамның басты байлығы, бірақ қазіргі кезде зорлықты қылмыстар, әсіресе азаптау кең етек алып барады, сондықтан да бұл мәселе мемлекетті толғандыруға тиіс. Зорлықты қылмыстар ошақ басында немесе кездейсоқ, табанасты жасалумен қатар алдын ала ойластырылып, қарулы топ құрылып, азаптаудың қатыгез тәсілдері қолданылып та жасалуда. ҚК-нің 107-бабында көзделген қылмыстар күннен күнге көбеюде, олар барған сайын қатыгездік сипат алуда. Зерттеудің мақсаты зорлықшыл қылмыстарды криминологиялық санат ретінде қарастыру:
- азаптағандық үшін жауапкершілік туындауының тарихи аспектісін зерделеу;
-бұл қылмыстық құрамның денсаулыққа қарсы қылмыстар жүйесіндегі орны мен рөлін анықтау;
-сондай-ақ бұл нормалар мен оларды қолдану мәселелеріне түсініктеме берумен байланысты проблемаларды зерделеу;
-заңдарды жетілдіру және оны практикада қолдану жөнінде ғылыминегізделген ұсыныстар жасау және оларды құқық қорғау органдарының жұмысына енгізу.
Осы қойылған мақсатқа сәйкес зерттеу барысында мынадай міндеттерді шешуге талпыныс жасалды:
-қылмыстың дербес құрамы деп танылып азаптау үшін жауапкершіліктің революцияға дейінгі Ресейдің және қазіргі Қазақстанның қылмыстық заңдарында даму үрдісін көрсету;
Азаптаудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Адамның денсаулығына зақым келтіретін қылмыстар адамзат тарихы ме бірге жасап келе жатыр. Сондықтан да, адамның денсаулығын қорғау қазірг таңда қылмыстық құқықтың ең маңызды міндеттерінің бірі болып саналады Отандық әдебиетте адам денсаулығын қылмыстық-құқықтық қорғау мәселесін әрқашанда баса назар аударып отырады. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы Ресей мемлекетінің даму тарихымен етене байланыста. Қылмыстық заңнаманың алғаш туындаған кезінде қылмыстың ауыр формалары ғана есепке алынды, бірақ келе-келе адам денсаулығын жан-жақты қорғау мақсатында қылмыстық озбырлықтың басқа жақтары да қарастырылды [2.5 6.].
Азаптау ұғымы пайда болғанға дейін адамға күш көрсеткені және психикалық ықпал жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік азаптаудың нышаны бар басқа қылмыстар құрамында көзделді. Азаптау ол біреуге қасақана ауыр физикалық немесе психологиялық ауырсынудан тұрады . Бұл ауырсынумен сіз ауырсынуды бұзуға тырысасыз қарсылық және моральдық оның мінсіздігінен айырып, азаптағандардың.
Сүйектерді сындыру, кесу, кесу, күйеді, электр тогының соғуы және суға бату - бұл ең көп кездесетін физикалық азаптау. Психологиялық азаптауға қатысты, ол жәбірленушінің жақындары туралы ақпаратты ауызша қорлау, қолдан жасау немесе бұрмалау, сенсорлық айырмашылық және моральдық қарсылықты жоюға тырысатын кез келген басқа механизмді қамтуы мүмкін.
...