Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау
Автор: abenov812e9120 • Февраль 3, 2021 • Реферат • 15,130 Слов (61 Страниц) • 343 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
АЛМАТЫ ЗАҢ АКАДЕМИЯСЫ
Құқық қорғау органдары факультеті
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ
ЕҢБЕГІН ҚОРҒАУ
(ӘЙЕЛДЕР, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР МЕН МҮГЕДЕКТЕР)
Орындаған:
КПО – 404 тобының студенті
Жұмабек Бұлан
«Қорғауға жіберілсін»
Кафедра меңгерушісі
З.ғ.к., доцент Ғылыми жетекшісі:
Абйдельдинов Т.М. аға оқытушы
_____________________ Нұрманов Е.А.
« » ____________2007ж.
АЛМАТЫ 2007
Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................................................3
І. Еңбекті қорғаудың жалпы негіздері.................................................................7
1.1 Еңбекті қорғау түсінігі және оның маңызы..............................................7
1.2 Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері...................................................19
ІІ. Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау...........................26
2.1 Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы............................26
2.2 Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау..........................................38
2.3 Мүгедектердің еңбектік реабилитациясын құқықтық реттеу.............46
Қорытынды..............................................................................................................55
Қолданылған нормативтік құқықтық актілер.................................................59
Қолданылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар.......................................59
Бітіру жұмысында жасалған сілтемелер............................................................62
КІРІСПЕ
Зерттелетін мәселенің өзектілігі.
Қазақстан Республикасы 1990 жылы 25 қазанда Қазақ ССР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдап, 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап егеменді мемлекет ретінде өз халқының мүддесі үшін экономикалық және әлеуметтік саясатын өз бетінше анықтауда және жүргізуде. Бүгінгі таңда елімізде қоғамдық өмірдің барлық салаларын, соның ішінде заң саласын реформалау жалғасуда, кең көлемді әлеуметтік, саяси және экономикалық реформалар жүзеге асырылуда.
Конституциямен өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Қазақстан Республикасы тұлғаның еркін дамуы үшін, оның өмір сүру деңгейінің жоғарлауы үшін жағдайларды қамтамасыз етуден белгілі бір міндеттерді мойнына алып, өзінің әлемдік құндылықтардың жолын ұстайтынын растады. Әлеуметтік мемлекет теориясы жеке еркіндік пен теңдіктің, тұлғалардың еркіндігін қамтамасыз етуге мемлекеттің қатысуының үйлесімділігін білдіреді. Әлеуметтік мемлекеттік қорғалмаған адамдарды қолдау, қорғау, қамқорлыққа алу, қоғамның гуманизациялану идеясын қабылдайды.
Ағзасының белгілі бір физиологиялық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты еңбек нарығында анағұрлым әлсіз, бәсекеге түсе алмайтын, соның салдарынан мемлекет тарапынан ерекше қолдау мен қорғауды қажет ететін жалдамалы жұмысшылар тобын құрайтын азаматтардың белгілі бір санаты бар. Бұл азаматтар олардың ағзаларының физиологиялық ерекшеліктерінен көрінетін айрықша субъективті қасиеттерге ие. Сондықтан олардың денсаулықтарына кері әсер ететіндіктен, олар еңбек функциясын жалпы негіздерде атқара алмайды. Нақты осы жағдайда еңбек құқығына аталған тұлғалардың еңбек құқықтарын қорғау, олардың қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жүктелген. Сонымен, қандай субъектілер мемлекет тарапынан ерекше қорғауды қажет етеді. Аталған санаттағы азаматтарға еңбек құқығы әйелдерді, кәмелетке толмағандарды және мүгедектерді жатқызады. Құқық әйел ағзасының әлеуметтік ана болу функциясын, жасөспірімнің қатаймаған, даму үстіндегі ағзасын, оның психикасының, жеке қасиеттерінің әлі қалыптаспағанын, мүгедектердің шектелген еңбек қабілеттігін ескерген.
...