Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Атом өнеркәсібі саласындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қатынастарды реттейтін заңнаманың негізгі ережелері

Автор:   •  Май 29, 2019  •  Курсовая работа  •  6,693 Слов (27 Страниц)  •  986 Просмотры

Страница 1 из 27

Мазмұны

Кіріспе

1

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың құқықтық ұғымы

1.1

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтық институт ретінде

1.2

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау - салааралық құрылым

1.3

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау еңбек құқығының принципі ретінде

2

Атом өнеркәсібі саласында еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасау бойынша шараларды ұйымдастыруды құқықтық реттеу

2.1

Атом өнеркәсібіндегі өндірістік жарақаттылық пен кәсіби ауруларға қатысты қатынастарды құқықтық реттеу

2.2

Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің аз мөлшердегі радиация алуын құқықтық реттеу

3

Атом өнеркәсібі саласындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мәселелері

3.1

Атом өнеркәсібі саласындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қатынастарды реттейтін заңнаманың негізгі ережелері

3.2

Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша құқықтық кепілдіктерін арттыру мәселелері

3.3

Атом өнеркәсібінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормаларды бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік нормалары

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының ең қарқынды дамып келе жатқан атом өнеркәсібі саласындағы еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және құқықтық мәселелердің жалпы теориялық және тәжірибелік сұрақтарына, оларды жан-жақты қарастырып, тиімді әрі өзекті шешімдер мен ұсынымдар жасауға арналған. Жұмыста еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау құқықтық институт, принцип және салааралық құрылым ретінде, атом өнеркәсібі саласындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңнама негіздері және еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасау бойынша шараларды ұйымдастырудың құқықтық мәселелері қарастырылған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабына сәйкес біздің еліміз әлеуметттік мемлекет болып  табылады және оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. Еңбекті қорғауға құқық - әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сәйкес еңбек етуге құқығы (24-бап) конституциялық деңгейде бекітілген адамның негізгі құқықтарының бірі болып табылады [1]. Еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға бағытталған нормалар жалпыға бірдей халықаралық актілерде, олардың ішінде: Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында, 1948 ж., Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жайлы Халықаралық Пактіде, 1966 ж., ТМД елдерінің Үкіметтері арасында жасалған Еңбекті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімдерде және т.б., актілерде кездеседі.

Сонымен бірге, Халықаралық Еңбек Ұйымының келесі конвенциялары мен ұсынымдары еңбек қауіпсіздігіне арналған: № 155 «Өндірістік ортадағы еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы туралы», № 148 «Жұмыс орындарындағы ауаның ластануынан, шудан және дірілден болатын кәсіби тәуекелден еңбек етушілерді қорғау туралы», № 81 «Өнеркәсіптегі және саудадағы еңбек инспекциясы туралы», № 31 «Өндірістегі сәтсіз оқиғалардың алдын алу туралы» Ұсынымы және т.б. Сонымен қатар, №115 «Қызметкерлерді иондаушы радиациядан қорғау туралы» Конвенция, № 114 «Қызметкерлерді иондаушы радиациядан қорғау туралы» Ұсыным және т.с.с. актілер тікелей атом өнеркәсібі саласындағы еңбекті реттеуге бағыттылған.

...

Скачать:   txt (92.9 Kb)   pdf (350.2 Kb)   docx (36 Kb)  
Продолжить читать еще 26 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club