Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

VI-XII ғ Қазақстандағы мемлекеттердегі құқық және оның институттары

Автор:   •  Март 11, 2023  •  Эссе  •  513 Слов (3 Страниц)  •  330 Просмотры

Страница 1 из 3

«Alikhan Bokeikhan University»

[pic 1]

Эссе

Тақырыбы: VI-XII ғ Қазақстандағы мемлекеттердегі құқық және оның институттары

Орындаған: Канаткызы Н.

Топ: Пд-101

Тексерген: Бактыбеков М.Б.

Семей қ. 2022ж

Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. III ғасырлардан басталды. Ғұндар мемлекеттілігін толық қалыптастырып, саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға Мөде тəңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды. Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің басында тəңірқұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай тілінен қазақ тіліне аударған ғалым Қ. Салғараұлының пікіріне сүйенсек, бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар. «Тəңірқұты» елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды. Мөдеге дейін тəңірқұтын сайлау тəртібі болатын. Оның үстіне, жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған) ру ақсүйектері басқарып отырған. Олардың əрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін əскері болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар. Мөде тəңірқұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті. Ендігі жерде елбасын сайлау қағаз жүзінде ғана жүрді. Тақ мұрасы алғашында ағадан ініге, кейін əкеден балаға өтіп отырды. Ғұндардың мемлекеттік басқару аппараты өте үлкен жəне күрделі болды. Тəңірқұтынан кейінгі мемлекеттік лауазым елдің Шығыс жəне Батыс бөліктерін басқаратын хандар болатын. Əдетте, Шығыс бөлікті басқаратын кіші ханның мəртебесі артығырақ болды. Ол орында тəңірқұтының тағын болашақта мирас етуші ханның үлкен баласы отырды. Елдің оң, сол бөлігінің əрқайсысында азық-түлікке жауап беретін уəзірлер, қолбасшылар, əскербасылары, малдың, адамдардың есебін жүргізушілер, тəртіп сақшылары болды. Мемлекет əбден күшейген кезде ғұндар елі үшке бөлініп басқарылды. Олар Шығыс, Батыс жəне сол екеуінің ортасында орналасқан тəңірқұтының өз ордасы еді. Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24 əкімшілікке бөлінді. Олардың əрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар, билер, кіші бектер жəне т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары лауазымдарға тек тəңірқұтының туыстары тағайындалатын болса, ал орта, төменгі басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан шыққан аса қабілетті адамдар тартылды. Ғұндардың діні тəңірлік дін болды. Олар патшасын «Көк тəңірінің өзі жаратқан адамы» деп түсінді. Ғұндар көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрды. Көшпелі мемлекеттің 16 негізгі белгілері осы ғұндар дəуірінде қалыптасты. Құрылтай жиналысы дүниеге келді. Ғұндардың өзінің əдет-ғұрпына негізделген заң ережелері болды. Онда жер-су мəселесіне ерекше мəн берілді. Ғұндар мемлекетінде, Қытай деректеріне қарағанда, тұрақты ғұн əскерінің саны 300 мың болған. Ресми іс-қағаздарын жүргізіп, мөр басу рəсімі қалыптасты. Ғұндар мемлекеті б.з.д. III ғасырдан б. з. V ғасырының жартысына дейін өмір сүрді. Əрине, басқа көшпелі империялар сияқты олар бірде күшейіп, бірде əлсіреп отырды. Ғұн тайпалары қазіргі Оңтүстік Маньчжурия, Оңтүстік Монголия жерінде б.э.д. II мыңжылдықтың соңы I мыңыншы жылдықтың басында көшпелі тайпалар ретінде қалыптасты. Көшпелі ғұндар отырықшы қытайларға күйрете шабуыл жасап тұрды. Садақпен, найзамен қаруланған, атты əскерлі ғұндар жаяу қытайларды беттетпеді. Ғұндар қытайлармсн мəдени, бейбіт қарым-қатынаста да болды. Көне қытай тарихшылары Сыма Цянь (б.э.д. 135-67 ж.ж.) ғұндардың сулы жəне шалғыңды жерді іздеп малмен бір қоныстан екінші қонысқа көшіп отыратынын, тұрақты мекенді білмейтінін, шығатын есігі шығысқа қараған киіз үйлерде тұратынын, етпен тамақтанып, қымыз ішіп, киімді əртүрлі жүн маталардан жасайтын, кім күшті, батыл, даулы мəселелерді шешуге қабілетті болса, соларды басшы қоятынына назар аударады. Мұрагерлік дегенді білмейтінін, жүзден мыңға дейінгі жұрты қауым құратынын, басшыларынан бастап соңғы бағынышты адамына дейін əркім өз малын өзі бағатынын, біреу-біреуге қызмет жасамайтынын, əйелдің пікірін тыңдайтынын, соғыстарға ерекше көңіл бөлетінін жазады. Бұл деректен ғұндардың əлі де таптық қоғамды білмейтін əскери демократия сатысында өмір сүргенін байқауға болады. Б.э.д. IVғасырда Қытай деректері алғаш рет ғұндарды өзінің қарсыласы ретінде атап, олармен болған соғыстарда алма кезек жеңістердің болғанын жазады. 

...

Скачать:   txt (7.3 Kb)   pdf (100 Kb)   docx (308.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club