Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның саяси-әкімшілік элитасының жаһандық әлеуметтік-экономикалық сын-қатерлерді еңсерудегі рөлі

Автор:   •  Декабрь 4, 2020  •  Доклад  •  2,025 Слов (9 Страниц)  •  590 Просмотры

Страница 1 из 9

82.13.01

ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ-ӘКІМШІЛІК ЭЛИТАСЫНЫҢ ЖАҺАНДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕРДІ ЕҢСЕРУДЕГІ РӨЛІ

Есжан Арай Нұрғазыұлы

Магистрант, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан Республикасы

esjan.aray178@mail.ru, +77768289818

Аңдатпа. Мақалада заманауи мемлекеттің саяси-әкімшілік элитасына анықтама берілген. Қазіргі кезеңде Қазақстанның саяси-әкімшілік элитасын қалыптастырудың ерекшеліктері анықталды. Қазақстанның саяси-әкімшілік элитасына маңызды рөл берілетін ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен ҚР қазіргі Президенті Қ.К. Тоқаевтың бағдарламалық құжаттары бойынша әлеуметтік-экономикалық сипаттағы негізгі жаһандық сын-қатерлер белгіленді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев негізін салған және ҚР Президенті Қ.Қ. Тоқаев жалғастырған бағдарламалық құжаттардың сабақтастығы анықталды. Қазақстанның саяси- әкімшілік жүйесін реформалау жаһандық әлеуметтік-экономикалық сын-қатерлерге жауап беруге, соның ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, әлеуметтік желілерде ашықтық, мәселелерді өз құзыреттері шеңберінде шешуге дайындық, өңірдің қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, әрбір есепті соманың қайтарымдылығын қамтамасыз ету, әлемдік ақпараттық технологиялармен интеграциялау, жергілікті инфрқұрылымды дамытуға ұмтылады.

Аннотация. В статье дано определение политико-административной элите современного государства. Определены особенности формирования политико-административной элиты Казахстана на современном этапе. Обозначены основные глобальные вызовы социально-экономического характера по программным документам Елбасы РК Н.А. Назарбаева и действующего президента РК К.К. Токаева, в которых важная роль отводится административно-политической элите страны. Выявлена преемственность программных документов, заложенных Елбасы Н.А. Назарбаевым и, продолженных Президентом РК К.К. Токаевым. Реформирование политико-административной системы Казахстана стремится ответить глобальным социально-экономическим вызовам в сфере интеграции с мировыми информационными технологиями, которые предполагают борьбу с коррупцией, открытость в социальных сетях, готовности решать проблемы в рамках их компетенций, эффективно использовать финансовые ресурсы региона, обеспечивать возвратность каждой подотчетной сумме, развивать местную инфраструктуру.

Abstract. The article provides a definition of the political and administrative elite of the modern state. The features of the formation of the political and administrative elite of Kazakhstan at the present stage are determined. The main global social and economic challenges are outlined according to the program documents of the Elbasy of the Republic of Kazakhstan N.A. Nazarbayev and the current President of the Republic of Kazakhstan K.K. Tokayev, in which an important role is assigned to the country's political and administrative elite. The continuity of the program documents laid down by Elbasy N.A. Nazarbayev and continued by the President of the Republic of Kazakhstan K.K. Tokayev. Reforming the political and administrative system of Kazakhstan seeks to respond to global socio-economic challenges in the field of integration with world information technologies, which imply the fight against corruption, openness in social networks, readiness to solve problems within their competence, to use the financial resources of the region effectively, to ensure the return of each accountable sum, to develop local infrastructure.

Кілт сөздер: жаһандық сын-қатерлер, саяси-әкімшілік элита, мемлекеттік басқару, мемлекеттік органдар, тұжырымдамалар.

Ключевые слова: глобальные вызовы, политико-административная элита, государственное управление, государственные органы, концепции.

Key words: global challenges, political and administrative elite, public administration, state bodies, concepts.

Қазіргі замандағы жаһандық сын-қатерлер – ол өркениеттің болашағы мен адамзаттың прогресі шешілуіне байланысты туындайтын табиғи, мәдени, әлеуметтік және экономикалық проблемалардың жиынтығы. Жаһандық проблемалар әлемдік мәдениеттің дамуының жанама әсері ретінде пайда болады және оларды шешу үшін бүкіл адамзаттың күш-жігерін жұмсауды қажет етеді. Мемлекеттердің өсіп келе жатқан өзара тәуелділігі, әсіресе әлемдік экономикалық дағдарыстар кезінде айқын көрінуде, бұл олардың арасындағы қатаң бәсекелестікті күшейтеді. Нәтижесінде мемлекеттік басқарудың анағұрлым тиімділігіне қол жеткізуге және осы салада нысаналы өзгерістер жүргізуге бағытталған күш-жігер қазіргі заманғы мемлекеттер саясатының ажырамас бөлігіне айналады. Бұл ретте мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылын ұйымдастыру, азаматтарды басқару процестеріне тарту жүргізіліп жатқан өзгерістердің маңызды элементіне айналуда. XXI ғасырдың басында дәл осы бағдарлар Қазақстандағы әкімшілік реформалаудың басымдығын белгіледі.

...

Скачать:   txt (31.7 Kb)   pdf (137.6 Kb)   docx (17.5 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club