Саясаттың қоғамның басқа салаларымен өзара әрекеттесуі
Автор: sakhtvayeva.saya • Февраль 25, 2022 • Доклад • 268 Слов (2 Страниц) • 328 Просмотры
Саясаттың қоғамның басқа салаларымен өзара әрекеттесуі
Саясаттану қоғамның басқа салаларымен тығыз байланысты. Себебі, олардың барлықтарының бір ғана зерттеу обьектісі бар, ол – Қоғам. Бірақ қоғамтануды зерттейтін әр ғылымның өзіндік мәні бар және әр ғылымның алатын орны бөлек.
Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, казіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси–құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниедүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді.
Саясаттану ең біріншіден, құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы арақатынасын, бір-бірімен байланысын, жүріс-тұрысын зерттейді. Құқық К.Маркс заңға айналдырған экономикалық үстем таптың еркі деп атаған.
Екіншіден, философиямен байланысты. Философия - жалпы және фундаменталды сауалдар туралы зерттеу болып, ол болмыс, білім, құндылық, ақыл, зерде және тіл секілді өзекті проблемаларға бағытталады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заңдылықтарын нақтылайды, айқындайды, саяси танымды тереңдетеді , саяси көзқарасты қалыптастырады. Саясаттану өмірдің жалпы жақтарын қарастырғанда философия тұжырымына сүйенеді, ал саясаттың нақтылы жақтарына келгенде философия саясаттануға жүгінеді.
...