Саясаттың қоғамның басқа салаларымен өзара әрекеттесуі
Автор: Нурила Дулатова • Февраль 20, 2023 • Реферат • 826 Слов (4 Страниц) • 244 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті «Механика математика»
Кафедрасы «Математика»
СӨЖ
Тақырыбы: «Саясаттың қоғамның басқа салаларымен өзара әрекеттесуі.»
Орындаған:Дулатова Нұриля
Тексерген:Шынгысбаев Лескен
«Саясаттың қоғамның басқа салаларымен өзара әрекеттесуі.»
Жоспары:
1.Саяси жүйе ұғымы,оның мәні,құрылымы
2.Саясаттың қоғамның саяси жүйесінің басқа салаларымен өзара әрекеттесуі
3.Қазақстан Республикасының саяси жүйесі
Қазіргі кезеңде саясат пен саяси көзқарастарға, саяси институттардың қызметіне деген қызығушылық арта түсуде және бұлардың экономикаға, идеологияға, мәдениетке тигізетін ықпалы да өсуде.Саясаттанудың ғылым ретіндегі қамтитын мәселелерінің ауқымы өте кең.Сондықтан бір тақырыптың аясында саясаттанудың ғылым ретіндегі күллі мәселесін жан-жақты әрі барынша терең қарастыру мүмкін емес.Саясаттанудың көтерген идеялары мен қағидалары жалпы адамзаттық құндылықтарды саяси ой арқылы қол жеткізген ортақ табысы болып табылады және олар кең түрде қолданылатын интернационалдық атауларда кезігіп отырады.Саясаттану пәні туралы ғылыми әдебиеттердегі пайымдауларда әлі күнге дейін тиянақты пікірлер қалыптаспаған.Сондықтан да саясаттану пәні әр түрлі саяси мектептер, бағыттар және әр түрлі зерттеушілер тарапынан әр қилы сипатталады.
Саясаттану пәні әр түрлі тұрпаттағы саяси жүйелердің құрылымдары мен қызметінің ерекшеліктерін зерттейді, саяси өмір жөнінде білім береді. Саясаттану саясаттағы тиімді, сондай-ақ, дұрыс қарастырылмайтын факторларды да талдайды. Қоғамның саяси жүйесі елдің саяси қызметіне қатысып, саяси билікті жүзеге асыратын саяси институттардың, ұйымдардың, топтар мен жекелеген адамдардың жиынтығы.Бұл барлық органдары бар мемлекет қызметтерінде айқын саяси бағыты бар партиялар мен қоғамдық ұйымдар, қатаң саяси реңкі болмаса да, мемлекеттің саясатына манызды әсер ете алатын, қоғамдық, ұйымдар, сондай-ақ өскелен ұрпакты тәрбиелеу мен білім беруді жүзеге асыратын барлық мекемелер.
Саясаттың әлеуметтік міндеті қоғамдық дамуда әділ әлеуметтік тәртіпті нығайту, мемлекеттік күштеуді тежеу және адам құқығының басымдылығын қамтамасыз ету болып табылады. Адамзат қоғамының дамуымен бірге саясат ұғымының мазмұны да байып, дамиды. Адамзат өркениетінің қазіргі эволюциясы жағдайында саясат қоғамды модернизациялаудың құралы, әдісі және жолы болып табылады. Осындай саясат қоғамдық жүйені өзгертудің, жаңартудың құралы, тәсілі және әдісі бола отыра, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларды дамытуды үнемі күн тәртібіне қояды және іске асырады. Қоғамдық қатынастардың құрамдас бөлшегі ретінде саясат- ғылым, адамдар оны пайдалануға түрлі айла-амалдар қолдануына байланысты саясат-өнер. Саясат билік және мемлекетпен ықпалдасып барып, шындыққа айналатын құбылыс. Сондықтан саясатқа ат үсті қарау қауіпті. Сол себепті саясаттанушылар арасында «сен саясатпен араласпасаң, сенімен саясат айналысады» деген қанатты сөз бар. Бұл шындық. Себебі, адам күрделі қоғамдық өмірдегі саясат билігін үнемі сезінеді. Адамдарды билік өз саясатына бағындырудың сан-түрлі айла, әрекеттерін жасап бағады. Ал, азамат, тұлға өз мүддесін қорғау үшін саясатты білуге міндетті. Саясатты білу, саяси белсенділік және саяси мәдениет халықтың да, биліктің де сапасын көтеруге көмектеседі. Аристотельдің пікірінше, «саясатты білетін адам әдемі өмір сүре алады». Қазіргі кезеңде саясат пен саяси қатынастарға, саяси институттардың қызметіне деген қызығушылық арта түсуде және бұлардың экономикаға, идеологияға, мәдениетке тигізетін ықпалы да арта түсуде. Саясатты, саяси қатынастарды, мемлекеттік билікті зерттеу бірқатар қоғамдық пәндердің шеңберінде, ең алдымен, саясаттану саласында жүзеге асады. Сол себепті қоғамтану ғылымдарының құрылымында саясаттану пәні берік орын алып отыр. Саясаттану негіздері қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән-мағынасын терең түсініп білуге, адамдардың өмірінде алатын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Саяси ғылымдардың негіздерін меңгеру арқылы, әсіресе, қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық-саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс-әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттың сыр-сипатын, қилы құбылыстарын жете ұғынуға, басқа адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің мақсат-мүддесін білдріп, оны қорғауына кең жол ашады, жалпы халықтық қазыналарға негізделген демократиялық тәртіпті құрметтеуге, ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді. Саясаттану адамдарға саяси қажеттіліктерін мемлекет тарапында іске асырудың жолдары мен әдістерін дұрыс таңдап алуға, демократиялық тәртіптерді және қоғамдық институттарды қалыптастыруға көмектеседі. Ол саяси төзімділікті, келісімге, серіктестікке, мәмілеге келе білуді, саяси шиеленіс, дау-жанжалдарды дер кезінде шешуді, ұлтжандылықты, қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық парызды, жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді. Сонымен, қазіргі әлемде саясаттануды оқып-үйренуге деген қажеттілік мемлекеттік жүйелердің халықтың басым көпшілігін саясатқа араластыруға байланысты екендігімен түсіндіріледі. Адамдардың саясатқа қатысып, салиқалы шешім қабылдауы өзінен-өзі тумайды. Ол үшін газет, журналдарды оқып, радио тыңдап, теледидар көру де аз. Ондағы материалдарды сындарлы сараптап, шынайы қорытынды шығару, саяси өмірдің субъектісі болу үшін жүйелі түрде саясат теориясын игеріп, саяси процеске қатысу жолдарын арнайы оқып-үйрену, іс жүзіндегі тәжірибе керек. Дамыған демократиялық елдерде саяси ғылым әлдеқашан осы сияқты ғылыми білімнің органикалық бөлігі болып қана қоймай, қоғамның бүкіл рухани өмірін ұйымдастыру жолындағы ажырамас элементіне айналды деуге болады.
...