Саясаттың қоғамның басқа салаларымен өзара әрекеттесуі
Автор: Gaukhar0914 • Февраль 12, 2022 • Реферат • 774 Слов (4 Страниц) • 508 Просмотры
Саясаттың қоғамның басқа салаларымен өзара әрекеттесуі.
Саясаттану – саясат пен билік туралы ғылым. Қазіргі таңда саясатта болып жатқан түрлі өзгерістерге байланысты, саясаттану ғылымынан хабардар болу барлық адамдарға қажет деп ойлаймын. Әлихан Бөкейханов: “Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады”,-деген екен. Расымен де, халық саясатты ұғынбаса, түсінбесе билік басындағылар қалағанын жасап, халықтың ойымен санаспас еді.
Қазіргі оқу – орындарында саясаттану пәні қарастырылған. Ол пән арқылы оқушылар мен студенттер саясаттың ішкі құрылысын зерттеп, түсіне алады. Менің ойымша бұл дұрыс шешім. Қазіргі жастардың көкірегі ояу, көзі ашық болуына апаратын жол – білім мен ізденіс. Сондықтан біздер, яғни жастар болып саясатты зерттеуден қашпауымыз керек.
Менің болашақ мамандығым – саясаттанумен тікелей байланысты. Болашақ мұғалімдер мен оқытушылар үшін саясаттанудың маңызы зор. Себебі біздің мамандығымыз билік пен саясатқа тура байланысты. Мәселен, соңғы жағдайларға қарайтын болсақ коронавирусқа қарсы екпені бірінші болып мұғалімдер алды десек те болады. Себебі ұстаздар мемлекеттік жұмысшы болғандықтан, саясатта болып жатқан өзгерістерге ат салысып отырады. Сонымен қатар мұғалімдер мен оқытушылар қаншама студенттер мен оқушыларды даярлайды. Оларға сабақ беру барысында саясаттан бейхабар болып тұру ұстаз үшін ұят нәрсе. Керісінше оқушылардың бойындағы саяси танымдарын оятып, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді түсіндіріп отырса – міне нағыз сапалы ұстаздың көрінісі. Оқушыларға тек белгілі бір пәннен теория түсіндірмей, өмірлік тәжірибелермен бөлісіп, соңғы жағдайларды талқылып отыру өте маңызды деп ойлаймын. Келесі кезекте, айтатын дүнием саясаттың қазақ жеріндегі мазмұны, оның пән ретінде қарастырылулары....
Қай ұлттың болсын өткенін, шыққан тегін, қалай пайда болып, қалай дамығандығын білу үшін оның тарихымен танысып жатамыз. Осы тұрғыда, сүйенетін ең бірінші, маңызды құралымыз - саяси мәселелерден туған көзқарастар! Бұндай көзқарастардың қалыптасу кезеңі қoғaмның дiни тaным түciнiгiнeн өтiп, caнaғa, ақылға сүйeнгeн кeзeңiмeн caбaқтacып жaтты. Сонымен қатар, бұл кeзeңдep әлeyмeттiк өндipic дaмy caтыcындaғы тaптap мeн мeмлeкeттiң шығyымeн тұтac кeлдi. Ал тұтастытың негізі болып, оны тудырған әрине – саяси мәселелер екендігін айта кеткендігіміз жөн.
Қазақстандағы саяси мәселелерді шешуде биліктің тұтынатын арнайы тәсілдері болады. Саяси мәселелердің билік пен халық үшін өзекті болатындығын аңғарып, келесі айтатын сөзімізде саяси факторлардың тарихи және адам құқығының дамуы қырлары бойынша тоқталдық. Мемлекетіміздегі құқық қағидалары мен түсінігінін одан әрі бекіту кезінде ел азаматтарына арналған конституациялық заңға сүйенеміз. Осы тұрғыда, ол заңдарды одан әрімен жүзеге асыру қоғам үшін маңызды екендігін ескере отырып, елдегі органдардың, мемлекеттік жұмыста қызмет ететін мүшелер мен лауазымды тұлғалардың конституацияны орындау міндеті деп айтсақ болады. Шынында – ақ, елімізде құқықтың мәселенің алдын алу кезіндегі саяси режимнің дамуы бойынша көптеген іс – шаралар жүргізілді. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы тамыз айының он жетінші жұлдызында қабылдаған: «ҚР-нда адам құқығын қорғау мен сот жүйелерінің тиімділігін дамыту жөніндегі іс – шаралар туралы» жарлығының шығуы мемлекетімізде болып жатқан саяси мәселелердің алдын алу реформасын өзекті деп қарастырсақ болады. Бұл тұрғыда, елде болып жатқан саяси мәселелерде мемлекеттік биліктің жасаған жұмыстарының маңызды болатындығын айта кеткендігіміз жөн. Қазақстанда болған зиялы қауым жиналған жиында Елбасымыз саяси билік жүйесі бойынша:«Бұл – Қaзaқ eлiнiң apғы-бepгi тapихи жoлын oй eлeгiнeн өткiзiп: Кeшe кiм eдiк? Бүгiн кiмбiз? Epтeң кiм бoлaмыз? – дeгeн төңipeктe oйлaнcын дeгeн cөз. Бұл әpбіp aзaмaт тyғaн елiнiң, тyғaн хaлқының тaғдыpы eшкiмдiкiнeн дe oлқы eмecтiгiн түciнciн дeгeн cөз. Бұл – әpбip aзaмaт тapих қoйнayынa oйшa тepeңдey apқылы өзiнiң aтa-бaбaлapы қaлдыpғaн ocындaй кeң бaйтaқ жepдiң лaйықты мұpaгepi бoлyғa ұмтылcын дeгeн cөз» - деп бaғa беріп өзінің айтылған ойы арқылы жинaлғaн жұpтшылыққa тepeң oй caлyмeн қaтap, қoғaмдық ғылым caлaлapына, әcipece мeмлeкeт жәнe құқық тapихын зepттeyшiлepгe зop мiндeттepдіiң жүктeлiп oтыpғaндығын көpceттi.
...