Баламалы энергия түрлері
Автор: Гүлжанат Байбури • Декабрь 6, 2022 • Реферат • 5,655 Слов (23 Страниц) • 410 Просмотры
[pic 1]
[pic 2][pic 3]
[pic 4]
[pic 5]
МАЗМҰНЫ
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Баламалы энергия түрлері
- Күн энергиясын жылу энергиясына түрлендіретін жүйелер (Гелиожүйелер)
- Күн энергиясымен жылытатын гелиожүйелерінің жылулық сұлбалары
- Жазық және шоғырландырғыш (фокустағыш) күн коллекторлары
- Түтікті вакуумдалған күн коллекторы
- Күн коллекторларының тиімділігін арттыратын тәсілдер
- Жылубак-аккумуляторлары
- Технологиялық бөлім
- Негізгі формула - аудан бойынша қуатты есептейміз
- Жылыжайлар үшін күн коллекторын есептеу
- Ыстық сумен жабдықтау жүйесін есептеудің графикалық әдісі
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Баламалы энергия көздері. Мұнай, газ және көмір сияқты дәстүрлі энергия көздерінің қоры айтарлықтай азаюда және олардың құны айтарлықтай жоғарылауда, ал оларды пайдалану планетада парникті әсердің пайда болуына алып келеді, көп елдер өзінің энергетика саясатында энергияның баламалы көздеріне қарай назарларын аударып жатыр.
Энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің біріне айналды. Өнеркәсібі дамыған әлемнің барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу шаралары дұрыс жолға қойылған. Өйткені көмірмен және көмірсутегімен жұмыс істейтін жылу электр станциялары түбі бір экологиялық проблемалардың асқынуына әкеп соқтырады. Сондықтан әлем қайта қалпына келетін жергілікті энергия көздерін энергия үнемдеудің басты қайнар көзі ретінде қабылдап отыр. Біріншіден баламалы энергия қуат көздерін тиімді пайдалану энергияны үнемдеуге мүмкіндік берсе, екіншіден экологиялық мәселелердің түйінін тарқатады деуге болады.
Баламалы энергия көздері-бұл экологиялық таза, жаңартылатын ресурстар, оларды қайта құру кезінде адам өз қажеттіліктері үшін пайдаланылатын электр және жылу энергиясын алады. Мұндай көздерге жел мен күн энергиясы, өзендер мен теңіздердің суы, жер бетінің жылуы, сондай-ақ жануар мен өсімдік тектес биологиялық массадан алынатын биоотын жатады.
- Негізгі бөлім
- Баламалы энергия түрлері
Түрлендірудің нәтижесінде адамға күнделікті өмірде пайдаланылатын электр және жылу энергиясын алуға мүмкіндік беретін энергия көзіне байланысты баламалы энергия оны тудыру тәсілдерін және ол үшін қызмет ететін қондырғылардың типтерін анықтайтын бірнеше түрге жіктеледі.
Күн энергетикасы -күн энергиясын түрлендіруге негізделген, нәтижесінде электр және жылу энергиясы алынады.
[pic 6]
- – сурет – Күн энергиясы
Электр энергиясын алу күн сәулесінің әсерінен жартылай өткізгіштерде болатын физикалық процестерге, жылу алу – сұйықтықтар мен газдардың қасиеттеріне негізделген.
Электр энергиясын өндіру үшін негізі кремний кристалдары негізінде жасалатын күн батареялары (панельдер) болып табылатын күн электр станциялары жиынтықталады.(1.1- сурет)
Жылу қондырғыларының негізі – бұл күн энергиясы, жылу тасымалдағыштың жылу энергиясына айналатын күн коллекторлары болып табылады.
Мұндай қондырғылардың қуаты жылу және күн станцияларының құрамына кіретін жеке құрылғылардың саны мен қуатына байланысты.
Жел энергетикасы - ауа массаларының кинетикалық энергиясын тұтынушылар пайдаланатын электр энергиясына түрлендіруге негізделген..(1.2- сурет)техникалық параметрлері, габариттік өлшемдері мен конструкциялары бойынша ерекшеленеді: көлденең және тік айналу осі бар, түрлі типті болып бөлінеді. Жел энергетикасында үлкен мұнаралы желдеткіштер арқылы энергия жинап, оны электр энергиясына айналдырады және де бұл мұнаралар желді аумақтарды койылады.
...