Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы құқықтық мәртебесі

Автор:   •  Ноябрь 26, 2018  •  Курсовая работа  •  17,482 Слов (70 Страниц)  •  673 Просмотры

Страница 1 из 70

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................6

1 тарау Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуының алғышарттары және құқықтық негіздері......................................................10

1.1 Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуының алғышарттары мен  Қазақстан Республикасының кеден саясаты мен оның қазіргі таңдағы даму бағыттары………………………………………………………………………...10

1.2 Еуразиялық экономикалық  қауымдастық шеңберінде Кеден Одағын  құрудың алғышарттары және құқықтық негіздері (Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің негізінде)..................................................................19

2тарау Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы құқықтық мәртебесі…………………………………………………………………………26

2.1 Еуразиялық экономикалық одақтың ұйымдық құрылымы мен органдарының шешім қабылдау тәртібі………………………………………..26

2.2 Еуразиялық экономикалық одақтағы тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеудің құқықтық мәселелері……………………………………38

2.3 Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымының құқықтық ерекшеліктері………………………………………....……………...45

ҚOPЫТЫНДЫ………………………………………………………………....58

ПAЙДAЛAНҒAН ӘДЕБИЕТТЕP ТІЗІМІ…………………………………..62

КІРІСПЕ

  Диплoм жұмыcының тақырыбы: Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық мәртебесі

Диплом тақырыбының өзектілігі. Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен әлем мемлекеттері арасындағы мәселе бүгінгі таңда мемлекеттер арасындағы жарқын ынтымақтастықтың көрінісі екені айғақ.

Егемендік табалдырығын аттаған Қазақстан үшін берерінен алары көп әлемдік қауымдастыққа шығуының «алтын көпірі», қадамын нық басып, Қазақстанның одан әрі дамуына септігін тигізбек. Бұл интеграцияның екі үлкен кезеңін Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың ұсынысымен бір шартпен қосып қабылдады. Мемлекет басшыларының айтуынша Еуразиялық экономикалық одағын құру барысындағы біртұтас экономикалық кеңістіктің біраз мәселелері шешіліп Біріккен экономикалық кеңістікке өту жеңілденеді деп шешкен.

Ең бастысы, аталған Одақ көлемінде – 170 миллион адамы бар, жалпы ішкі өнімінің көлемі 2 триллион долларға жуық үлкен нарық ашылады. Мұның өзі тұтыну нарығының айтарлықтай әлеуетке ие екенін көрсетіп тұр. Алайда, біздің ел үшін Одақтың көлеңкелі тұстары да жеткілікті. Мәселен, Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы былтыр 20 млрд. долларға дейін өсіпті. Десе де, Ресей Қазақстанға 8 млрд. долларға жуық тауарды артық әкелетін көрінеді. Бұл бір жағынан, Ресейдің өндірістік әлеуетінің мүмкіндігін әйгілесе, екінші жағынан экономикалық байланыстарымызда әлі де сыңар жақтылықтың барлығын көрсетеді. Мәселен, жұртшылық автокөлік бағасына қатысты көбірек алаңдаушылық танытуда. Өйткені, ресми зерттеулер қазіргі күннің өзінде Қазақстандағы көлік бағасының орынсыз қымбат екендігін анықтап отыр[1].

Тақырыптың зерттелу деңгейі.Тақырыпқа байланысты бұрын зерттеулер жүргізген отандық және ресейлік көптеген авторлар баршылық.Олар з,ғ.д.профессорлар С.С Әлібеков, С.Ж.Айдарбаевтардың еңбектерін атап өтуге болады. [2]. Көптеген авторлар, Қазақстанның жалпы сыртқы саясатының, халықаралық қызметінің әртүрлі бағыттарына, жекелеген сюжеттеріне, аспектілеріне, экономикалық әсіресе энергоресурстар саласындағы ынтымақтастыққа, көбіне Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара әрекет өлшемдеріне тоқталады. Аталған бағыттағы жұмыстар қатарына А.Е Есенбаевтың, Е.Б.Жатқанбаевтың, Б.Сомжуректің, Т.А.Толеубаевтың, Н.Исингарин мен С.Масакованың, А.Иваситаның т.б. еңбектерін атауға болады. Мысалы, Т.А. Мансуров пен Қ.К.Тоқаевтың еңбектерінде әртүрлі құжаттар мен жеке дипломатиялық тәжірибелері негізінде Ресей және ТМД-ның басқа елдерімен интеграцияны дамыту мақсатындағы ҚР-ның сыртқы саяси стратегиясы мен халықаралық қызметі баяндалады[3].

...

Скачать:   txt (261.5 Kb)   pdf (686.2 Kb)   docx (100.4 Kb)  
Продолжить читать еще 69 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club