Договоры в международном праве
Автор: darhan_2001 • Декабрь 10, 2020 • Контрольная работа • 725 Слов (3 Страниц) • 300 Просмотры
1- Тапсырма: төменде берілген кішігірім кейстердің бірін таңдап жауап беріңіз.
Бағалау критерийлері IRAC алгоритмі бойынша: құқықтық мәселе 15%, қолданылатын құқық 15%, дәйектеме 60%, қорытынды 10%.
Тапсырма жалпы бағаның 20% құрайды.
- Альфа және Бета мемлекеттері БҰҰ Халықаралық сотына Гамманың атмосферада ядролық қаруларын сынақтан өткізуіне шағымданады. Талапкерлер келесі жағдайларға сілтеме жасады: 1963 жылғы үш салада ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы Мәскеу шарты 100-ден астам мемлекетке қатысты күшіне енді; Ядролық сынаққа тыйым салу БҰҰ Бас Ассамблеясының бірнеше шешімдерінде де орын алды; Бұл 1963 жылғы келісімшарттың жалпымен танылған сипатын көрсетеді, сондықтан оның нормалары тіпті оның қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттерге де қолданылуы керек. Осыған байланысты талапкерлер соттан Гамманың әрекеттерін заңсыз деп тануды сұрады. Гамма Шартқа қосылмағанына және басынан бастап оның қатысушысы болудан бас тартқанына сілтеме жасады.
- Альфа Президенті мен Бета Сыртқы Істер Министрі екі мемлекет арасындағы экономикалық қатынастарды дамыту туралы келісімсөздер жүргізе бастайды. Келісімсөздерге сәйкес, екі мемлекет шекарасы ортадан өтетін аралда табылатын пайдалы қазбаларды өндіру қажеттілігі көрсетілді. Келісімсөздер бірлескен коммюникені қабылдаумен аяқталады. Коммюнике бойынша, аралда табылған пайдалы қазбалар өндірісі Альфа мемлекетімен жүзеге асырылып, өндірістен табылған пайданың 40% Бета мемлекетіне берілуі қажет делінген. Бірнеше айдан кейін Альфа мемлекеті аралда өндіріс зауыттарын салу барысында, Бета мемлекеті өзінің қарсылығын білдіреді. Қарсылығына сәйкес, мемлекеттер арасында жасалынған келісімшарт халықаралық шарт болып табылмайды, және оған қойылған Сыртқы Істер Министрінің қолы жарамсыз. Себебі Бетаның Негізгі Заңнамасына сәйкес, экономикалық сұрақтар бойынша кез келген халықаралық шартқа қол қою, тек Сенаттың келісімі негізінде күшіне енеді.
- Альфа және Бета мемлекеттері халықаралық әуе тасымалдары мен туризмді дамыту туралы халықаралық шарт жасасады. Шарт ережелеріне сәйкес Альфа және Бета мемлекеттері өздерінің әуе кеңістіктерін өзара еркін қолдануды бекітті. Тарихи ескерткіштер мен туристік жолдарды қолдану бойынша біркелкі баж жүйесін орнатты. Шарттың 25 бабына сәйкес, Альфа, Бета және бірнеше шекаралас мемлекеттер территориясында орналасқан «М» тарихи ескерткішін қолдану бойынша осы шарт ережелері қолданылады, делінген. Шарт 2005 жылы өз күшіне енді. 2009 жылы территориясында «М» тарихи ескерткішінің бір бөлігі орналасқан Гамма мемлекеті Альфа мемлекетінен келген туристтерді тоқтатып, олардан қосымша мемлекеттік бажды талап етті. Альфа мемлекеті бұл әрекеттерге наразылығын білдіреді. Алайда Гамманың пікірінше, Альфа мен Бета арасында жасалынған шарт Гамма мемлекеті үшін күшіне енген жоқ, және де ол осы шарттың мүшесі болып табылмайды.
2- тапсырма: Келесі берілген тұжырымдамалар ішінен біреуін таңдап, ол бойынша өз пікіріңізді жазыңыз. (250 сөзден кем емес)
- Бағалау критерийлері: дәйектеме анық, теориялық білімдерімен қоса, халықаралық құқық нормалары арқылы, сол сияқты ұлттық, халықаралық сот және квазисоттық органдардың шешімдері арқылы жүргізілуі - 50%
- заңи терминология, түсініктер, категориялар қолдануы, өз позицисын тек мораль нормалары мен жалпы әлеуметтік көзқарастар арқылы дәләлдемейді – 20%
- қолданылатын фактілер, жағдайлар және дәйектеме логикалық байланыста, критикалық ойлау арқылы құрылуы – 20%
- Нақты қорытындыларға келу – 10%
Тапсырма жалпы бағаның 40% құрайды.
- Бүгінгі күні халықаралық шарттар құқығында нақты анықталған, тұрақтанған және жалпымен танылған шартты түсіндірудің құқықтық режимі бекітілген. Ол ВК ережелерінде көрініс тапты және де Халықаралық Соттың тәжірибесімен дәлелденеді.
- Шартты түсіндіру дегеніміз тек жазбаша нысанда мемлекеттермен немесе соттармен жасалынатын түсіндіру процедурасы ғана емес, сонымен қатар түсіндіру актісі, түсіндіру процессі ретінде қарастырылатын, шарт нормаларының мазмұнын анықтаудағы акторлар әрекеттері
Халықаралық Шартты түсіндіру дегеніміз-Шарттың мазмұнын, оның объектісі мен мақсаттарын, оның ережелерінің шынайы мағынасын және Тараптардың белгілі бір жағдайда оларды қолдану нәтижелерін ескере отырып, Шарттың мақсаттарына қол жеткізуге деген ниетін анықтау. Халықаралық құқықта шартты түсіндіру дегеніміз тек жазбаша нысанда мемлекеттермен немесе соттармен жасалынатын түсіндіру процедурасы ғана емес. Сонымен қатар интерпретацияны жүзеге асыру үшін түсіндіру актілері қолданылады. Халықаралық шартты түсіндіру процесі күрделі жүйелі түрде байланысты әрекеттерден тұрады.
...