Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Конституция бойынша коллоквиум

Автор:   •  Сентябрь 3, 2021  •  Практическая работа  •  269 Слов (2 Страниц)  •  232 Просмотры

Страница 1 из 2

Конституция бойынша коллоквиум

        Конституция-яғни,ата заң, мемлекеттің негізгі заңы. Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады. Болжалды қолданылу мерзіміне қарай Конституция тұрақты және уақытша Конституцияларға бөлінеді. Уақытша Конституциялар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет болатын өтпелі кезеңде қабылданады.

Алғашқы Қазақстан Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда КСРО құрылғаннан кейін 1925 жылғы РСФСР Конституциясы ескеріле отырып, ҚазАКСР Орталық Атқару Комитетінің қауылысымен түпкілікті редакцияда қабылданды, өйткені бұл кезде Қазақстан РСФСР-дың бір бөлігі еді.

 Ең алғашқы егемен Қазақстанның Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. 1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды.

Алғашқы Конституцияның мәні мен маңызына келетін болсақ, бұл құжат Президенттің көрсеткен мақсаты бойынша төрт басты мәселеге жауап беруі және соған жағдай жасауы тиіс болатын.

        Қазіргі Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

...

Скачать:   txt (3.8 Kb)   pdf (44.1 Kb)   docx (7.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club