Бала (қыз) асырап алуды құқықтық реттеу
Автор: aigerim10u1 • Сентябрь 3, 2022 • Реферат • 4,652 Слов (19 Страниц) • 157 Просмотры
Тақырып 6: Бала (қыз) асырап алуды құқықтық реттеу.
Жоспар:
- Бала асырап алудың тәртібі, жағдайлары
- Бала асырап алудың түсініктемесі:балаларға қатысты туындайтын асырап алу қатынастары.
- Бала асырап жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу.
- Бала асырап алудың күшін жою және тоқтату.
Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 77, 190, 191-баптарына сәйкес бала (қыз) асырап алу бала (қыз) асырап алу туралы соттың шешімі шығарылған жердегі АХАЖ органдарында міндетті түрде тіркеуге жатады.
Бала (қыз) асырап алу туралы заңды күшіне енген шешімді сот үш күндік мерзімде шешім шығарылған жердегі АХАЖ органына жібереді. Бала (қыз) асырап алу туралы акт жазбасының мазмұнын сот шешімі анықтайды, онда сондай-ақ асырап алынған баланың (қыздың) тууы туралы акт жазбасына нақты қандай езгерістер енгізілгені көрсетіледі.
Бала (қыз) асырап алуды тіркеу бала (қыз) асырап алушылардың немесе солардың бірінің арызы бойынша, ал мұндай арыз болмаған жағдайда бала (қыз) асырап алу туралы соттан алынған шешімнің көшірмесінің негізінде жүргізіледі. Бала (қыз) асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесін алғаннан кейін (соттың жолдама хатымен қоса немесе онсыз) АХАЖ органы соттың күшіне енген шешімінің көшірмесін алған сәттен бастап ұш күндік мерзімнен кешіктірмей бала (қыз) асырап алуды тіркейді.
Жазбаның 19-бағанасында "Тіркеу соттың шешімі бойынша жүргізілді" деген белгі соғылады, ал егер бала (қыз) асырап алу туралы шешім жолдама хатпен бірге келіп тұссе, онда сондай-ақ осы хаттың нөмірі және күні көрсетіледі.
Егер акт жазбасы (5 қосымшаға сәйкес) сот шешімінің негізінде жасалса, онда бала асырап алуды тіркеу туралы арыз келіп түскен кезде ол жетіспей жатқан мәліметтермен толықтырылады, ал бала асырап алушыға бала асырап алу туралы куәлік (13 қосымшаға сәйкес) және қажет болған жағдайда баланың тууы туралы жаңа куәлік беріледі.
Бала (қыз) асырап алуды тіркеу туралы арыздар жазбаша нысанда жазылуы тиіс. Бала (қыз) асырап алуды тіркеу кезінде арыз берушілер лауазымды адамның қолымен және сот мөрімен куәландырылған бала (қыз) асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесін, сондай-ақ асырап алынған баланың (қыздың) тууы туралы куәлігін ұсынуы тиіс. Егер бала (қыз) асырап алу туралы сот шешімі алынып қойған болса, оны арызданушыдан талап етудің қажеті жоқ.
Асырап алынған баланың (қыздың) тууы туралы акт жазбасы жоғалған жағдайда, бала (қыз) асырап алуды тіркеу осы Ереженің 9-бөліміндегі тәртіпте қайта қалпына келтірілгеннен кейін ғана жүргізіледі.
Жоғалған жазуды қайта қалпына келтіру туралы арызды АХАЖ органына бала (қыз) асырап алған адамдар, ата-ана (егер сот шешімі бойынша оның балаға қатысты құқықтары мен міндеттері сақталатын болса), қорғаншылық және қамқоршылық органы, он алты жасқа толған асырап алынған баланың (қыздың) өзі, сондай-ақ баланы тәрбиелеп жатқан адамдар мен мекемелер бере алады.
АХАЖ органы бала (қыз) асырап алу туралы сот шешімі шығарылғаннан кейін өткен мерзімге, асырап алынған баланың (қыздың) тіркеу сәтіндегі жасына қарамастан бала асырап алуды тіркеуге міндетті.
Бала (қыз) асырап алушылар тұратын орнын өзгерткен немесе басқа елді мекенде тұрып, ол жерден бала (қыз) асырап алу шешімі шығарылғаннан кейін оны АХАЖ органында тіркеместен шығып кеткен жағдайларда, бала асырап алуды тіркеу баланы (қызды) асырап алушылардыңтұратын жеріндегі АХАЖ органы арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда бала (қыз) асырап алу туралы сот шешімі және жазба түсіру үшін қажетті бала (қыз) асырап алушылар туралы мәліметтер бала (қыз) асырап алу туралы шешім шығарылған жердегі АХАЖ органына қайта жіберіледі.
АХАЖ органы бала (қыз) асырап алуды тіркеу үшін материалдарды алғаннан кейін, бала (қыз) асырап алу туралы жазба түсіріп, табыс ету үшін бала (қыз) асырап алушылардың тұратын жеріндегі АХАЖ органына бала асырап алу туралы куәлік жібереді.
Акт жазбасының 22-бағанасында
"Тіркеу__________АХАЖ бөліміне келіп түскен материалдар
(АХАЖ органы атауы)
бойынша жүргізілді" деген белгі соғылады.
Бала (қыз) асырап алуды тіркеу кезінде бекітілген нысан бойынша екі дана етіліп бала (қыз) асырап алу туралы акт жазбасы жасалады.
...