Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алматы қалалық лас суларды тазарту станциясының құрылымы және қызметі

Автор:   •  Январь 11, 2021  •  Реферат  •  3,042 Слов (13 Страниц)  •  7 Просмотры

Страница 1 из 13

              «ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ»                        

                           КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

[pic 1]

                                 

                           «ВЕТЕРИНАРИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ

                  «ВЕТЕРИНАРЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ САРАПТАУ                                                  

                                   ЖӘНЕ  ГИГИЕНА»КАФЕДРАСЫ

   РЕФЕРАТ

Тақырыбы:  Алматы қалалық лас суларды тазарту  станциясының құрылымы және қызметі

                                                                      Орындаған: Галпай Ұлпан ВС-413

                                                                        Тексерген: Қалан  Кәсира

                                           Алматы, 2020жыл

Жоспары:

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

    2.1. Алматы қаласындағы лас суларды зерттеу обьектілері

     2.2. Ластану дәрежелері мен суды тазалаудың әдістері

     2.3. Жалпы маңыздылығы

ІІІ.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

                                                І.Кіріспе

       Жалпы планетарлық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға жатады. Өйткені оның жалпы планетадағы мөлшері мұхит, атмосфера және құрылықта үнемі жүріп отыратын су айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады. Су планетамыздың 70,8% бөлігін алып жатыр. Бүкіл су қорының 97% Әлемдік мұхиттың үлесіне тиеді. Тұщы сулардың көпшілігі (70%) қар және мұздықтар түрінде. Жер асты сулардың еншісіне тұщы су қорларының 23% тиеді.

      Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі    ластаушылармен: пестицидтермен және химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Өнеркәсіпті елдерде су айдындары мен су қоймаларының ластануы күннен-күнге артуда. Мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы бүкіл дүние жүзінде мұнай өнімдерін көптеп қолдануға байланысты болып отыр. Осының әсерінен теңіз шельфтерінде мұнай өндіру, танкерлік флот дамуда. Мұнай өндіру және оны тасымалдау кезінде, құбырларда жиі авариялар болып нәтижесінде мұхит бетінде мұнайлы дақтар жүздеген, мындаған километр жерді ластайды. Су ресурстарына және ондағы тіршілік иелеріне теріс әсер ететін заттардың бірі, өнеркәсіп орындарынан бөлінетін улы органикалық заттар. Мұндай улы заттар өнеркәсіп орындарында, транспортта, коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта кеңінен қолданылуда. Ағын сулардағы бұл заттардың мөлшері әдетте 5-15 мг/л-ді құрайды. Ал осы заттардың шекті мөлшері бар болғаны 0,1 мг/л-ді құрайды.

2.1. Алматы қаласындағы лас суларды зерттеу обьектілері

    Қаланың аумағы — 682 шаршы километр. Іле бойы жазығының оңтүстігін ала Тянь-Шань тау селімдерінің солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында, теңіз деңгейінен 700-1000 метр жоғары Үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарларына орналасқан.

         Су құрамы физикалық, химиялық және санитарлы – биологиялық көрсеткіштермен бағаланады. Физикалық корсеткішке температурасы, өлшенген заттар, түсі, иісі және дәмі жатады. Судың температурасы жер асты көздерінің тұрақтылығымен сипатталады. Мөлдірлігі мен лайлылығы суда өлшенген заттардың болу көрсеткіштері (бөлшектердің, құмның, саз балшық,тұнба, планктон,балдырлар және т.б.).                                                                                                

        Судың түсі суда гумуcтық және илегіш заттар, ақуыз және көмір - қышқылды қосылыстар, майлар, органикалық қышқылдар мен басқа да органикалық қосылыстардың құрамына кіретін тірі және өсімдік организмдер мекендеген суға және олардың тіршілік өнімдері болып табылатын немесе ыдырау қатысуымен негізделген. Тұзды су мөлшерін құрғақ қалдығымен бағалайды, мг/л: ультра тұщы – ден 100-ге дейін, тұщы – 100 – 1000, аз тұздалған – 1000 – 3000, тұздалған – 3000 – 10000, қатты тұздылығы – 10000 – 50000, рассолы – 50000 – 300000, ультрарассолы – 30000. Хлоридтер мен сульфаттар (мг/л немесе мг·экв/л) барлық табиғи суларда өзінің жоғары ерігіштігі арқасында, әдетте натрийлі, кальций және магний тұздары түрінде кездеседі [1]. Судың сілтілігі (мг·экв/л) суда қамтылған гидроқатты иондар мен аниондарды әлсіз қышқылдар – органикалық көмір сомасымен анықталады. Оларды бикарбонатты, карбонатты және гидратты сілтілігі ажыратады, ал олардың сомасы жалпы су сілтілігін анықтайды .                              Судың кермектігі, онда кальций және магний тұздарның болуымен түсіндіріледі. Судың кермектігін мг экв/л (1 мг экв/л, қаттылық немесе 12, 16 мг/л магний иондарының) білдіреді. Оны карбонатты, карбонатты емес және жалпы судың кермектігі деп ажыратады.                                                                           Нысаналы мақсаты бойынша табиғи сулар бес топқа бөлінеді:

...

Скачать:   txt (29.2 Kb)   pdf (172.3 Kb)   docx (230.4 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club