Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
Автор: akon_ma4o • Сентябрь 4, 2021 • Лекция • 2,356 Слов (10 Страниц) • 769 Просмотры
Дәріс№5. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
- Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісі: мәні және оны жүзеге асыру сатылары.
- Бизнес-жоспар – кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру жоспары. Бизнес-жоспарды құру әдістемесі және жасап шығарылуы.
Басқару функциясының түрлілігіне байланысты міндеттер
Менеджмент құрамына басқару функцияларын қосатын: жоспарлау, жұмысшыларды басқару, бақылау тәрізді функцияларды басқару процесі ретінде сипатталады. Ақпараттық жүйелер менеджерлерді басқару функциясын орындау үшін қажетті мәліметтермен қамтамасыз етіп отырады.
Ақпараттық жүйені жоспарлау үшін жоспарлаудың мәліметтері мен үлгілерін әкеліп тұрады, сонымен қатар ішкі жағдай және сыртқы орта тұр. Жоспарлау функциясын қолдау үшін телекоммуникация, қолданбалы программа пакетінің арнайы мәселесі – бағытталған түрлері және СУБД-мен электрондық кестелері бар офистік жүйелердің универсалды модульдері анализінің әдісін қамтамасыз ету керек, корреляционды және тренд негізінде жобалау мен сараптауді, оптималдау құралдарымен қамтамасыз етуі керек.
Ұйымның басқарулары үшiн электрондық поштадан басқа документ айналымының қолдауы және менеджмент үшiн әр түрлi пакеттер де, сонымен бiрге ұжымдық қарым-қатынастың мультимедиа құралдары да болады.
1. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісі: мәні және оны жүзеге асыру сатылары.
1. Нарықты экономика жүйесінде әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың жұмыс істеу үшін құқықтық және ұйымдастырушылық жағдай (шарт) құрылған. Әрбір кәсіпорын өз жұмысын бастай отырып, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарға қажеттілігін, сонымен қоса кәсіпорынға өндірісте бар қаржыны жақсы пайдалану үшін болашаққа болжам жасайды.
Егер өзінің өндірістік шаруашылық жұмыстарын және өз болашақтары мен мүмкіндіктері туралы экономикалық ақпараттың жүйелі жоспарсыз, нарықтық экономикада меншік иелері табысқа жете алмайды.
Нарық кезінде нарықты реттеушілердің салалық, бәсекелестік, саяси, әлеуметтік сияқты ортаның қажеттіліктерінің өзгеруін қажеттілік пен мүмкіндіктерді алдын ала байқауды тек жоспарлаумен байланыстыру мүмкін.
2. Кәсіпорынға жоспарлау өндірісті басқарудың басты функциясы болып табылады. Қазіргі менеджментте қолданылып жүрген басқару функциясының жалпы жіктелуі Ф.Тейлор, А.Файол, Г.Эмерсондер қалыптастырған және оның ізімен ұйымдастыру басқару функциясының жүйесі көрсетіледі, әрбір функция шаруашылық субъектісінің жоспарлы қызметіне жатады: мақсатқа негізделу, стратегияны өңдеу, жұмысты, бағаны және нәтижелерді бақылауды, мақсатты өңдеу және жоспарды нақтылау.
Нарық жағдайын кәсіпорын ішіндегі жоспарлау бірыңғай бүтін жүйе ретінде бір уақытта көптеген өзара байланысы бар экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, инвестициялық, басқарушылық және басқада проблемаларды қарастыруға мүмкіндік береді.
Демек, кәсіпорынға жоспарлау басқарушылық шешім қабылдау және орындау үшін мөлшерлік базаға қызмет ететін өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға негіз болып табылады.
Кәсіпорын деңгейінде жоспарлау жеке функцияларды әлеуметтік экономикалық дамудың бірыңғай кешенді жүйесіне біріктіреді және синтез ретінде алға шығады нәтижесінде кез келген орта болжамға беріледі. Оңтайлы жоспарда кең және толық кәсіпорын мақсаты, функциясы мен қасиетін көрсетеді, болашақта жоспарланған шешім жүйесін өткізуге мүмкіндік береді. Осыған сәйкес, шаруашылык ішіндегі қызметтерді нарықтық жоспарлау кәсіпорынға олардың даму, процестерді ұйымдастыру, тауарлар мен қызмет көрсетудің көлемі мен шығарылған мерзімі, шектеулі өндірістік ресурстарды бөлу мен тұтыну кезінде белгілі нәтижелерге жету мақсаты тұрған ғылыми негізде қорытылады.
...