Қылшық жүнді қой тұқымдарының биологиялық ерекшеліктері
Автор: 877777777777 • Март 30, 2023 • Курсовая работа • 5,207 Слов (21 Страниц) • 266 Просмотры
«СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағыуниверситеті» КеАҚ
Ветеринария және агроменеджмент
Ауыл шаруашылығы және биоресурстаркафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
КУРСОВАЯ РАБОТА
Тақырыбы: Қылшық жүнді қой тұқымдарының биологиялық ерекшеліктері
«6В08201- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
Орындаған: Дүйсембаева Ш.Б. Тексерген: Ахметова Б.С.
________ ________
(қолы)________ (бағасы) (күні)
(қолы)_________
Комиссия_________________________ ________
(ФИО) (қолы)
_________________________ ___________
(ФИО) (қолы)
Семей 2022
ЖОСПАР
КІРІСПЕ І. Негізгі бөлім 1.1 Қылшық жүнді қой тұқымының шығу тегі.........................................5 1.2 Қазақстанды өсірілетін қылшық жүнді қой тұқымдары...................5 ІІ. Өзіндік зерттеу 2.1 Биологиялық ерекшеліктері.................................................................22 2.2 Өнімділік көрсеткіштері.......................................................................23 ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................28 ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................30 |
Кіріспе
Мақсаты: Қылшық жүнді қой тұқымдарының биологиялық ерекшеліктері
Міндеттері: Қылшық жүнді қой тұқымдарының биологиялық ерекшеліктерімен танысу.
Өнімділік көрсеткіштерін зерттеу.
Өзектілігі: Қазақстанның жерінде өсіріліп келген қылшық жүнді қойлар әр түрлілігімен ерекшеленеді. Қылшық жүнді қой шаруашылығында малдың ірілігі мен еттілігі селекциялық – асылданыруға қажет бағалы қасиеттері болып саналады. Етті-майлы қой шаруашылығында малдың тұқымдық және шаруашылықтық қатаң табиғатқа бейімділігі, дене өлшемі мен есейгендегі ірілігі, туылғаннан кейінгі тез жетілгіштігі, жүн құрамындағы қылшық, аралық және түбіт жүнінен ұзындығы мен жүнінің ерекшелігімен, бағалылығымен сипатталады. Қазақтың қылшық жүнді қойларының шаруашылықтық бағалы белгілерінің осындай артықшылығы бойынша санының жойлып қолдылылығы мен кетпеуі жөніндегі мәліметтер анық аңғартады.
Қылшық жүнді қойлардың өнімділігін сақтай отырып, оны жетілдіру мен жоғарлату ғылыми негізде мақсатты, асылдандыру жұмыстарын ұйымдастырудан бастап, селекционерлер төлдегіштігі, тірілей салмағын арттыра отырып тәуліктік салмақ қосуы, сүттілігі сияқты селекциялық белгілерді өзара ұштастыра отырып, ғасырлар бойы қалыптасқан белгілердің даму сабақтастығын жетілдіре отырып ғылыми-зерттеу жұмыстары еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі деңгейде жүргізілуде.
Тірілей салмақтарының жоғары көрсеткіштеріне жету үшін ауыр салмақты малды селекциялық топтарға сұрыптау мен жұптау, яғни дене салмағы бойынша жақсы нәтиже беретін нұсқаларды біртекті жұптастыру, селекцияда жоғары салмақты, ірі сүйек бітімді, дене бітімі жоғары, кең кеуделі, құйрық көлемі әр түрлі қылшық жүнді қошқарларды қолдана отырып, өз табынында тірілей салмақтары жоғары саулықтар отарын жасақтап, оларға тек элита класты, өнімділігі жоғары, маңызды шаруашылықтық белгілері арасында ежелден қалыптасқан байланысы бар, ұрпағының сапасы бойынша тексерілген жақсартушы қошқарлардың ұрығымен кең көлемде аналықтарды қысқа мерімде қолдан ұрықтандыруды пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.
...