Жамбыл облысы таулы аймақтарында 110 га жерге жеміс бағын отырғызу жобасын құру
Автор: 87785367130 • Май 20, 2021 • Курсовая работа • 4,441 Слов (18 Страниц) • 578 Просмотры
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Жеміс-көкөніс және жаңғақ шаруашылығы» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Жамбыл облысы таулы аймақтарында 110 га жерге жеміс бағын отырғызу жобасын құру.
Орындаған: Кумет .А
Тобы: ПВ-207
Тексерген: Мусакулова.А
Алматы 2021 жылы
Мазмұны
Кіріспе.
1. Жамбыл облысы таулы аймақтарының топырақ – климат жағдайлары.
2. Жеміс бағын отырғызу жобасын құру.
3. Бақ алқабын құру.
4. Жеміс жидек дақылдарының сорттарына сипаттама.
5. Бақты суару
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Жеміс - жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30 - жылдарынан бастап дами түсті . Әуелі аймақтық тәжірибе стансасы ашылып , кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми - зерттеу институтының қарамағына берілді де , 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты құрылды .
Табиғи жағдайлары мен бақ өсiруге қолайлылығы жағынан Қазақстан жерi үш аймаққа бөлiнедi:
- оңтүстiк аймақ - өнеркәсiптiк бақтар және жүзiм шаруашылығы
үшiн өте қолайлы (Алматы, Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда
облыстары);
- батыс аймақта өнеркәсiптiк бақ шаруашылығы мен тұтынуға
арналған жүзiмдiк дамыған (Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстары);
- солтүстiк және солтүстiк шығыс аймақтың табиғи жағдайлары
жемiс бағы мен жүзiмдiк өсiруге онша қолайлы емес. Мұнда тек тұтынуға арналған бақ қана өсiрiледi (Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары).
Өнеркәсiптiк бақтар өсiрiлетiн аймақтардың табиғи және
экономикалық жағдайлары қолайлы болмағандықтан, оның өзi бiрнеше аймаққа бөлiнедi. Сол себептен әр аймаққа жемiс-жидек дақылдарының аудандастырылған сорттарын ғана отырғызуға көп көңiл бөлу қажет.
Жемiс сорттарына тән биологиялық ерекшелiктерге: өнiмдi ерте, мол салуы, жақсы тiршiлiк етуi, суыққа төзiмдiлiгi, бөрiкбастарының
көлемдерi, вегетативтiк және жемiс беретiн бұтақшаларының түрлерi, жемiстерiнiң дәмi, түсi және тағы басқа ерекшелiктерi жатады. Осындай ерекшелiктерiне қарай Қазақстанда өсiрiлетiн алма және алмұрт сорттары үш топқа бөлiнедi:
- ерте өнiм беретiн сорттар – телiтушiсi тұқымынан көбейтiлген
сорттар, отырғызылғаннан кейiн 4-5 жылда жемiс салады, 10-12 жылда өнiмдi мол бере бастайды (Голден Делишес, Заря Алатау, Ренет Симиренко, Ренет Бурхардта, Заилийское т.б.);
- орташа мерзiмде өнiм беретiн сорттар – отырғызыл-ғаннан кейiн 6-7 жылда өнiм бередi (Апорт Александр, Апорт крававо-красный, Ренет Ландсбергский, Суйслеппер, т.б.);
- кеш өнiм беретiн сорттар – отырғызылғаннан кейiн 10-12 жылда өнiм бере бастайды, 18-20 жылда жемiстi мол салады (Розмарин белый, Кандиль синап, т.б.)
Ал тiкпе көшеттiң телiтушiсi вегетативтi тәсiлмен өсiрiлсе, онда әлгiнде аталған алма сорттары өнiмдi 2-3 жылда, ерте бередi.
Жемiстердiң пiсуiне байланысты алма, алмұрт сорттары – жаздық (ерте пiсетiн), күздiк, күздiк-қыстық (кеш пiсетiн) болып бөлiнедi. Қазақстанда өсiрiлетiн алманың жаздық сорттары – Белый налив, Суйслеппер, Пеструшка, Мелба; күздiк сорттары
...