Қазақ мемлекетінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы: ежелгі және ортағасырлар жаңа дәуір
Автор: df_lk • Сентябрь 23, 2020 • Реферат • 779 Слов (4 Страниц) • 10,694 Просмотры
Тақырыптар: 1.Қазақ мемлекетінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы: ежелгі және ортағасырлар жаңа дәуір
2.Отандық тарихты оқудың тұжырымдылық негіздері
3.Қазақстанның қазіргі заман тарихы
1тақырып
Менің ойымша ортағасырлардағы кезеңнен біз әлде қайда дамып өркендеп келе жатырмыз.
Себебі ежелгі заман бізде тас дәуірі,неолит,палеолит деген замандар болған.Ол кезде саналы адам,тік жүретін жәнеде т.б адамдар өмір сүрді.Сол заманда от жағу, терімшілік,аң аулау, балық аулау әртүрлі іс-әрекеттер болды. Бұл заман өз ерекшелітерімен бағалана түсті бұл кезеңдерде мұз басу т.б қиын сәттер болды. Мысал алып қарағанда Тас дәуірін алайын. Тас дәуірі-бұл дәуірде тастан жасалған құралдар пайда бола бастады.Олар шапқылар,қырғыш тастар,үшкір тастар,пышақтар
Ортағасыр – бұл ғасырда ортағасырлық тайпалар пайда бола бастады.Бұл ғасырда қазір біздер айтып жүрген көне елдер,жерлер пайда болды. Бұл заманда жер үшін соғыстар басталды.Ортағасырда қағанаттар пайда болды және осы қағанаттарды басқаратын қаған болды .Бұл жерде біз өзгерісті байқаймыз себебі бұл жерде бірте-бірте басқару жүйесі пайда бола бастады.Осы кезеңде ірі қалалардың бірі Тараз қаласы болды.Бұл қалада әртүрлі кесенелер пайда болды.Осы кезеңде жібек жолы қатынасы орнай бастады.Жібек жолы тек қана сауда жолы емес,көшпелі отырықшы халықтардың мәдениетінің таралу жолы деп ойлаймын. Осы кезде Қазақ хандығы құрылды .Қазақ хандығының құрылуы — аймақтың саяси және этнографиялық ұғымдарына да әсерін тигізіп, жаға жағдайларға сай жаңа атауларды қалыптастырады.
Жаңа дәуір- жаңа дәуір деп те айта аламын неліктен себебі анау ежелден келе жатқан қалалар,елдер ,жерлер барлығы өзгерді.Бұл дәуірде ғылыми революциялар пайда бола бастады. Өзіміздің еліміз, мемлекетіміз әр түрлі дағдарысты басынан өткізіп қазір керемет елде өмір сүріп жатырмыз. Жаңа дәуір,жаңа заман, жаңа мемлекет бұл мен үшін үлкен өзгеріс .Анау тас дәуірінен бастап осы дәуірдің айырмашылығы үлкен . Бұл дәуірді біздің ата-бабалармыз қан мен термен әкелген жер мен ойлаймын өз елімізді құрметтеп сүю керек.Бірақ сол заманнан қалған ескі, көне заттар қазірде мұражайларда сақтаулы. Қазақ елінің жерінің батырларымыздың қару жарақтары бәрін таба аламыз.Менің ойымша қазіргі кезде еліміздің ресми атауы — «Қазақстан Республикасы», халқымыздың атауы — «қазақ», жеріміздің атауы — «Қазақстан» деп аталынуының негізінде XV ғасыр ортасында құрылған Қазақ хандығы жатыр.
2-тақырып
Менің пікірім бойынша әр ұлт,әрбір тұлға өз тарихын білу қажет. Тарихты өткен өмір ғана, – деп білу қате пікір деп ойлаймын. Әрбір мемлекет өзінің дамуы барысында ең алдымен мемлекеттің тарихына ерекше орын бөлу керек. Елімізде де тарих ғылымы қоғамдық өмірдің алдыңғы қатарына көтерілді. Өйткені отан тарихы ұлттық сананың іргетасы болып табылады. Мәселен, Түркияда республика құрылғаннан бастап отан тарихы ғылымын дамытуға, жетілдіруге ерекше мән береді.. Бастама ретінде 1930 жылы түрік елінің басшысы Мұстафа Ататүрк: «алдымен ұлтқа тарихын, ұлтының асыл екенін, барша мәдениеттің анасы – алдыңғы қатардағы ұлттың ұрпағы екенін үйретуге тиіспіз» – деп атап өтті. Міне, осындай патриоттық жолда оқытылған тарихтың арқасында қазіргі таңда түрік елінде патриоттық сезім өте жоғары деңгейге көтерілген және әр бір түрік азаматы өз тарихын мақтан тұтатын жағдайда отыр. Яғни ұлтын қастерлейтін, өз отанының тарихын ұлықтайтын ұрпақтың келешегі айқын екені дәлелдейді.
Ал ортағасырлық отан тарихын оқытуда біріншіден, қазақ хандығының орталықтанған билік жүйесіне ерекше тоқталуға болады. Көптеген тарих кітаптарында осы мәселе ерекше аталынады. Екіншіден, ортағасырлық көшпелі халықтың рухани мәдениетіне аса мән беру қажет. Өйткені қазақ халқының хандары, билері, ақындары, жыраулары, ғалымдары мен әншілері ислам дінінің білгірлері, ислами өркениеттің өкілдері болған.. Яғни, ортағасырлық қазақ даласы туралы мәселе көтерілгенде рухани өмірдің саясаты, әлеуметтік қоғамдағы ықпалы мен рөліне кеңірек тоқталған жөн болар. Бұл ата-бабамыздың дәстүрлі рухани жолын қазіргі кездегі көптеген алдамшы сенімдермен шатастырып, ұрпақтың тура жолдан адаспауына үлкен үлес қосады деген сенімдемін.
...