Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Эпидемиялық процестің аймақ және уақыт бойынша көрінуінің қазіргі кездегі сипаттамасы

Автор:   •  Февраль 11, 2018  •  Реферат  •  1,449 Слов (6 Страниц)  •  1,791 Просмотры

Страница 1 из 6

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Курс: ІІІ

Тақырыбы: Эпидемиялық процестің аймақ және уақыт бойынша көрінуінің қазіргі кездегі сипаттамасы

Орындау түрі: Мәнжазба

                                                                  Орындаған: Бектаева Р.К.

                                                                  Группа: 306 Б

                                                                  Тексерген: Ташимова Ж.К.

Ақтөбе 2018ж

                                    Жоспар:

 

   1.Кіріспе

   2.Негізгі бөлім:

     А) Эпидемиялық процесс туралы түсінік;

     Б) Эпидемиялық процесті сипаттайтын факторлар;

     В) Эпидемиялық процестің әртүрлі халық топтары арасында

         көрінуінің сипаттамасы.

   3.Қорытынды бөлім

   4.Пайдаланған әдебиеттер

                                         Кіріспе

           Эпидемиялық процестің көріністерін сипаттайтын әр түрлі терминдер мен түсініктер бар. Олар осы процестің қалай білінуін, оның сандық жағынан таралу ерекшелігін  (аумақтық, маусымдық, циклдік, халық топтары, жылдық, көп жылдық т.б) сипаттау арқылы оның сыртқы реттелу механизмдерін түсінуге көмектеседі. Эпидемиялық процестің  көрінін зерттеу негізінде сырқаттанушылыққа әсер ететін әртүрлі факторлар туралы ұғымдар қолданылады.  Эпидемиялық процестің көрінуін зерттеуде халықтың қандай топтарында сырқаттанушылықтың жиі немесе сирек кездесетінін анықтаудың маңызы зор.  Бір аумақтың ішінде белгілі бір аурумен сырқаттанушылық белгілі бір топтарда әрқалай болып келеді. Оның  себептерін анықтау  қарсы шараларды алдын ала атқару үшін қажет. 

[pic 1]

       

  Негізгі бөлім:

             Эпидемиялық процесс туралы ілімнің негізін қалаған Л.В.Громашевский болып саналады. Ол бірінші болып эпидемиологияның негізгі заңдарын жете зерттеп, құрастырады, инфекциялық берілу механизмінің теориясын және эпидемиялық процестің қозғаушы күштерін анықтады. Эпидемиялық процестің ішкі реттелу заңдылықтары, яғни қоздығыш пен ие арасындағы әрекеттестік неше түрлі сыртқы көріністермен сипатталады. Оған тікелей ішкі реттелу механизмдерінің ықпалымен қатар әр түрлі халық топтары факторларының әсері өте мол болады. Эпидемиялық процестің осы қырына  Л.В.Громашевский көп көңіл бөлген Ол табиғи факторлар және әр түрлі топтарды эпидемиялық процестің қосымша қозғаушы күші санаған. Эпидемиялық процестің сан мен сапа жағынан өзгеруі де дәл осындай.            Эпидемиялық процестің көріністерін сипаттайтын әр түрлі терминдер мен түсініктер бар. Олар осы процестің қалай білінуін, оның сандық жағынан таралу ерекшелігін  (аумақтық, маусымдық, циклдік, халық топтары, жылдық, көп жылдық т.б) сипаттау арқылы оның сыртқы реттелу механизмдерін түсінуге көмектеседі.     Эпидемиялық процестің  көрінсін зерттеу негізінде сырқаттанушылыққа әсер ететін әртүрлі факторлар туралы ұғымдар қолданылады. В.Д.Бляков осы ұғымдарға төмендегілерді жатқызады: қауіп – қатерлі аумақ, қауіп – қатерлі топ пен ұжымдар, қауіп – қатерлі уақыт. Мысалы,қауіп – қатерлі тоты талдасақ, Аэрозольді механизм бойынша таралатын аурулар үшін (грипп, менингит) ұйымдасқан ұжымдардағы (балабақша, фабрика, зауыттар) адамдардың сырқаттанушылық қаупі өте зор.  Қауіп –қатерлі уақыт болып қысқы және көктемгі уақыт кезеңі саналады. Немесе асханаларда қызмет істейтін адамдардың нәжіс – ауыз механизмі арқылы берілетін инфекциялармен  (сальмонеллез, дизентерия т.б) сырқаттану қауіптілігі басым.  Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдар, әсіресе шопандардың, мал сойылатын комбинаттарда жұмыс істейтін адамдардың буруцеллез қоздырғышын қабылдау қауіп – қатері молырақ болады. Қоздығыштың берілу механизмдері мен оны іске асыратынфакторлар қауіп – қатерлі топтарды анықтайды. Мысалы, АИВ – инфекциясын Африка, Америка, Еуропа және басқа да елдерде көбінесе жыныстық жұғысу жолымен берілетіндіктен, қауіп – қатерлі топтарға гомо-, гетеросексуалисте, жезөкше әйелдер жатады. Қазақстанда кейінгі жылдары осы инфекцияның көбінесе парентеральдық жолмен берілуі басым болғандықтан,қауіп – қатерлі топты нашақорлар құрауда. Олардың ішіндегі 15- жастағы, тіпті одан да жас адамдар осы топқа кіреді.[pic 2]

...

Скачать:   txt (16.5 Kb)   pdf (279.4 Kb)   docx (51.3 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club