Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Фармакологии"

Автор:   •  Январь 23, 2024  •  Шпаргалка  •  17,294 Слов (70 Страниц)  •  116 Просмотры

Страница 1 из 70

1. Дәрiлiк калыптар. Жіктелуі. Сипаттамасы. Стоматологияда жакпаларды тағайындаудағы ерекшеліктер.                                                                                       Дәрілік қалып дегеніміз – ол керекті емдеу және де алдын-ала әсер алу үшін қолданылатын, практикада пайдалануға, сақтауға қолайлы болу үшін дәрілік затқа берілетін қалып. Дәрілік қалып консистенциясына байланысты қатты, сұйық, жұмсақ дәрілік қалыптар деп бөлінеді.                                                             Қатты дәрілік қалыптарға таблеткалар, ұнтақтар, капсулалар, драже мен гранулалар жатады.                                                                                               Таблеткалар – дозаланған дәрілік қалып. Таблеткалар негізінен ішке тағайындалады. Бұл дәрілік қалыптар дисперсологиялық жіктелу тұрғысынан қарағанда дисперстік ортасы жоқ жан-жақты бос дисперсті жүйе.                     Ұнтақтар - ішке және сыртка колданылатын, бір немесе бірнеше ұсақталған заттардан тұратын және себілгіш  касиеті бар қатты дәрілік қалып.  Ұнтақтар қолдану тәсілі, құрамы, мөлшерленуі (дозалануы) бойынша жіктеледі:   Қолдану тәсілі бойынша:

  а)ішке қолдануға арналған ұнтактар

  б)сыртқа қолдануға арналған ұнтақтар

 Құрамы бойынша:

  а)        қарапайым  ұнтақтар  (олардың кұрамына бір зат кіреді)

  б) күрделі ұнтақтар (екі немесе бірнеше ингредиенттерден тұрады)

Жұмсақ дәрілік қалыптарға крем, паста, жағылма, суппозиториялар жатқызылады.

Паста(Pastae) – 25пайыз ұнтақ тәрізді заттардан құралатын жағылманың түрі. Олар жағылған жерінде ұзақ уақыт сақталады. Құрамында ұнтақ тәрізді заттардың болуына байланысты олардың кептіретін және адсорбциялайтын қасиеттері бар.

Жағылмалардың(Unguenta) консистенциясы тұтқыр болып келеді және олар сыртқа қолданылады. Олар жай және күрделі деп бөлінеді. Жай жағылмалар 2 ингридиенттен, ал күрделісі 2немесе оданда көп ингридиенттен тұратын болып саналады.

Суппозитория дегеніміз – бөлме температурасында қатты, ал дене температурасында еріп кететін жұмсақ дәрілік қалып. Мысалы: Бетиол.  

  Пасталар дозаланбаған болғандықтан, олардың жалпы мөлшері көрсеті  Сұйық дәрілік қалыптарға ерітінділер, суспензиялар, эмульсиялар, шырыштар, қайнатпалар, тұндырма мен тұнбалар, сонымен қатар микстуралар, линименттер, сұйық сығындылар жатқызылады. Ерітінділер (Solutionis) – бұл қатты немесе сұйық дәрілік затты арнайы түрде еріткіштерде ерітіп алып, алынатын сұйық дәрілік қалып. Ерітінділерге мысал: Фурацилин, Камфора, Анестезин, Кальций хлориді ерітіндісі, Атропин сульфаты т.б. Тұндырмалар мен қайнатпалар негізінен ішке, сирек жағдайда шаю үшін тағайындалады. Суспензиялар – ұсақ бөлшектенген ерімейтін қатты дәрілік

2. Дәрілік заттардын фармакокинетикасы, Фармакодинамикасы, анықтамасы және мазмұны. Дәрілік заттардын енгiзу жолдары, сiнiрiлуi, таралуы, тузiлу жолдары, биологиялык тоскауылдар. Ағзада дәрілік заттардын өзгеріске ұшырауы (биотрансформация және метаболизм). Биожеткiлiктiлiк биоэквиваленттілік туралы түсінік. Дәрілік пен заттардын негiзгi әсер ету принциптерi. Агонистер, антагонистер, спецификалык рецепторлар.

Фармокодинамиканың негізгі мазмұны - бұл дəрілік заттардың биологиялық əсерлері, сонымен қатар олардың əсер ету орны мен механизмі. Дəрілік заттардың əсерлері олардың ағзамен өзара əсерлесуінің нəтижесі болып табылады.  Осыған байланысты дәрілік заттың физиологиялық белсенділігін анқтайтын негізгі қасиеттерін, сонымен қатар әсердің жағдайға, берілген заттардың қолданылуына және олардың әсері бағытталған ағзаның жағдайына тәуелділігі қарастырылады.

...

Скачать:   txt (192.9 Kb)   pdf (452.4 Kb)   docx (255.4 Kb)  
Продолжить читать еще 69 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club