Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Пародонт ауруларына баfытталfан тiндiк регенерация

Автор:   •  Ноябрь 23, 2021  •  Реферат  •  1,554 Слов (7 Страниц)  •  290 Просмотры

Страница 1 из 7

АҚ Қарағанды Медицина Университеті
Стоматология мектебі




СРС 2

ПАРОДОНТ АУРУЛАРЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ТІНДІК РЕГЕНЕРАЦИЯ



        




                                                                            Орындаған: Тамабай А.Ө.

Тексерген: Исина З.Е.
                                                                 








Қарағанды 2021


Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Зерттеудің мақсаты
  2. Экспериментальді және клиникалық материалдың жалпы сипаттамасы
  3. Зерттеу нәтижелері

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі


ПАРОДОНТ АУРУЛАРЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ТІНДІК РЕГЕНЕРАЦИЯ

Пародонт аурулары деструкциялык-қабыну үрдістерін кешенді емдеуде физикалық әдіс лазерді қосалқы түрде қолданғанда қабыну тез басылып тұрақты римиссия болады. Емдеу нәтижесі жақсарады. Дәстүрлі емдеу әдістерімен салыстыру барысында пародонт қабынуы, орта дәрежесімен келген 194 наукастың 93,6 % -нан емдеу нәтижесі айтарлықтай жақсарғаны байқалады.

Кіріспе

Пародонт қабынуын емдеуде көптеген қиыншылықтар туындайды. Альвеола сүйегіндегі деструкциялық үрдістерді тұрақтандыру және остеогенез үрдісін белсендіру, қабыну-деструкциялык үрдістерді емдеуде кешенді емдік тәсілдерінсіз нәтиже болмайды.

Пародонт тінінің, құрылымының жағдайын жаксартуда хирургиялық тәсілмен емдеу маңызды мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, операция нәтижесі, пародонт зақымдануының түріне, қабыну денгейіне, сүйек тінінің және операциядан кейінгі науқастың жалпы жағдайына байланысты болады.

Дегенмен, тіпті операциялық емдеуден кейін де, сол немесе басқа жағдайда да, патологиялық үрдістердің қайта өршуіне жағдайлар туындайды

Көптеген әдебиеттерге сүйенсек пародонт қабынуын кешенді емдеуде қолданылатын әдістердің көптігіне қарамастан, пародонт тіндерінің анатомиялық және функционалдық қалпына келтіру бағдарламасы дұрыс орындалғанда ғана емдеу нәтижелері оң деп атауға болады.

Төменинтенсивті лазерлік сәулеленудің әсері жалпыға белгілі. Жоғары энергетикалық лазерлік сәулеленуді пайдалану патологиялық өзгерген тінді түбегейлі құрғатып жіберуге мүмкіндік береді, бұл оны пародонтальды хирургияда қолдануда кең перспективті жол ашады.

Практикалық пародонтологияда кавитациялық энергияның емдік әсері бұрыннан зерттелген. Алайда, пародонт қабынуын емдеуде хирургиялық құрал ретінде ультрадыбысты пайдалану туралы мәліметтер бірлі-жарым . Пародонт кабынуын кешенді терапиясында кавитация энергиясын және эрбиев лазерді біріктіріп қолдану мүмкіндіктері зерттелмеген.

Біз ұсынған импульстік электрофорез әдісі тұрақты токты пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Жүргізілген клиникалық-эксперименталдық зерттеулер жақсы нәтижелер көрсетті.

Соңғы жылдары алмастыру функциясынан басқа репаративті остеогенезді оңтайландыруды қамтамасыз ететін факторлардың рөлін орындайтын трансплантаттардың әртүрлі түрлерін пайдалана отырып, пародонттың микропластикалық хирургия әдістері кеңінен қолданылды. Пародонт қабынуын хирургиялық емдеуде қолданылатын барлық трансплантациялық материалдардың негізгі кемшілігі, пародонт тіндеріндегі үнемі жалғасып жатқан қабыну процесінің салдарынан қабыну аймағындағы сүйек тінінің репаративті қызметінің төмендігі, олардың сорылу және жаңа пайда болған сүйек құрылымдарымен алмасу процестерінің өте баяу және асинхронды өтуі

Бұл міндет бағытталған тіндік регенерация әдісін жалпы медицинада, сондай ақ пародонтологияда қолдану арқылы ішінара шешілді.

Nyman 1982 жылы алғаш рет, көптеген эксперименттердің нәтижелері мен қорытындыларын негізге отырып, пародонт тіндеріндегі қабынбалы-деструктивті процесстерді емдеуде қорғаныс мембраналарын қолдану әдістемесін ұсынды. Бұл әдістің ерекшелігі жаңа байламды қалыптастыруға ықпал етпейтін барлық пародонтальды компоненттер оқшауланды. Бұл үшін периодонтальды байлам жасушаларынан және тіс түбірі жасушалырынан қызылиектің дәнекер тінінің эпителии жасушаларын ажырату мақсатында тосқауыл мембранасы қолданылды.

...

Скачать:   txt (23.4 Kb)   pdf (106 Kb)   docx (14.2 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club