Лекции по "Физиологии"
Автор: karippulasaya • Сентябрь 2, 2021 • Курс лекций • 4,984 Слов (20 Страниц) • 300 Просмотры
1. Физиологияның мақсаттары, міндеттері мен әдістерінің пәні. Оның басқа
өмір пәндерімен байланысы.
Физиология - тірі ағза мен физиологиялық жүйелердің, ағзалардың, тіндердің, жасушалардың қызметін зерттейтін ғылым.Ол жүйелермен ағзалардың бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Физиологияның мәселесі адам ағзасының жұмысын түсіну,оның әр бөлігінің мәнін анықтау, олардың қалай байланысатынын түсіну, олар қалай әрекеттеседі және сол қатынасу нәтижесінде қалай ағзаның жалпы жұмысы атқарылады. Физиология анатомия, циталогия және гистологиямен байланысты. Физика мен химияның жетістіктері физиология үшін өте маңызды, кибернетика мен компьютерді айтпағанда.
Міндеттері:
- жыныстық және жасқа орай ерекшеліктерді есепке ала отырып, дені сау
адамньщ негізгі физиологиялық сипаттамасы туралы білім беру; - ағзаның біртүгас реакциясының түзілу тегершігі мен оның ретгелу ісінің
түрлі деңгейінің негізгі зандылықтары туралы білімді қолдануға үйрету; - физиологиялық ойлау іс-дағдыларьша студентгі үйрету;
- ағзаның сыртқы ортамен өзара әрекетгілігі кезінде оның тіршілік
әрекетін қамтамасыз ететін жүйелік білімді түзу.
Мақсаттары:
- Организмнің және оның әрбір құрылымының қызметін ұғыну арқылы болашақ мамандардың клиникалық және әрекеттік ойлау қабілетін жетілдіру.
- Физиологиялық зерттеу әдістерін үйрету арқылы әрекеттік диагностика дағдыларын қалыптастыру.
- Адам денсаулығын тиімді ұйымдастыру.
- Әр адамның денсаулық денгейін анықтау мен бағалау және нығайту тәсілдеріне үйрету.
Физиологиялық зерттеу әдістері:
- Бақылау- физиологиялық әдістерді қалыпты әрі әр түрлі жағдайлар әсерінен кейін бақылау . Бұл әдістің өзі 2-3 үрдісті қамтиды. Бұл ежелгі Грецияда пайда болған алғашқы әдіс.
- Эксперименттік әдіс – юақыланатын және басқарылатын жағдайдағы құбылыстар менпроцестердің себептері мен қатынастары туралы жаңа ақпарат алуға арналған әдіс.
- Тіркеу әдісі – физиологиялық құбылыстарды механикалық және электрлік тәсілмен жазып алу.
- Тітіркендіру әдісі-тірі құрылымдарды немесе тінді өзгеру мақсатында механикалық, биологиялық , химиялық әдістермен әрекет етіп тітіркендіру.
- Электрофизиологиялық әдіс – қозғыш тіндер мен ағзалардың электрлік немесе элекрлік емес құбылыстарды зерттеу.
- Өткір тәжірбиелік- вивсекция тән тілу , кезінде анестезияны қолданбай иммобилизацияланған жануарларға физиологияның дамуының алғашқы кезеңдерінде жүргізілді. Өткір экспериментте олар жалпы анестезияны қолдана бастады.
- Созылмалы тәжірбие- жануарларға тірідей операция жасап, оларды жазылғанға дейін ұзақ уақыт бақылау.
- Аспаптық әдіс-Әртүрлі үрдістерді тексеру, ауруларды анықтау және емдеуді арнайы аспап қолдану арқылы жүзеге асыру.
2. Физиологияның даму тарихы
ГИППОКРАТ. Ол ауруды анықтау, емдеу, болжау қағидалары, дәрігерлер этикасы туралы көзқарастарын айтып кетті. Адам денсаулығы, дене бітісі мен жан қуаты (темперамент) адам денесіндегі сұйықтықтан қалыптасады деп айтып кеткен.
АРИСТОТЕЛЬ. Жануарлар туралы еңбектері көп жылдар бойы зоология, салыстырмалы эмбриология, анатомия, психология дамуына негіз болды. Ол аурудың пайда болуы сыртқы ортаның табиғи және қоғами жағдайына байланысты болатынын айтты.
КЛАВДИЙ ГАЛЕН. Тұңғыш вивисекциялық тәсілін колданған.
ӘБУ НАСЫР ӘЛЬ ФАРАБИ. Медицина мәнін және мақсатын ғылыми материалистік тұрғыда қарады. Ол денсаулықты сақтау үшін дәрігерге 7 міндет енгізді:
- Дене мүшелерінің құр мен қызм
- Диагностика тәсілдері
- Этология- ауру түрлері мен п.б. себептері
- Ауру белгілері арқылы науқастарды өзара ажырату
- Терапия
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру
- Ауруды алдын алу, емдеу нәтижесін қадағалау
ӘБУ АЛИ ИБН СИНА. «Денсаудықты сақтау» деген бөлімде балалардың туылғаннан өскенге дейін және жасы ұлғайғанға дейін денсаулығын сақтау тәсілдерін жазған. «Медицина қағидалары» еңбегінде медицина, денсаулық деген сөздерге анықтама мен түсініктеме беріп кеткен.
УИЛЬЯМ ГАРВЕЙ. Тірі организмдерге жасаған тәжірибелер нәтижесінде бұрынға қанайналым туралы ұғымдарды жойды. Вивисекция әдісін зерттеулерде кеңінен енгізді. « Жануарлардың п.б. болуын зерреу» деген еңбегі арқылы акушерлік ғылымның дамуына үлес қосты.
...