Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Клиникалық көріністері. Диагностикалау және емдеу принциптері

Автор:   •  Февраль 17, 2022  •  Реферат  •  4,993 Слов (20 Страниц)  •  303 Просмотры

Страница 1 из 20

1 билет

  • Тұмау. Клиникалық көріністері. Диагностикалау және емдеу принциптері.

Қоздырғышы: Ортомиксовирустардың А, В, С түрлері.

Берілу жолы: ауалы-тамшылы.

Инфекция көзі: гриппен ауыратын адам.

Патогенез. Жоғарғы тыныс алу жолдарына түсіп, ондағы эпителий клеткаларын зақымдайды. Жасушаның дистофиялық өзгеруі мен некрозы жүреді. Бұнда вирусемия дамып, вирустың токсині және аутотоксиндер орталық жүйке жұйесін және жүрек қантамыр жүйесін зақымдайды.

Клиника. Ағымы жеңіл, орташа, ауыр, өте ауыр (фульминантты) болады. Жасырын кезеңі 15 сағ- 3тәулік. Қалтыраудан, бас аурудан, дене қызуының субфебрильді (38-39С) болуынан басталады. Улану байқалады, маңдай/ маңдй самай/ қасүсті/ көз алмасы ауырады. Жарықтан қорқу болады, жарыққа көзін аша алмайды.Ұйқысыздық, бас айналу, талу, кейде құсу, шөлдеу мазалайды. Мұрын бітеледі, тамақ кебеді, иіс сезімі нашарлайды. Құрғақ жөтел мен дауыс қарлығуы байқалады. Мұрыннан басында серозды сұйықтық, одан кейін іріңді сұйықтық ағады.

Аускультацияда тыныс алу қатаң, құрғақ сырыл, ентігу байқалады.

Асқыну: пневмония, пиелонефрит, созылмалы пиелонефрит.

Диагностика: Материал: бронх, кеңірдек, мұрын жұтқыншақ жағындысы алынады. Флюоросценциялық антиденелер, ИФА, серологиялық КБР, ГАТР, ГПАР әдістері.

Менингальдық синдром кезінде ми жұлын сұйығы алынады.

Емдеу:  ауруханада және үйде жүргізіледі. Төсектік режим, дұрыс тамақтану, сұйықты көп ішу тағайындалады. Вирусқа қарсы ем: озельтамивир препараты (алғашқы екі күнде эффективті). Кальций, рутин, витамин С тағайындалады.  Жоғары температура кезінде ыстық түсіретін дәрі беріледі.

      2 билет

  • Паратұмау. Клиникалық көріністері. Диагностикалау және емдеу принциптері.

Қоздырғышы: парамиксовирустар.

Берілу жолы: ауалы тамшылы.

Инфекция көзі: ауру адам.

Патогенез. Жоғарғы тыныс алу жолдарына түсіп, көмей мағындағы цилиндрлік эпителийді зақымдайды, одан соң шырышты қабық ісінеді де көмей тарылады.

Клиника. Жасырын кезең 1-7 күн. Біртіндеп басталады. Тамағы жыбырлап, дауыс қарлығып, ит үргендей жөтел болады, мұрын бітеліп, ринорея пайда болады.

Бұл кезде улану шамалы болады. Әлсіздік, дене ауырсынуы, бастығң ауруы, ауыз жұтқыншақ шырышты қабығы қызарады.

Асқыну. Пневмония және круп.
Диагностика. ЖҚА, ЖЗА. Материал: мұрын қабығынан жағынды. Вирусологиялық және серологиялық әдістер жасалады.

Емдеу. Ауыр жағдайда ауруханада, орташа және жеңіл ағымында үйде емделеді. Симптомдық ем: жылы сумен аяғына ванна, қыша қағаз қойылады, ингаляция жасалады, аэрозольдер пайдаланылады, фурацилинмен жұтқыншықты жуып шаю.

3 билет

  • Аденовирустық жұқпа. Клиникалық көріністері. Диагностикалау және емдеу принциптері.

Қоздырғышы: аденовирустар, олар отыз екі түрге бөлінеді.

Берілу жолы: ауалы тамшылы.

Инфекция көзі: науқас адам және вирус сақтаушылар.

Патогенез. Жоғары тыныс алу жолына түсіп, көздің және асқорыту жолдардың шырышты қабығы зақымдалады. Репликациясы бадамша бездерде, аденоидтарда, лимфа түйіндерінде, ішектің шырышты қабықта жүреді. Вирус кірген  жердегі жасушаны қабындырады, одан соң улану, вирусемия дамиды да организмді зақымдайды.

Клиника. Жасырын кезең 1-14 күн. Қызбамен, дене температураның 39-40С көтерілуімен басталады. Улану шамалы болады, Ринорея симптомы байқалады, тамағы жыбырлап ауырады. Бір көздің конъюнктивасы қабынады, жұтқыншақ артқы лимфоидты фолликулалары қабынады да қызарады. Бадамша бездері ісінеді де үлкееді. Мойын, төменгі жақ асты лимфа түйіндері үлкееді. Көкбауыр мен бауыр ұлғаяды. Диспепсиялық бұзылыстар болады: іш ауру, құсу, сұйық нәжіс.

Асқыну. Пневмония, синусит, отит.

Диагностика. Материал: мұрын жағындысы. Иммунофлюоросценция әдісі жасалады.

...

Скачать:   txt (77 Kb)   pdf (185 Kb)   docx (175.1 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club