Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс

Автор:   •  Февраль 11, 2021  •  Лекция  •  3,174 Слов (13 Страниц)  •  6,094 Просмотры

Страница 1 из 13

Мамандық: 0302000 «Мейіргер ісі», Біліктілік: 0302033 «Жалпы практика мейіргері»

Курс:2, семестр:4

Пән: «Мейіргер ісі негіздері»

Тақырып: Зәр шығару  жүйесінің қызметі бұзылған кездегі  мейіргерлік үрдіс.

        

Тақырып бойынша ақпаратпен танысыңыз:

АҚПАРАТ БЛОГЫ

Жоспар:

-Зәр шығыру жүйесінің  бұзылуынын көріністері: зәрдің болмауы, зәрді ұстай алмауы, ісіктер, дизурия, полиурия, анурия, олигурия, гематурия, поллакиурия.

-Зәр шығыру жүйесінің  бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері.  

- мейіргерлік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу.

 -Қуықты катетерлеу түсінігі.

-Емшараны өткізу көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.

Зәр шығару жүйесінін қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік  үрдіс.

     Бүйрек аурулары себептерін, дамуын, клиникалық ағымын зерттейтін, оларды емдеу, алдын алу жолдарын қарастыратын ішкі аурулар бөлімі нефрология деп аталады. Урология зәр шығару жүйесінің хирургиялық ауруларын зерттейді.

Бүйректің негізгі қызметі – бөліп шығару. Бүйректер ағзадан суда еріген тұздарды, зат алмасу өнімдерін бөліп шығарады. Қалыпты жағдайда бүйрек несеп түзу мен бөлуден басқа  айналымдағы қан көлемін, кальций, фосфор және зат алмасуының барлық түрлерін, артериялық қысымды реттейді.

    Тәулік бойы бөлетін зәр мөлшері диурез деп аталады, қалыпты жағдайда ересек адамдарда диурез 1000-2000 мл болып, ішке қабылданған сұйықтықтың  50-80% құрайды. Сұйықтықтың қалған мөлшері өкпе арқылы (300-400 мл),тері арқылы (300-400-500мл) және  нәжіспен (100 мл) бөлінеді. Диурез көлемі мен мөлшері сұйықтық қабылдағанда ұлғаяды және керісінше,физикалық жүктемелерде, ыстық ауа райында, жоғары терлегіштік, құсқан кезде, іш өткенде т.б.төмендейді.

Дені сау адамдарда зәр қасиеттері: түсі – сабан сары (урохром пигметіне байланысты), иіссіз, мөлдір, тығыздығы(салмағы) тәулік бойы 1010 - дан 1026 -ға дейін, реакциясы – әлсіз қышқылды, тұздар – аз мөлшерде цилиндрлер, бактериялар болмайды.

        Несеп бөлу - ағзадан өмір сүру өнімдерін сыртқа шығарумен сипатталатын адамның физиологиялық қажеттілігі. Қуықта  250-450 мл зәр жиналған кезде зәр бөлуге қажеттілік сезімі пайда болады.

Зәр шығару жүйесі ауруларында науқастарда әр түрлі шағымдар байқалады. Оларға: ісіктер, зәр бөлінудің бұзылулары, бел аймағының ауырсынуы, қан қысымының көтерілуі т.б.жатады.

Зәр бөлінудің бұзылулары (дизуриялық бұзылулар):

1.Поллакурия  - зәр бөлінуінің жиілеуі:

- физиологиялық – жүктілік кезінде, көп мөлшерде суйықтық қабылдағанда, дене суықтағанда;

- патологиялық – қантты диабетте, қуықтың қабынуында, қуықтың қатерлі ісігінде.

2. Странгурия – ауырсынумен зәр бөліну. Қуықтың қабынуында, қуық мойны спазмымен, қуық немесе зәр шығару каналының ісіктеріне байланысты болуы мүмкін. Еркектерде – простата безі аденомасында.

3. Ишурия – жіті зәрдің тоқтауы, өзіндік зәрді сыртқа шығара алмау:

4. Полиурия – тәуліктік диурездің 2 л-ден басым болуы:

-физиологиялық – көп мөлшерде сұйықтық қабылдағанда;

-патологиялық – қантты диабетте, ісіктердің қайтуында.

5. Олигурия – тәуліктік диурездің 500 мл-ден кем болуы:

6. Анурия – зәр бөлінудің тоқтауы. Қан айналым бұзылуларында ( шок, тромбоз, коллапс), улануларда, ісік, тас, жарақат салдарынан несеп бөліну бұзылуларында байқалады.

7. Никтурия – түнгі диурездің күндізгіден басым болуы. Бүйрек қызметі бұзылуларында, жүрек жеткіліксіздігінде байқалады.

8. Зәрді ұстай алмау – физикалық күш түскенде, жөтелу, құрсақ ішілік қысым жоғарылағанда еріксіз аз мөлшерде несептің бөлінуі.Қуықтың қабынуында, простата безі аденомасында кездеседі.

Бүйрек гипертензиясында диастолалық қан қысымы жоғарылайды. Ол біраз уақытқа дейін пациентте еш қандай шағымдарға алып келмейді. Біраз уақыттан кейін бас ауыру, құлақтардың шуылдауы, кейде мұрыннан қан кету байқалады. Біртіндеп жүрек, бас, ми, көз түбі қантамырларында қайта қалпына келмейтін өзгерістер дамиды.

...

Скачать:   txt (39.3 Kb)   pdf (133.1 Kb)   docx (29.1 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club