Жедел энтерит
Автор: 87074100098 • Октябрь 5, 2018 • Реферат • 313 Слов (2 Страниц) • 754 Просмотры
Жедел энтерит — аш ішектің жедел ағымды қабынуы.
Этиологиясы. Энтеритті тырысқақтың вибрионы, іш сүзегінің таяқшасы, колибацилла, стафилококк пен вирустар қоздырады. Ол сепсистің, лямблиоз бен описторхоздыњ, әсіресе сальмонеллез бен ботулизм сияқты тағамдық уытты инфекциялардыњ салдары ретінде, химиялық заттармен және саңырауқұлақтармен уланғанда дамиды.
Энтерит тағамдық (алиментарлық) және аллергиялық (кейбір тағамдар мен дәрілерге идиосинкразия) әсерден де туындайтыны белгілі.
Патологиялық анатомиясы. Жедел энтерит көбіне катарлы, фибринді, іріңді, некрозды-ойық жаралы болады.
Ең жиі кездесетін энтерит — катарлы энтерит. Ішектің кілегейлі қабықшасы қан толып, сусіңділенеді, бетін ұйымалы, ұйымалы — шырышты немесе ұйымалы-іріңді экссудат жауып кетеді. Кілегейлі қабықшаның асты да сусіңділеніп, қабынады. Әсіресе бүрлерінің ұшындағы эпителий дистрофияға ұшырап, сыдырылады [катарлы түлемелі (десквамациялы) энтерит], бокалша клеткалар көбейіп ("бокалшаклеткалық трансформация)", ұсақ эрозиялар мен қанды ошақтар пайда болады.
Энтерит, әсіресе илеит фибринді болса, кілегейлі қабықша некрозға ұшырап, фибринді экссудат түзіліп, оның үстін боз немесе бозғылт сұр қабыршық басады. Некроз үстіртін болса, крупты энтерит, ал терең жайылса, дифтеритті энтерит дамиды. Кейін дифтеритті қабыршық сыдырылған жерлерде терең ойық жаралар қалыптасуы да мүмкін.
Іріңді энтерит кезінде ішектің бүкіл қабаты іріңдейді (флегмоналы энтерит) немесе лимфалық фолликулдардың маңында іріңдіктер түзіледі (апостемалы этерит).
Энтерит некрозды-ойық жаралы болса, деструкциялық
...