Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жедел обструктивті бронхит

Автор:   •  Ноябрь 15, 2022  •  История болезни  •  1,777 Слов (8 Страниц)  •  606 Просмотры

Страница 1 из 8

        Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Университеті

                                      [pic 1]

[pic 2]                        Ауру тарихы

 Кафедра: №1 Балалар аурулары, неонатологиямен

 Клиникалық диагноз: Жедел обструктивті бронхит

Кафедра жетекшісі: Жумалина А. К.

Тексерген куратор:Бегенов Г.Б.

 Факультет: Жалпы медицина

 Тобы: 418А

Орындаған:Құттыбала Диляра

                                   Ақтөбе 2022ж.

Паспорттық бөлім:

Аты-жөні:Бахитов Камил Рүстемұлы

Туған жылы:09.10.2021ж 1 жас 1 ай

Жынысы:ер

Ұлты:қазақ

Мекен жайы:улица 101 Стрелковой бригады,6 к 1

Ата-анасының аты-жөні:Ихсанова Гулдана

Ауруханаға түскен күні:26.10.2022ж

Түсу реті:жедел жәрдем

Түскен кездегі шағымдары:

Шағымдары: дене қызуы,ентігу,жөтел, мазасыздану,тәбеті нашарлауы,жалпы әлсіздік.

Негізгі шағымдары-дене қызуы,ентігу,жөтел

Қосымша шағымдары-мазасыздану,тәбеті нашарлауы,жалпы әлсіздік.

 

Anamnesis morbi:

26.10.2022ж дене температурасының  көтерілуі мен ентігу шағымдары бойынша түсте жедел-жәрдем арқылы “Көпсалалы қалалық балалар ауруханасына” жеткізілген.Анасы бұл шағымдарды салқын тиюмен байланыстырады.

Anamnesis vitae:

Ақтөбе қаласында дүниеге келген.Ер бала 6-шы жүктіліктен 38 аптада туылған.Оған дейін 3 аборт болған.Ешқандай асқынусыз босанған.Жүктілік кезінде анасы бронхит,пневмониямен ауырған.Туылған кездегі салмағы 2700гр,бойы 49см.Туған кезде бірден айғайлаған.Апгар шкаласы бойынша 7 балл.3 тәулігінде кіндігі түскен.4 аптада жарасы жазылған.Өздігінен емген.Екпелерді уақытылы алған.Осыған дейін 2-ші және 7-ші айлығында бронхит диагнозымен ауруханаға түскен.

Жанұя анамнезі:Отбасы толық.Үйінде 7 адам.Көп пәтерлі үйде тұрады.Үйге жарық жақсы түседі.Бала күтімі жақсы,тамақтануы тұрақты.Тұрмыс жағдайы жақсы.Ата-анасының зиянды әдеттері жоқ.Тұқым қуалаушылық аурулар жоқ.

Аллергиялық анамнез:тағамға,дәрілік заттарға аллергиялық реакция жоқ.

Status praesens:

Баланың жалпы жағдайы:қанағаттанарлық

Төсектегі қалпы:белсенді

Есі:айқын

Ұйқысы:қалыпты

Дене пішімі:нормостеникалық

Дене салмағы:10кг

Бойы:72см

Қарағанда:тері жабындылары қызғылт,таза.Терісінде бөртпелер,жарықтар,пиггментация және ісінулер жоқ.Склерасы ақ түсті.Тілі таза,ылғалды.

Тері асты клетчаткасы:қалыпты,біркелкі.Тургор сақталған.

Лимфа түйіндері:ұлғаймаған,ауырсынусыз,қалыпты.

Бұлшықет жүйесі:қанағаттанарлық дамыған,тонусы қалыпты,симметриялы,ауырсынулар жоқ.

Сүйек жүйесі:қалыпты,деформациясыз.

Буындарының конфигурациясы қалыпты.Кеуде қуысының пішіні ұлғаймаған.Аяқ ұзындықтары бірдей.

Тыныс алу жүйесі

Жалпы қарау:мұрын арқылы тыныс алуы еркін.Кеуде клеткасының формасы нормостеникалық,кеудесі симметриялы. Тыныс алу типі-аралас.ТАЖ-30 рет мин. Жөтел және экспираторлы ентігу.

 Пальпацияда:ауырсынусыз,кеуденің серпімділік қасиеті жақсы.

Аускультацияда өкпеде қатқыл тыныс,екі жақ өкпеде құрғақ сырылдар естіледі.

Жүрек-қан тамыр жүйесі

Жалпы қарау:артерияларда пульс симметриялы,ырғақты,біркелкі.Жүрек негізінде патологиялық пульсация байқалмайды.ЖСЖ минутына 128 рет.Артериялық қысым 110 70 мм.сын.бағ.бойынша.

...

Скачать:   txt (35.4 Kb)   pdf (175.8 Kb)   docx (268.7 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club