Жаңа туған нәрестелердегі сепсис
Автор: ulpan_97-11 • Октябрь 2, 2018 • Реферат • 2,999 Слов (12 Страниц) • 1,287 Просмотры
«Астана медицина университеті» АҚ
В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Жаңа туған нәрестелердегі сепсис.
Орындаған: Канди Ұ.
Тобы: 214
Факультеті: Жалпы медицина
Тексерген: Ерментаева Л.Н.
Астана-2017
Жоспар:
І Кіріспе.
ІІ Негізгі бөлім.
1.1. Жаңа туған нәрестелердегі сепсистің классификациясы.
1.2. Жаңа туған нәрестелердегі сепсистің этиологиясы.
1.3. Жаңа туған нәрестелердегі сепсистің патогенезі.
1.4. Жаңа туған нәрестелердегі сепсистің диагностикасы.
ІІІ Қорытынды.
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Мазмұны.
Жаңа туған нәрестелердегі сепсис туралы жалпы мәліметтер......................4
Жаңа туған нәрестелердегі сепсистің классификациясы...............................5
Жаңа туған нәрестелердегі сепсистің этиологиясы........................................6
Жаңа туған нәрестелердегі сепсистің патогенезі.........................................7-8
Жаңа туған нәрестелердегі сепсистің диагностикасы.................................8-9
Қорытынды.......................................................................................................10
Кіріспе
Мен нәрестелердегі сепсис тақырыбын өзімнің болашаққа таңдаған мамандығыма, яғни педиатрияға байланысты болғандықтан таңдадым. Оған қоса, бұл тақырып айтарлықтай күрделі себебі қазіргі сәтте сепсис патогенезі толығымен зерттелмегенімен оны өз жұмысымда нақты сипаттауға тиістімін.
Менің жұмысымның мақсаты тақырыпты толығымен ашу, пайдаланылған көптеген әдебиеттерді дұрыс жүйелеу, сонымен қатар атқарылған еңбегіме сай жоғары баллға қол жеткізу.
Өз мақсатым жүзеге асу үшін келесі талаптарды орындадым:
- Әр түрлі мақалалардан (журналдар, қолжазбалар және т.б.) сонымен қатар шетелдік әдебиеттерден мәліметтерді дайындап жинадым;
- Көптеген ақпараттың ішінен қазіргі таңда маңызды әрі пайдалысын таңдадым;
- Өзім іріктеген информацияны жақсы жұмыс жасап шығару үшін жүйеледім.
Зерттелетін тақырыптың актуалдылығы:
Жаңа туылған нәрестелердің жұқпалы-қабынбалы дерттері заманауи неонтологияның актуалды мәселесі болып қалуда. Инфекциялық патология қайтыс болған нәрестелердің 1/3-нің өлімінің немесе ауруы асқынуының негізгі себебі болып саналады{6}.
Сепсис кезіндегі ауру мен өлім деңгейі дерттің эпидемиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Оның үстіне ауру мен өлім деңгейі гестация уақытына тікелей байланысты. Диагностика критерийлері анық емес, себебі, нәрестелердегі сепсис жиілігі туралы нақты ақпарат жоқ. Әлемдік статистикаға сүйенсек, жиілігі 0,1-0,8%-ды құрайды. Науқастардың арасында көпшілігі шала туылған және реанимация бөлімшелерінде жатқан сәбилер. Қан арқылы жұққан кезде өлім-жітім деңгейі 30-40%-ды құрайды{13}.
Жаңа туған нәрестелердегі дерттік актуалдылық бір жағынан жүкті әйелдер мен босанатын әйелдердің созылмалы және жедел жұқпалы ауруларына байланысты болса, екінші жағынан сепсис қоздырғыштары госпитальдық инфекциялардың эпидемиологиялық маңызды формалары болып табылады.
Жаңа туған нәрестелердегі сепсистен болған өлім-жітім мен дерттілік «жоғары қауіпті» деп аталатын топтан және іріңді-септикалық аурулар қауіптілігінен әлдақайда жоғарырақ{14}.
Берілген тақырыпты біздің уақытымызда өте маңызды деп есептеймін. Бұған себеп бар, соның ішінде науқастардың саны өсуі, уақытылы диагностика жасаудың қиындығы, барлығы келіскен классификацияның жоқтығы, нәрестелердің жоғары деңгейдегі өлім-жітімі, емделуге деген айтарлықтай экономикалық шығынның болуы.
...