Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жалпы микробиология. Микроағзалардың жүйесі мен классификациясы

Автор:   •  Октябрь 30, 2023  •  Контрольная работа  •  13,435 Слов (54 Страниц)  •  191 Просмотры

Страница 1 из 54

ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ

2 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН

ЖАЛПЫ МИКРОБИОЛОГИЯ БОЙЫНША

СОӨЖ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫ

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

        

Алматы 2015

Қысқартулар тізімі

НҚ- нормативтік құжаттама

СанЕН-санитарлық ережелер және қағидалар

ДДСҰ-дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

ПБА-патогенді биологиялық агенттер

СЭСО-санитарлы-эпидемиологиялық сараптама орталығы

ҚКА-қалалық клиникалық аурухана

МО-медициналық орталық

ЕПМ-емдеу-профилактикалық мекемелер

БТК- бірлік түзуші колониялар

АҚИ-аса қауіпті инфекция

ПОҚ-педогогикалық оқытушылық құрам

СКМ-санитарлық-көрсеткішті микроорганиздер

АІИ- ауруханаішілік инфекция

МS-микроскопиялау

ШПМ-шартты-патогенді микроорганизмдер

СЕ-санитарлық ережелер

Тақырыбы: Жалпы микробиология. Микроағзалардың жүйесі мен классификациясы. Бактериялардың морфологиясы. Жағынды дайындаудың техникасы. Бояудың қарапайым әдістері.Грам әдісі бойынша бояу.  

Міндеттері:

  1. -бактериологиялық препараттарды дайындау техникасы бойынша студенттердің білімін қалыптастыру;
  2. - бактериологиялық препараттарды бояудың қарапайым  әдістерімен таныстыру және студенттердің меңгеріп алуына үйрету.
  3. - Грам әдісі бойынша бояудың маңызын және оны орындау техникасы туралы білімін жетілдіру;
  4. –аталған әдістердің кемшіліктері мен қолдану аясы және оның құндылықтарымен таныстыру;

Әртүрлі формадағы бактериялардың

морфологиясын зерттеу үшін қажетті:

  1. Дайын жағындылар:
  • стафилококк
  • стрептококк
  • ішек таяқшасы
  • антракоид
  • актиномицеттер
  • вибрион
  1. Микроскоп
  2. Иммерсионды май

Микроскопиялық зерттеу техникасы төмендегі негіздерге сүйенеді:

  1. Микроскоптаудың мақсатын анықтау.
  2. Микроскопты дұрыс қосу. Жарықты қажетті қарқындылыққа дейін реттеу.
  3. Препаратқа бір тамшы иммерсионды майдан тамызу.
  4. Препаратты зат үстелшесінің ойығына сәйкес келетіндей етіп дұрыс қою және ұстағышпен нықтау.
  5. Окуляраралық қашықтықты екі окулярдан тек бір ғана дөңгелек бейнені көре алатындай етіп жөнге келтіру. Окулярдың биіктігін бақылаушының өзіндік ерекшеліктері бойынша окулярлық тубусты жоғары төмен айналдыру арқылы лайықтау.
  6. Объективті дұрыс таңдау және орнату.  
  7. Жағындыны орта тұсқа объективпен сәйкес келгенше зат үстелшесін жөнге келтіру.
  8. Бүйірлік көру бойынша бақылай отырып, объектив толығымен майға батқанша макровинтпен жаймен үстелшені көтеру
  9. Макровинтпен тұспалды жөнге келтіру.
  10. Микровинтпен суреттің анықтығын қою, оқытушыға көрсету.
  11. Бактерияның тикнториальдық қасиетін және морфологиясын сипаттау.
  12. Тубуспен объективті көтеріп, препаратты алып тастау. Револьверді бейтарап жағдайға қою. Объективті салфеткамен (майлықпен) сүрту

Жабдықталуы:

  1. Микроскоп  -  2 дана
  2. Иммерсионды май
  3. Дайын жағындылар

Тығыз қоректік ортадан жағынды дайындаудың техникасы

  1. Жағындыны дайындаудың мақсатын анықтау.
  2. Спиртшамды жағу.
  3. Зат әйнекшесін екі жағынан салфеткамен (майлықпен) сүрту.
  4. Зат әйнекшесін екі жағынан майсыздандыру.
  5. Стеклографпен (шыныжазбамен)1х2см. көлемінде шеңбер жасау.
  6. Әйнекшенің шеңбер сызылған жағын төмен қаратып көпірдің үстіне қою.
  7. Шеңбердің ортасына бак.ілмекпен физ.ерітіндінің бір тамшысын тамызу. Оң қолға ілмекті жазатын қалам сияқты ұстау, және спиртшамның жалынына ілмекті залалсыздандыру. Дақылы бар пробирканы сол қолға горизонтальді-иілген түрде бас бармақ, екінші және үшінші саусақ аралығында ұстау.   Оң қолдың бесінші саусағымен (кішкентай бөбек) мақталы тығынның сыртқы аймағынан қолдың алақан беткейіне тығыз ұстап, пробиркадан тығынды суырып алу. Спиртшамының жалынына прбирканың шетін күйдіру. Ілмекті пробиркаың қабырғасында суыту. Дақылды ілмекпен алу, физ.ерітіндінің тамшысына шеңбердің барлық бойына біркелкі үлестіру.
  8. Ілмектегі дақылдың қалдығын спиртшамның жалынына жағу.
  9. Жағынды препаратты 20 см. биіктікте ұстау арқылы жылы ауа ағынында кептіру. Спиртшамның жалынында. Кепкен жағынды күңгірт (матовый) болады.
  10. Препаратты бекіту: Бас бармақпен және сұқ саусақпен әйнекшенің шетінен жағындыны жоғары қаратып ұстау және спиртшамының жалынының ортасынан үш рет 3-5 секунд аралығында өткізу.

Жабдықталуы:

  1.  Зат әйнекшесі – 12 дана
  2.  Дәкелі салфетка (майлық) – 12 дана
  3.  Стеклограф (шыныжазба)– 12 дана
  4.  Физиологиялық ерітінді– 6 фл.
  5.  Бактериологиялық ілмек– 12 дана
  6.  Қиғаш агарда ішек таяқшасы мен антракоид дақылдары– 6 дана
  7.  Спиртшамы спиртпен– 6 дана
  8.  Сіріңке (шырпы)
  9.  Кювет – 6 дана
  10.  Көпір- 6 дана
  11.  Штативтер– 6 дана

Сұйық қоректік ортадан  жағынды дайындаудың техникасы

  1. Жағындыны дайындаудың мақсатын анықтау.
  2. Спиртшамды жағу.
  3. Зат әйнекшесін екі жағынан салфеткамен (майлықпен) сүрту.
  4. Зат әйнекшесін екі жағынан майсыздандыру.
  5. Стеклографпен (шыныжазбамен)1х2см. көлемінде шеңбер жасау.
  6. Әйнекшенің шеңбер сызылған жағын төмен қаратып көпірдің үстіне қою
  7. Оң қолға ілмекті жазатын қалам сияқты ұстау, және спиртшамның жалынына ілмекті залалсыздандыру. Дақылы бар пробирканы сол қолға горизонтальді-иілген түрде бас бармақ, екінші және үшінші саусақ аралығында ұстау.   Оң қолдың бесінші саусағымен (кішкентай бөбек) мақталы тығынның сыртқы аймағынан қолдың алақан беткейіне тығыз ұстап, пробиркадан тығынды суырып алу. Спиртшамының жалынына прбирканың шетін күйдіру. Ілмекті пробиркаың қабырғасында суыту. Дақылды ілмекпен алу, физ.ерітіндінің тамшысына шеңбердің барлық бойына біркелкі үлестіру.
  8. Ілмектегі дақылдың қалдығын спиртшамның жалынына жағу.
  9. Жағынды препаратты 20 см. биіктікте ұстау арқылы жылы ауа ағынында кептіру. Спиртшамның жалынында. Кепкен жағынды күңгірт (матовый) болады.
  10. Препаратты бекіту: Бас бармақпен және сұқ саусақпен әйнекшенің шетінен жағындыны жоғары қаратып ұстау және спиртшамының жалынының ортасынан үш рет 3-5 секунд аралығында өткізу.

Жабдықталуы:

  1. Зат әйнекшесі – 12 дана
  2.  Дәкелі салфетка (майлық) – 12 дана
  3.  Стеклограф (шыныжазба) – 12 дана
  4.  Бактериологиялық ілмек– 12 дана
  5.  Ет-пептонды сорпада стафилококк – 6 проб.
  6.  Спиртшамы спиртпен – 6 дана
  7.  Сіріңке (шырпы)
  8.  Көпірі бар кювет – 6 дана
  9.  Штативтер – 6 дана

Қарапайым әдіспен бояу

        Қарапайым әдіс бойынша бояу үшін бояғыштың бір түрі ғана қолданылады.

  1. Ішек таяқшасының дақылынан дайындалған бекітілген жағындыға Пфейффер фуксинін жағу  және 1-2минут ұстау. Сумен шаю және сүзгіш қағазбен кептіру. Бактериялар күлгін түске боялады.

Жабдықталуы:

  1. Студент дайындаған ішек таяқшасының дақылы, бекітілген жағындыда
  2. Пфейффер фуксині – 6 проб.
  3. Үлкен флакондағы су – 6 дана
  4. Сүзгіш қағаз – 6 дана
  5. Көпірі бар кювет – 6 дана
  6. Штативтер – 6 дана
  7. Микроскоп
  8. Иммерсионды май

  1. Антракоид дақылынан дайындалған бекітілген жағындыға метилен көгін жағу және 3-5 минут ұстау. Сумен шаю және сүзгіш қағазбен кептіру. Бактериялар көк түске боялады.

Жабдықталуы:

  1. Студент дайындаған антракоид дақылы, бекітілген жағындыда
  2. Метилен көгі– 6 проб.
  3. Үлкен флакондағы су – 6 дана
  4. Сүзгіш қағаз – 6 дана
  5. Микроскоп
  6. Иммерсионды май

Грам әдісі бойынша бояу  үшін қажетті:

        Грам әдісі бойынша бояу үшін стафилококк және ішек таяқшасы дақылы қоспасынан жағынды даярлау қажет. Жағынды сұйық қоректік ортада препаратты дайындау әдістемесі бойынша жасалады.  (қара.сұйық орта қадамдарынан)

...

Скачать:   txt (177.9 Kb)   pdf (761.6 Kb)   docx (987.9 Kb)  
Продолжить читать еще 53 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club