Гинекологиялық ауруларды емдеу кезінде физиотерапиялық әдістірді қолдануға көрсеткіштері мен принциптері
Автор: murager • Сентябрь 14, 2018 • Реферат • 1,096 Слов (5 Страниц) • 2,017 Просмотры
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Интерннің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Гинекологиялық ауруларды емдеу кезінде физиотерапиялық әдістірді қолдануға көрсеткіштері мен принциптері.
Орындаған: Мәлкайдар Жадыра Тобы: 766 Тексерген: Түсіпқалиев А.Б.
Ақтөбе, 2017ж
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Физиотерапия мақсаты
б) Физиотерапия көрсеткіштері
в) Қарсы көрсеткіштері
ІІІ. Қорытынды
ІУ. Пайдаланылған әдебиеттер
Акушерлік – гинекологиялық мәселе кезінде қолданылатын физиоемдік комплекстер реподуктивті денсаулықты сақтап, әйел жағдайының жақсаруына көмектеседі.
Физиотерапия – қазіргі таңда гинекологиядағы профилактика және ем ретінде қолданатын маңызды әдіс болып табылады. Физиотерапиялық процедуралар әйел организіміне максимальды эффект көрсетеді.
Физиоемнің өзіндік мақсаттары бар:
ауырсыздандыру;
қан және лифма айналымын жақсарту;
гормональды фонды қалыптастыру;
мүшелердің функцияларын қалыптастыру;
жабысқақтардың алдын-алу;
тіндерде зат алмасуды жақсарту;
клеткалық иммунитетті стимуляциялау;
қабыну процестерінің активтілігін төмендету;
организмнің қорғаныс қасиетін жоғарлату.
Физиоемнің препаратпен қатар қолданылып жатады, мысалы, нафталан жақпамайы. Жыныс жолдарының қабыну ауруларында, менструальды қызметтің бұзылысында қолданылады. Мақталы мәрліні нафталанмен жағып, қынапқа тампон ретінде 50-60 минут енгізіп қояды. Бұл терапияның емдік курсы 12-15 процедурадан тұрады. 3-4 процедурадан кейінде науқастың ауырсынуы төмендеп, өзін- өзі сезуі жақсарып жатты. Осы курсты алған 86% әйелдер қабынуға қарсы эффект алған. Әйелдерде менструальды циклдің ұзақтығы қалыптастырылып, 90% әйелдерде предменструальды синдром азайған.
Сонымен қатар физиоемнің мынадай қасиеттері бар:
*сауығып кету мерзімді қысқартады;
*рецидив пен асқынулардың алдын-алады;
*медикаменттеррмен, басқада процедуралармен, мануальды методикамен бірге жағымды әсер көрсетеді;
*организмдегі дәрілік күштемені төмендетеді;
*әсер етуден кейін ұзақ эффект көрсетеді, бірнеше аптадан жарты жылға дейін.
Көрсеткіштер:
хирургиялық , гинекологиялық араласулар, соның ішінде жатыр қуысын қыру мен аборттардан кейінгі қалыпқа келтіру;
бедеулік ;
жатыр мен оның қосалқыларының созылмалы қабыну прцесстері;
жабысқақ процесстер;
менструальді цикл бұзылысы;
гормональды бұзылыс;
созылмалы жамбас аурусынуы;
ЭКО алдындағы эндометрия дайындығы;
түсік немесе өлі жүктілікпен болған әйелді жүктілікке дайындық пен реабилитациясы;
Бұдан басқа емді осы жағдайларға жүргізу мүмкін:
жүктілік кезінде – жатыр тонусын төмендету үшін, токсикоз кезінде немесе ұрыққа жағымсыз әсерлерді төмендету мақсатында бірнеше дәрілік заттарды енгізу үшін қолданады;
босанған кейін асқынуларды төмендету
...