Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«В» және «С» вирусты гепатиті

Автор:   •  Сентябрь 24, 2021  •  Реферат  •  2,514 Слов (11 Страниц)  •  336 Просмотры

Страница 1 из 11

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Қан арқылы жұғатын жұқпалы ауру

1.1 СПИД

1.2 СПИД-тің жалпы анықтамасы

  1. СПИД-тің жұғатын жолдары

1.4 СПИД ауруларының белгілері

2. «В» және «С» вирусты гепатиті

2.1 «В» және «С» вирустық гепатитті алдын алу

2.2 Созылмалы вирусты гепатит

2.3 Клиникалық көрінісі

Қорытынды

Кіріспе

Қан арқылы жұғатын аурулар көбінесе СПИД, «В» және «С» т.б. СПИД вирус арқылы жұғады. Ол вирустар көзге көрінбесе де, адамның қанындағы антиденелерді өлтіреді. Егер антиденелер өлсе, онда адамның иммундық жүйесі бұзылады. Ондай адамдар ауруға тез шалдығады. Жұқтырылған вирус өзін үш айға дейін ұстатпайды. Сондықтан оны тек дәрігер қанды толық зерттеген кезде ғана тауып алады. СПИД вирусы тек Осы аурудың аты шығып, анықталғаннан кейін-ақ оған әлемдегі БАҚ өкілдері “ХХ ғасырдың індеті”, “ғасыр обасы” деген ат қойып, оны жұқтырған адамдар санаулы жылдардың ішінде-ақ іріп-шіріп өледі деген түсінік тарата бастады.

БҰҰ-ның СПИД жөніндегі Бірлескен бағдарламасы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары да, СПИД індетінің 2005 жылғы жағдайы жайында есеп-дерегін жария етті. Олардың мәліметтеріне қарағанда, былтырғы жылғы көрсеткіш 37,5 млн. болса, ал 2005 жылы дүниежүзі бойынша ВИЧ пен СПИД жұқтырғандардың саны 40 миллион адамнан асып жығылған. Сонымен қатар 3,1 миллион адам, оның ішінде 570 мың бала осы дерттен көз жұмған екен. Бір айта кетерлігі, әлем бойынша аталмыш індеттен ең көп зардап шеккен аймақ Африка мен Сахараның оңтүстік аймақтары, мұнда ауруды жұқтырғандардың 65 пайызы тұрады екен.

Алматыдағы СПИД орталығының деректеріне қарасақ, қазіргі жағдаймен бағалағанда Қазақстанда 12-14 мыңдай адам ВИЧ диагнозымен өмір сүріп жатыр. Шамамен деп отырғанымыз, осы уақытқа дейін, мәселен алматылықтардың 10 пайызы ғана тексеруден өткен. Оңтүстік астанамызда бүгінге дейін ВИЧ диагнозы 1400 адамға қойылған. Олардың жас шамасы 19-49 аралығын құрайды. Биылғы жылдың 1 қазанына дейін елімізде 6 943 жанның ВИЧ жұқтырғандығы тіркеліп, оның 426-сы СПИД-пен ауыратындығы анықталып отыр.

ХХІ ғ. В вирустық гепатиттің қатері ЖТҚА індетінен де кем болмауы мүмкін. Тек ЖТҚА індеті сирек, ал, В вирустық гепатит кең таралған. Аталған індетпен 20-40 аралығындағы жастылар жиі ауырады. Әдетте, В вирустық гепатит тіс дәрігердің немесе гинекологтің сәтсіз емінен, сондай-ақ зарарсызданбаған «шприцтік гепатиттен» пайда болады. Жұқтырудың өзге  жағдайлар: шаштаразда, сән салонында және басқа да тұрмыстық қатынас арқылы. Сонымен қатар, В вирустық гепатиті нашақорлар мен гомосексуалистер арасында кең таралған.

«Миірімді жендет» деп С вирустық гепатитті осылайша атайды. Клиникалық С вирустық гепатит жеңіл өтеді. 100 адамнан-1 ғана өлім. Бірақ, бауырдың асқынған, созылмалы ауруына жиі әкеп соқтырады. Ауру,- сары ауруының айқын белгілерімен өтуі мүмкін. Дерттің ең негізгі симптомы- шаршаңдық. Ауру көлемінің 50% жуық қан құйылуынан жұғады.

Негізгі бөлім

1. Қан арқылы жұғатын жұқпалы ауру

1.1 СПИД

1.2 СПИД-тің жалпы анықтамасы

1978 жылы АҚШ-тың Танзания штатында осы аурудың белгілері бар бірнеше пациент тіркеліп, бұл ауруға 1982 жылы СПИД деген атау мен анықтама беріледі. 1985 жылы ғалымдар СПИД ауруын қоздыратын НІҮ вирусының құрылымын анықтаған. Міне осы кезден бастап әлем кеңістігіне тарап кетті.

СПИД-пен ауырған адамның қанындағы ВИЧ-ке деген анти-денешікті табуға ыңғайланған бірнеше тәсілдерді қолданады.

Осы кезде СПИД-пен ауыратын адамдардың саны жер жүзі бойыншада, Қазақстан Республикасы көлемінде де жылдан-жылға көбейіп келеді. Бұлардың көбі жас адамдар тіпті жиырма жасқа толмағандар да бар. СПИД-пен ауырмау үшін профилактикалық шараларды қатаң сақтап отыру керек.

Нәпсілік катынас және денсаулық. Дені сау адамда беліілі бір деңгейде нәпсілік кернеу болады. Оны — нәпсі кұмар-лық деп атайды. Нәпсі құмарлық — тұлғаның құрамдас бір бөлігі, жақындықтың жолы, әрбір адамның өзін таныстыратын және басқа жыныс өкілдерінің биологиялық — физиологиялық ерекшелігін білудің тәсілі.

...

Скачать:   txt (38.4 Kb)   pdf (200.9 Kb)   docx (48.2 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club