Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Биологиялық мембрана

Автор:   •  Сентябрь 24, 2021  •  Реферат  •  1,236 Слов (5 Страниц)  •  608 Просмотры

Страница 1 из 5

     Реферат

Орындаған:Нұрсұлтан М

Қабылдаған:

Биологиялық мембрана — клетканың және клетка ішіндегі бөлшектердің (ядро, митохондрии, хлоропластар, пластидтер) бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі (қалыңдығы 5 — 10 нм), белокты-липидтік құрылымды жұқа қабықша. Биологиялық мембрана өткізгіштік қасиетіне байланысты клеткада тұздардың, қанттың, амин қышқылдарының, иондардың, т.б. заттардың алмасу өнімдерінің концентрациясын, олардың тасымалын және алмасуын реттейді. Клетканың протоплазмасын қоршап тұрған биологиялық мембрана клеткалық мембрана деп аталады. Клеткалық мембрана қос қабатты белокты-липидті молекулалардан тұрады. Биологиялық мембрананың құрылымы мен ерекшелігі туралы нақты ғылыми мәліметтер 20 ғасырдың басында белгілі болды

  • 1902 ж. неміс ғалымы Э. Овертон мембрананың құрамында май тектес заттар болады деген пікір айтты.
  • 1926 ж. америкалық биологтар Э. Гортер мен Ф.Грендел адам эритроцитінің қабықшасынан сол затты бөліп шығарды.
  • Ал 1935 ж. ағылшын ғалымдары Л.Даниелли мен Г.Даусон және америкалық биолог Дж. Робертсон биологиялық мембрананың құрылымдық моделін ұсынды. Кейін электрондық микроскоп және рентгендік анықтау әдістерін қолдану нәтижесінде клетканың барлық бөліктеріндегі биологиялық мембрана табиғатының ұқсас болатыны анықталды.

Биологиялық мембрананың түрлері

  • Жасушалық мембрана
  • Жасушаішілік мембраналар
  • Базальды мембрана

Мембрана негізінен екі  маңызды қызмет атқарады: матрицалық, барьерлік (кедергі). Әр түрлі қызмет атқаратын белоктарды ұстап тұратын, керексіз бөлшектерді енгізбей жасуша мен жеке омпартаменттерді қорғаушы. Мысалы, улы зат ішкен кезде.

       Биологиялық мембрана —  аса күрделі құрылымды зат. Оның құрамында ферменттік белоктар, ерекше рецепторлар, электрондарды тасымалдаушы, энергияны өңдеуші құрылымдар сонымен қатар гликопротеиндер  мен гликолипидтер болады. Мембраналық белоктардың көпшілігі мембрананы тесіп өтіп орналасса, ал кейбірі оған жартылай ғана еніп немесе жанасып жатады. Мембраналық белоктар түрлі қызмет (мысалы, гликопротеиндер антиген рөлін) атқарады. Кейбір химиялық реакциялар (мысалы, хлоропластарда жүретін фотосинтездің жарық реакциялары немесе митохондриидағы тотыға фосфорлану процесі) биологиялық мембрананың өзінде жүреді. Сондай-ақ, биологиялық мембрана клетканы қоршап, сыртқы ортадан оқшаулауы арқылы клетканың морфологиялық тұтастығын сақтайды. 

   Мембрананы құрайтын липид молекулалары амфипатикалық қосынды  болып келеді.

Қызметі жағынан:

  • Полярлық (гидрофильды) “бастары”
  • Гидрофобты “құйрықша”

Екі қабатты липидтік қабат  екі жеке моноқабаттардан құрылады Гидрофобты “құйрықшалары” ішке бағытталады. Бұл кезде молекуланың гидрофобтық бөліктерінің сумен жанасу беті ең аз болады.

Кез келген мембрананың негізін  екі қабаттық липидтер құрайды.

Мембраналық липидтер 3 негізгі класқа бөлінеді:

  • фосфолипидтер
  • гликолипидтер
  • стероидтар

Фосфолипидтердің тығыздығы  фосфолипидтер құрамына қандай май  қышқылдарының енуіне байланысты болады.

Холестерин – стероидтар мембрана тығыздығына әсер етеді.

...

Скачать:   txt (17.6 Kb)   pdf (76.5 Kb)   docx (150.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club