Биологиялық мембрана
Автор: Ilyas020314 • Сентябрь 17, 2019 • Доклад • 408 Слов (2 Страниц) • 776 Просмотры
Биологиялық мембрана
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Биологиялық мембраналар
Биологиялық мембраналардың түрлері
Биологиялық мембрананың моделі
Мембрананың қасиеттері мен параметрлері
Иондық каналдар
Орытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Әрбір клетка негізінде ядро мен цитоплазмадан және пішіні, көлемі, құрылысы, химиялық қасиеті, атқаратын кызметі әр түрлі структуралық заттардан тұрады (1-сурет).
Цитоплазма(грекше "цитос" — ыдыс (клетка), "плазма" — жасалған, қалыптасқан) — өсімдік және жануарлар клеткасы протоплазмасының ядро мен қабықшадан басқа барлык элементтері болатын клетка құрамы. Цитоплазма гиалоплазмадан, органоидтардан және уақытша құрамдардан тұрады. Онда белоктар синтезі және клеткаға тән басқа зат алмасу процестері жүреді. Ядро мен органоидтардың өзара әсерін және қатынасын қамтамасыз етеді
.
1-сурет. Электрондық микроскоптағы клетканың көрінісі.
1 — плазмалық мембрана;
2 — ядро;
3 — цитоплазма;
4 — ядрошық;
5 — ядроның саңылаулары;
6— центриоль;
7 — май тамшысы;
8 — лизосома;
9 — микротүтікшелер триплеттері;
10 — Гольджи копмлексі;
11 — пиноцитоздық қуыс;
12 — талшықты аймақ;
13 — жылтыр эндоплазмалық ретикулум;
14 — коршалған торсық;
15 — митохондрия;
16 – рибосомалар.
Клетка сыртқы ортадан биологиялық мембрана қабатымен қорғалған. Сыртқы мембранасының (75 А° шамасындай) сыртқы және ішкі екі қабаты белоктардан, ал үшінші ортаңғы қабаты майларданы құралған саңылаулармен бөлінген.
Биологиялық мембраналар
2-сурет. Биологиялық мембрана (көлденең кесіндісінін сызба-нұсқасы):
1-фосфолипидтердің
...