Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бағаналы жасушалар

Автор:   •  Ноябрь 22, 2018  •  Реферат  •  2,427 Слов (10 Страниц)  •  2,841 Просмотры

Страница 1 из 10

       “Астана медицина университеті” АҚ
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы:  Бағаналы жасушалар

Орындаған: Мырзалиева А.

Топ: 126 ЖМ

Тексерген: Тулепбергенова С.А

                 Астана 2018

М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе.......................................................................................................................3

1.Бағаналық жасушалардың ғылымдағы әлеуеті және маңызы......................................................................................................................4

1.1.Бағаналық жасушаларға қатысты ізденістер..................................................4

1.2.Бағаналық жасушалардың қасиеттері.............................................................6

1.3. Дифференциялану қабілетіне байланысты бағаналық жасушалар

2. Бағаналық жасушалардың классификациясы...................................................7

2.1. Эмбриональды бағаналық жасушалар............................................................8 2.2.    Фетальды бағаналы жасушалар...................................................................8

2.3.Постнатальды бағаналы жасушалар................................................................8

Медициналық маңызы.............................................................................................................9

Қорытынды............................................................................................................10

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................11

КІРІСПЕ

Бағаналық жасушалар - маманданбаған, сирек бөліну арқылы сан тұрақтылығы өздігінен реттеліп отырылатын жас жасушалар популяциясы

Ең алғаш рет 1908 жылы ғылымға «бағаналы жасуша» терминін гистолог Александр Максимов(1874—1928) енгізген болатын. Сүйектің қызыл кемігінде арнайы екіге бөлініп отыратын жасушалар болады. Әр бөлінген сайын екі                       жасушадан пайда болып отырады, біріншісі – өзінің қызметін жалғастырып қан жасушасына айналады, ал екіншісі өсіп, қайтадан екіге бөлініп отырады. Бөлінетін жасуша «Баған» түзеді, сол бағанадан әр циклде «бұтақтар» түзіледі сол бұтақтардан қан жасушалары түзіледі. Сондықтан бұл жасушаларға «Бағаналы» жасушалар деген атау берілген.

1978 жылы ұрықжолдас қанының құрамында гемопоэтикалық бағаналы жасушалардың бар екені анықталды.

Ал 1981 жылы Мартин Эванс ең алғаш болып тышқандардың бластоциттерін, яғни бағаналы жасушалардың дифференцацияланбаған плюрипотентті тармағын алды. Туннельдің қабырғасын бір-біріне қиғаштай түйісе орналасқан пішіні призмалық сыртқы және ішкі бағаналық жасушалардан тұрады. Ішкі бағаналық жасушалармен қатарласа бір қатар ішкі фалангалық, олардың үстінде алмұрт пішінді ішкі сенсорлық қылшықты жасушалар орналасады. Сыртқы бағаналық жасушаларға жанаса үш қатар сыртқы фалангалық тіректік жасушалар, олардың үстінде үш қатар цилиндр пішінді сыртқы қылшықты жасушалар болады.

Базальды мембранада бұлардан басқа сыртқы фалангалық жасушалар да болады. Олар сыртқы бағаналық жасушаның жанында 3-4 қатар құрап орналасады.

Тіндердің құрамында дің (бағаналық) және дифференцияланған жасушалар болады. Дің немесе камбиальдық жасушалар қоршаған ортаның әсеріне орай әртүрлі бағытта дифференциялану қабілеті бар жасушалар ұрпағын бере алатын сирек бөлінетін жасушалардың популяциясы болып табылады.

        Жұмысымыздың негізгі мақсаты - бағаналы жасушалардың қазіргі ғылымдағы рөлін, зерттелуін, маңызын саралау болып табылады. Осы мақсатқа сай мынандай міндеттерді шешу көзделді:

- бағаналық жасушаларға қатысты ізденістерге шолу жасау;

- бағаналық жасушалардың қасиеттеріне тоқталу;

- бағаналық жасушалардың классификациясын талдау, оның ішінде эмбриональды бағаналық жасушалардың, фетальды бағаналы жасушалардың, постнатальды бағаналық жасушалардың ерекшеліктерін айқындау көзделді.

1.Бағаналық жасушалардың ғылымдағы

әлеуеті және маңызы

  1. Бағаналық жасушаларға қатысты ізденістер

Бағаналық жасушалардың ғылымдағы әлеуеті мен маңызы зор. Қазіргі таңда ғылымның дамуы негізінде инсультпен ауырған адамдарды бағаналы (өзекті) жасушалармен емдеу мақсатында ReNeuron британ биотехнологиялық компаниясы және Шотландия дәрігерлер ұжымы клиникалық сынақ жүргізіп жатыр. Аталған әдіс, адам эмбрионынан алынған миллиондаған жүйке бағаналы жасушаларын науқастардың миына егуге арналған. Мидың инсультпен зақымданған аумағын бағаналы жасушалар қалпына келтіреді, пациенттің психикалық және физикалық қызметін жақсартады.

...

Скачать:   txt (39.2 Kb)   pdf (259.5 Kb)   docx (62.2 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club